Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева



жүктеу 172.36 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.02.2017
өлшемі172.36 Kb.

Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын  

шығармашылығының зерделенуі 

 

А.К.Жундибаева, 

докторант 

Қазақстан, Түркістан 

 

Қазақ  әдебиетін  Хәкім  Абайдан  кейінгі  дәуірде  ӛз  ақындық  үнімен  ӛрнектеген, 

барлық  замандарға  азық  болатын  асыл  қазына  қалдырған    ақын,  данышпан  Шәкәрім 

Құдайбердіұлының  шығармашылығы  халықтың  рухани  ғұмырнамасындағы  ең  ізгі 

дәстүрлерді сіңіріп, ұлы сабақтастықты жалғаған жауһар мұралардың бірі. 

«Шәкәрім  ӛздігінен  ақын,  ойшыл,  қаламгер  болып  туа  қалған  жоқ.  Оның  алдында 

сонау  түркі  дәуірінен  бері  қарай  кӛш  түзеген  ұлттық  әдебиеттің  терең  шежіресіндегі 

қатпар-қатпар  әдеби-кӛркем  дәстүрлерге  бай  белес-белес  кезеңдер  тұрды.  Шәкәрімнің 

негізгі нәр алған бастаулары да, ұлағатты ұстаздары да – осы дәстүрлер болды» [1, 44]. 

Шындығында  Шәкәрім  мұрасы  –  аса  кернеулі,  заңғар  маңызды,  салиқалы  да 

сындарлы,  мазмұнды  мұра.  Ендеше  оны  зерттеу  бір  күннің,  бір  жылдың  емес,  заманалар 

еншісінде [2, 212]. 

Шәкәрім шығармашылығының арнасы кеңдігі соншалық, бүгінгі қазақ әдебиетінде  

ӛзіндік жеке шәкәрімтану іргетасын қалады.  

Шәкәрім  шығармашылығы  бойынша  тек  әдеби    жағынан  ғана  емес,    пәлсапалық,  

педагогикалық, психологиялық, тілдік жағынан қарастырылып, зерттелген  түрлі еңбектер 

қазақ ғылымының ернеуін кеңейтті.  

Шәкәрімтану – ақын ӛмірі мен шығармашылығына байланысты ғылыми бағыт.  

Тарихқа  кӛз  жіберсек,  қазақ  әдебиетінде  де,  ӛзге  ел  әдебиетінде  де      белгілі  бір 

тұлға  шығармашылығы  мен  ӛмірінің  кезең  ерекшеліктерін    зерделеуге  арналған  ғылыми 

бағыттар  мен    мектептердің  бар  екендігін  кӛре  аламыз.    Ғылыми  үрдісте  айналымда 

жүргендері де баршылық. Абайтану, мағжантану,  ахметтану, қайымтану, т.б. бүгінгі күні 

біршама зерттелсе де, зерттеу объектісі кеңейе беретін ғылыми қайнар.  

Ал  әлем  әдебиетіндегі  (ӛзге  ұлт  әдебиетінде)  пушкинтану,  лермонтовтану, 

шекспиртану,  байронтану,  айбектану,  манастану  т.б.  ұғымдардың  ӛз  әдеби  –  ғылыми 

әлемінде  енгеніне біраз жылдар болса да, күні бүгінге дейін ӛз мәнін жоғалтпаған,  әлі де 

зерттеліне беретін рухани мұралар екендігі даусыз.  

Ал  Шәкәрім  шығармашылығының  зерттелуі,  зерделенуі,  ақын  туралы  баспасӛзде 

жариялануы әріден басталса да (ақынның кӛзі тірісінде), белгілі шектеулерге байланысты 

талй жыл қараңғылықта қалып қойғаны да жасырын емес. 

Жиырмасыншы  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарында  басталған    зерделеу 

қадамдары араға талай жылдар  салып, тек ақын ақталғаннан соң ғана, яғни 1988 жылдан 

бері қарай зерттелу айналымына айналды.  

Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып,  іргетасын қалаған Ә.Бӛкейханов 

[3], А.Байтұрсынов [4]  сынды алаш қайраткерлері.  

Ә.Бӛкейханов  ӛзінің  сын  мақалаларында  (  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  hәм  хандар 

шежіресі» 

еңбегі, 


 

«Қалқаман-Мамыр» 

поэмасы) 

Ш.Құдайбердіұлының 

шығармашылығына зор баға береді.   

Ал  белгілі  заман  ауытқуларына  дейін,  атап  айтсақ,    1912  жылы  Семейдегі 

«Жәрдем»  баспасынан  Шәкәрімнің  «Жолсыз  жаза,  яки  кез  болған  іс»,  «Қалқаман  - 

Мамыр»,  «Еңлік  -  Кебек»,  «Қазақ  айнасы»  атты  шығармалары  жарық  кӛрді.    Сол 

замандағы қазақ баспасӛзінде ақынның жеке ӛлеңдері жарияланып тұрды.  

Ш.Құдайбердіұлының  Физулиден  аударған  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  шығармасы  

Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды.  

Бұл  аталған  шығарма  кейінірек  С.Сейфуллиннің  бастыруымен  1935  жылы 

Алматыда  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  деген  атпен  жарияланды.  Сол  жылдары  А.С.Пушкиннен 


аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды.  Бұл  әңгіме 1935 жылы  орыс 

ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы ӛлеңдерінің жинағына енді.  

А.С.Пушкиннің  Шәкәрім  аударған  «Боранын»  Б.Кенжебаев  1936  жылы  «Әдебиет 

майданы»  журналының  2-ші  санында  жариялады.  Ақынның  бір  топ  ӛлеңдері  1978  жылы 

Ленинградта  шыққан  М.Мағауин  құрастырған  «Поэты  Казахстана»  жинағында 

жарияланды.  

Дегенмен кеңестік кезеңде де зерттелу деігейі толастап қалған жоқ.  

1975  жылы  «Краткая  литературная  энциклопедияның»  8-томына  «Худайбердиев 

Шакарим»  атты  мақала  енгізілсе  [5],  1978  жылы  М.Мағауин  «Поэты  Казахстана»   деген 

жинақта ақынның бірсыпыра ӛлеңдерін жариялады [6].   

Ал 1988 жылы  ақын Ж.Бектұров «Ақын мен жауыз» атты балладасын жазды.  

 Осы  жинақ    бойынша    ақын  шығармашылығы  бойынша    алғаш  зерделеген 

зерттеушілеріміздің  бірі  Қайым  Мұхаметхановтың  жеке  мұрағаттық    деректемелерінде 

анық кӛрсетілген. 

Ғалым    ақынның  шығармашылық  мұрасының    жалпы  мәтіні  мен  текстологиялық 

ерекшелігін жете зерделейді. 

Ол:  «Қазір  әдебиетіміздің  тарихында  орны  ойсырап  тұрған,  елге  ежелден  белгілі 

болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз  орынды 

деп білемін. Ӛйткені, ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда бірегейі», – деп 

ой түйіндеген [7, 5]. 

Қайым  түсініктемесінде  ақын  шығармалары  туралы:  «1924  жылы  июнь 

жұлдызында  қазақ  тіліне  аударған.  Орыстың  атақты  естісі  Лев  Толстойдың 

«Асархидон  -  Лаэли»  деген  әңгімесі  (  1-6  бет);  1924  жылы  август  айында  қазақшаға 

аударылған  Лев  Толстойдың  әңгімесі  «Үш  суәл»  (6-10  бет),  1924  жылы  август  айында 

қазақшаға  аударылған  Лев  Толстойдың  әңгімесі  «Крез  патса»  (10-13  бет);    1924  жылы 

август айында қазақша ӛлеңге   «Күншығыс жүз әңгімесінің» бірі «Тан-жи-зан-хан»  (13-

17 бет)...» деп  т.б. толық деректер арқылы кӛрсеткен [8]  . 

 

«Ахат  кӛшірген  «қара  дәптердегі»  №2  (кӛлемі  63  бет  )  Шаһкәрім 



шығармалары. 

 

1.

 

Алты әңгіме. Кіріспе. Ӛз ӛлеңі. 

 

1924

 

 жылы. 

 

Алты әңгіме оқуға жайың бар ма? 



Ұсындым жас ӛспірім ғалымдарға 

Әншейін бос сӛз демей ғибрат ал. 

Ой жібер ішкі сырын пайымдарға. 

 

Алдыңғы, біз ел жедік обал демей, 

Зарлады талай момын, талй кедей, 

Нәпсі, мақтанға алданба, қарақтарым, 

Үміті кім бұл елдің сендер емей.  

 

Орыс, қазақ, адамның бәрі бірдей, 

Ешкімді алалама, оны білмей, 

Кем-кетікке қарасу – ар міндеті, 

Халқыңа пайда тигіз, босқа жүрмей 

 

Жаныңды аяй кӛрме, жардамынан, 

Үйткенде арың шығар арманынан. 

Ӛйтпесе бұл ӛмірің артық емес, 

Тәніңді топырақ басып қалғанынан » [9]  

деп  келтірілген  ғалым  деректемесіндегі  бұл  шығарма  кейіннен  жарияланған  1988, 

2001 т.б. басылымдардың кейбіреуінде ӛзгеріссіз, кейбіреуінде ӛзгеріспен басылған. 

Зерделей қарасақ,  ақыннан қалған ұланғайыр мұраны зерттеу  ХХ ғасырдың 20-30 

жылдарында,  оның  кӛзінің  тірісінде  басталды.  Бірақ  уақыт  салған  салмақ,  қоршаған 

ортадағы зобалаң жүйелі зерттеуге мұрсат бермеді [2, 212].  

Зерттеуші  ғалым  Ш.Қ.Сәтбаева  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  мұрасының  қай 

кезден  бастап  зерттелгені  туралы:  «Шәкәрім  туралы  ең  алдымен  Императорлық  орыс 



Географиялық  қоғамы  Батыс-Сібір    бӛлімі  Семейдегі  бӛлімшесінің  1902-1910  жылдар 

аралығында  мүше  болған  кезден  баспа беттерінде  жарық  кӛргенін...,  «Айқап»  журналы 

мен  «Қазақ»  газеттерінде  жарияланғанын»  ӛзінің  «Шәкәрім  Құдайбердиев»  деген 

еңбегінде  атап  ӛтеді,  -  «  «Айқап»  журналының  1914  жылғы  4-ші  санында  Абайдың 



қайтыс  болуының  он  жылдығына  орай  ӛткізілген  кеш  туралы  есепте  ұлы  ақын  Абай 

жайлы  айта  келіп:  «...қазақ  шежіресінің  негізін    құрған,  қазір  де  ӛлеңмен  бірнеше 

кітаптар  жазған  ақсақал  Шәкәрім  қажы  осы  Абайдың  інісі  болады»,  -  деп  атап 

жазылғанын  кӛрсетеді  [10,  48].    Сондай-ақ,    С.Ғаббасов,  С.Сейфуллин,  М.Әуезов, 

Ы.Дүйсенбаев,  Қ.Мұхамедханов,    М.Мағауин  т.б.  ғалымдар  ақын  шығармаларының 

жарыққа  шығуына,  зерттелуіне    зор  үлестерін  қосты.    1988  жылы    Шәкәрім  бабамыз 

толықтай  ақталды.  Ал,  тәуелсіздік  алған  жылдардан  кейін  шәкәрімтану  мәселесі  бір 

арнаға түсті. Лирикалық ӛрнектер сыры жайында Ш.Сәтбаева ӛз еңбегінде кӛрсетті. Талай 

зерттеулер жарыққа шықты.  

Әдебиет  саласында  А.Тілеуханова,  А.Үсенова,  А.Сейсекенова  сынды  ғалымдар 

ақын  шығармашылығын  әр  қырынан  алып  зерттесе,    белгілі  ғалым  Б.Әбдіғазиұлы 

«Шәкәрім  шығармаларының  дәстүрлік  және    кӛркемдік  негіздері»  атты  арнайы  зерттеу 

еңбегін ұсынып, докторлық диссертациясын қорғады [2, 214]. Ақын лирикасының ӛзіндік 

сырлары  туралы  Балтабай  Әбдіғазиұлы  ӛзінің  «Шәкәрім:  дәстүр  және  кӛркемдік»  атты 

зерттеу еңбегінде кеңінен айтып, тереңінен талдау жасады.  

 Бабамыздың    150  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  ақынның  тұлғалық  болмысын,  

оның шығармаларының ӛзіндік ерекшелігін әр қырынан танытатын түрлі іс-шаралар жер-

жерлерде  кеңінен  аталынып  ӛтілді.  Сонымен  қатар,  ақын  шығармаларының  тереңінен 

зерттеле  түсуіне,  зерттеу  объектісінің  кеңейе  түсуіне    Шәкәрім  атындағы  Семей 

мемлекеттік  университетінің  жанынан  құрылған  «ХХІ  ғасыр  және  Шәкәрім  әлемі»  және 

Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  жанынан  құрылған  «Шәкәрімтану» 

орталықтары  да ӛздерінің зор үлестерін қосты.  

Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  «Шәкәрім»  атты  ғылыми-

педагогикалық журналдар, «Шәкәрімтану мәселелері» атты ғылыми сериялық жинақтары 

жарық  кӛрсе,  Шәкәрімтаны  ғылыми-зерттеу  орталығында  дайындалған  «Шәкәрім»  -  

тұлғалық энциклопедиясының дүниеге келуі – Шәкәрімнің даналық келбетін толық ашуға 

қол жеткізді.  

Туған  ӛңірі  –  Семей  қаласында  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  150  жылдық 

мерейтойына  арналған  «Шәкәрім  шығармашылығы  қазақ  және  әлем  мәдениеті 

контексінде»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясы    ӛткізіліп,  ақынға 

ескерткіш орнатылды.  

Әдебиетіміздің  Абайдан  кейінгі  дәуірін  аса  құдіретті  ақындық  үнімен,  дариядай 

дархан  талантымен  түрлендіре  ӛрнектеген,  тың  тынысты  кӛркем  әдеби  ойдың  қазынасы 

болған  ойшыл  ақын,  кемеңгер  суреткер  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  шығармашылығы 

халықтың  рухани  ғұмырнамасындағы  жауһар  қазыналардың  асыл  қасиеттерінен 

суарылған,  кӛркемдік  эстетикалық  ой  дәрежесі  биік,  талантына  тұғыр  болар  дәстүрлік 

арналары бай мұраларымыздың біріне саналады [11, 5]. 

Қай халықтың болсын, ӛз мәдениеті, рухани әлемге қосқан ӛзіндік үлесі  - әдебиеті 

бар.  


Әдебиеттің  рухани  болмысын  арттыратын  екі  үлес:  бірі  –  халық  ауыз  әдебиетінен 

келген  арналы  үлес,  екіншісі  –осы  халық  ауыз  әдебиетіне  халық  мұрасынан  қосылған, 

яғни, халық тұлғаларының рухани мұрасы – жазба әдебиет жемісі.  

Әдебиетке  қосқан  рухани  мұрасы  үлесі    неғұрлым  салмақты  болса,  соғұрлым  ол 

мұраның, оның авторының еңбегі ғылыми айналымда да зерттелуі жоғары болмақ.  

Қазақ әдебиетіне ӛзінің мол мұрасын қосып, ӛз елінің әдеби мұрасының молаюына 

зор  үлесін  қосқан  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  шығармашылығы    зерттелінген  сайын,  жаңа 

қырынан таныла түсетініне кәміл сенеміз.   

 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Қазақ Ұлттық энциклопедиясы (4 том) -  А., - 540 б.  

2.

 



Шәкәрімтану мәселелері. 2 – кітап. - Семей – Новосибирск: 2006 - 360 б. 

3.

 



Бӛкейханов  Ә.  Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар  шежіресі  (1911  жылы 

басылып  шыққан  кітап  жайлы)  //  «Қазақ»,  1913.  28  сәуір  №12  («Қыр  баласы»  деп  қол 

қойған). 

4.

 



Байтұрсынов  А.  Ақ  жол:  Ӛлеңдер  мен  тезистер,  публистикалық  мақалалар  және 

әдеби зерттеулер (Құрастырушылар  Нұрғалиев Р.). – А.: Жалын, 1991.– 464 б. 

5.

 

 Дуйсенбаев  Ы. 



Худайбердиев  Шакарим.  В  кн.:  Краткая  литературная 

энциклопедия. – М., 1975. 

6.

 

Магауин  М.  Кудайбердиев  Шакарим.  В  кн.:  Поэты  Казахстана.  Серия  Библиотека 



поэта. – Москва: Советский писатель. Отд. Ленинград. – 1978. 

7.

 



Мұхаметханов  Қ.  Шәкәрім  (ӛмірі  мен  творчествосы  жайында)  //  Қазақ  әдебиеті, 

1988. 15 сәуір. 

8.

 

«Шәкәрім» бумасы. //«Қайым Мұхаметханов» ҚҚ, №2 дәптер// 



9.

 

 «Шәкәрім» бумасы. //«Қайым Мұхаметханов» ҚҚ, №1 дәптер// 



10.

 

 Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев -  Алматы: 1990 - 50 б. 



11.

 

Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және кӛркемдік негіздері 



–А., 2000 - 216 б. 

 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет