Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері



Дата07.12.2022
өлшемі101,35 Kb.
#55528

Қазақ әдебиетіндегі
сыншылдық ойлардың
негіздері
  • Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творцествалық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауына баулиды.

Бұл ретте сыншысы жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпымемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой – пікірдің озғын өкілі.
Жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты.
Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы коментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан.
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, критерийлері бар. Мұны білу, игеру де оңай емес. Біреулер көркемдік критерий дегенді әдеби шығарманың кемшілігін ғана қазбалау деп ойлайды. Бұл – қате ұғым. Көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі – осы кез келген шығармада болатын үлкенді- кішілі кемшілікті табу бәрінен оңай. Ал шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын. Бұл сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойы, терең білімін, биік талғамын керек етеді.
Белинскийдің анықтауынша, “сыншы талантты – сирек талант, сыншы жолы – тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби “сын – қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика”.
Эстетика сайып келгенде қоғамдағы көркемдік даму тәжірибесінің теориялық жинақталуы (обощениесі) екені мәлім. Бұл ретте, біздің эстетикалық ғылымда, әдеби сында еліміздің идеялық тіршілігі мен біте қайнасып, бірге тыныстап, бірге ілгерілеп отыруға тиіс. Жұртшылық әдебиет сынын осындай ірі талаптың биігінен тапқысы келеді.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиетінің теориясын нәзік түсінбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес екені екінің біріне аян.
Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиеттанудың үш саласына да жетік білімдар тәрбиешісі болуы шарт. Мұндай әдебиетшіліктің озық үлгісін орыстың ұлы революционер-демократ ойшылдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов көрсеткені жұртқа мәлім:олар әдебиеттің данышпан сыншылары ғана емес, тамаша тарихшылары және терең теоретиктері де бола білген еді.
Ғұлама әдебиетшінің әдебиет туралы ғылымды, оның әлгідей үш саласын жете білумен бірге нағыз ойшыл философ, толғамды тарихшы, жетік “этик, экономист, саясатшы, социолог болмасқа тағы да қақы жоқ”
Назар
аударғандарыңызға
рақмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет