«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


АРХЕТИП – КӨРКЕМ БЕЙНЕ БАСТАУЫ



Pdf көрінісі
бет21/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

АРХЕТИП – КӨРКЕМ БЕЙНЕ БАСТАУЫ
Кемалова С.М. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан 
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С. -Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және 
инжиниринг университетінің профессоры, ф.ғ.к.- Ақтау, Қазақстан 
 
Архетиптің көркем әдебиетте пайда болуы – қызық құбылыс. Әдебиеттегі архетип, 
архетиптік образ бен символ, архетиптік желі сияқты ұғымдар зерттеушіні терең 
ойландырады. Әлем ғалымдарының аталмыш тақырып аясында жүргізген іргелі еңбектері 
кейінгі жылдары ғана орыс тілді аудиторияға қолжетімді бола бастады дейді ғалым Шәкір 
Ыбырайов. Қазақ тіліне аударылған Ю.Б. Боревтің «Эстетика» атты еңбегі арқылы бізге де 
біршама мағлұматтар жетті. Бұдан бөлек отандық әдебиеттануда шығармашылық 
процестегі ойлау табиғаты мен «бейсаналық» туралы алғаш рет ғалым Мақпал Оразбек 
«Автор мен шығармашылық процесс» атты монографиясында (2006) біршама сөз қозғады. 


64 
Ғалым авторлық позиция турасындағы зерттеу жұмысында архетип, символ, мифтік 
образдар арқылы суреткер санасындағы эстетикалық дарашылдыққа көңіл аударған. 
«Көркем туындыда, жалпы, көркем мәтін табиғатында автордың шығармашылық тұлғасын 
тану аса шетін құбылыс екенін мойындай отырып, оны авторлық позиция мәселесімен 
тығыз қарым-қатынаста қатар алып қарау автор мен қаһарман арақатынасы туралы аса 
күрделі зерделеу объектісін алдыңғы кезекке шығарады [1, 75]» дейді ғалым. Бүгінде 
ғылымның түрлі салаларының шекарасы жойылған. Автор мен қаһарман арақатынасына 
басқаша көзқараста қарайтын кез келді. Ғалымның зерттеу жұмысын негізге ала отырып, 
біз өз ой-тұжырымдарымызды ұсынғымыз келеді.
Кейіпкер, қаһарман немесе образ арқылы тек сол суреткердің, оның өмір сүріп 
отырған заманының ғана емес, тұтас ұлттың, тіпті адамзаттың мәселелерін анықтауға 
болады. Оның жүріп өткен жолын анықтап, барар жеріне болжау жасауға мүмкіндік 
ашылады. Себебі, адамзаттың белгілі бір «дағдарыс» кезеңдерінде ғана бой көтеретін 
образдар бар. Сәйкесінше, барлық мифке ортақ «хабаршы» архетиптік образынан кейін 
«табалдырық», «қақпа» кездесетіндігіндей, келесі кезеңде қандай образдың пайда 
болатынын айтуға болады. Ол образдар арқылы келе жатқан кезеңнің қандай екендігін, 
қандай «әрекеттер» арқылы жол табуға болатынын сараласақ, шешім табу әлдеқайда оңайға 
түсер еді.
Ендеше, алдымен бас қаһарманға қысқаша шолу жасап көрсек. Орталық кейіпкердің 
яғни өзділік (самость) архетиптік образының сипаттары бас қаһарманға келеді. Бас 
қаһарман турасында әдебиеттану терминдер сөздігінде: «Әдеби қаһарман – әдебиеттің 
идеялық-эстетикалық рөліне сай бейнеленетін тұлға. Ол қатардағы кейіпкерлерге, 
персонаждарға қарағанда бас кейіпкер, жан-жақты сомдалған толыққанды образ саналады, 
эпостық және әдеби эпикалық шығармаларда негізгі қаһарман ретінде жағымды түрде 
бейнеленеді... Ол – автордың идеясын жүзеге асыратын бейне... Ол заманның, уақыттың 
бағыт-бағдарын, арман-мұратын танытушы образ ретінде көрінеді» [2] деп жазылған. Бұл 
жерде «қаһарманның негізгі рөлін «қатардағы кейіпкерлерге персонаждарға қарағанда» 
анағұрлым жауапты образ, әрі автордың идеясын жүзеге асырушы, ауыр жүк көтеретін 
бейне екені анық көрінетіні [1, 76]» рас. Осы орайда ғалым М.Оразбай басын ашып 
анықтайтын бір мәселені көтереді. Ол – қаһарманның «тұлғаға», яғни автордың рухани 
тұлғасына – шығармашылық тұлғаға қатыстылығы. Әлбетте, көркемдік әлемдегі бас 
қаһарманды «тұлға» деп, ақиқат өмірдегі жеке адамның тұлғасына тиесілі категориямен тең 
дәрежеде қарауға немесе онымен салыстыруға болмайды. Ғалым бұл жайында: «нақты 
өмірдегі тұлға тарихта, қоғамда атқарған қызметіне, өзіндік орнына қарай саяси тұлға, 
тарихи тұлға, қайраткер тұлға т.б. ретінде бағаланатыны шындық. Ал көркем шығармадағы 
қаһарман – ол көркем образ, көркем бейне» екендігін айтады.
Бұл орайда әдеби шығармаларда бейнеленген тарихи тұлғалар турасында айта 
кетуіміз керек. М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай, Құнанбай, І. 
Есенберлиннің тарихи романдарындағы Абылай, Кенесары, Бату хан т.б., М. Мағауиннің 
«Аласапыран» романындағы Ораз-Мұхаммед хан, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы 
Әбілқайыр хан, С. Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақан сері, Ш. Мұртазаның 
«Қызыл жебе», «Жұлдызды көпір» романындағы Демежан, Қ. Жұмаділов «Тағдыр» 
романындағы Демежан, Р. Отарбаевтың «Шыңғысханның көз жасы» романындағы 
Шыңғыс хан – бұлардың барлығы өмірде болған тарихи тұлғалар, алайда, көркем 
шығармада – көркем образдар ғана.
Проза жанрындағы кейіпкер мәселесін зерттеген В.И. Белецкий: «Көркем 
шығарманы біз «қаһармансыз» немесе әрекетсіз бейнелер арқылы ойлай алмаймыз. 
Лирикада қай жағынан болса да бізге өзінің ішкі әлемін танытуға тырысушы басты 
қаһарман – ақын болып табылады. Эпоста – міндетті түрде бір немесе бірнеше қаһарман; 
көбінесе біреуісі басты ойды жеткізуші ретінде бірінші орында жүреді, ал қалғандары оған 
қатыстылығы тұрғысынан құрылады» [3] – деп жазады.


65 
Демек, фольклордан бастау алып жатқан, архетиптік образдар мен желілерге табан 
тіреген көркем туындының барлық жанрында қаһарман автор үшін ең негізгі мәселе және 
«автордың ой дүниесін жеткізуде өзімен қатарлас, бірге әрекет етуші бейне (лицо) болып 
табылады [1, 77]». Ғалым Мақпал Оразбек бұл пікірінде кейіпкердің автормен қатарлас, 
бірге әрекет етуші бейне екендігіне назар аударуы тегін емес. Бұл мәселе әдебиеттану 
ғылымында ертеде бас көтеріп, түрлі ғалымдардың зерттеу нысанына айналған. Архетип 
пен шығармашылық шеберхананы біртұтастықта қарау маңызы осы жерде бас көтереді.
Шығармашылық процесс барысында кәдімгі күнделікті күйбең тіршіліктен 
алыстаған автор шығарма мазмұнына әбден енген кезде, шын мәнінде бас қаһарман мен 
кейіпкерлер өміріне айрықша психологиялық күймен ауысады. Ал ол кезде автор 
кейіпкермен санасуға, олардың тіршілігіндегі әрқилы жағдайларды түсінуге мәжбүр. Тіпті, 
көп жағдайда автордың сана-сезіміне толық енген, психикалық сеніміне кірген қаһарман 
мен кейіпкер еркіндік алып, өздері қалаған әрекеттер жасауға да мүмкіндік туады. Өйткені 
«Қаһарман дегеніміз индивид, өзінің еркіндігіне орай характері мен ерік-жігері жетерлік 
уақыттың барша ауырлығын көтере алады. Тіпті әділеттілік пен тең прованы жүзеге асырса 
да, оның іс-әрекеті дарашылдық әміріне тікелей қатысты болып табылады» [4].
Гегельдің бұл пікіріне сүйенсек, «көркем шығармада автор өзі жаратқан 
кейіпкерлерінің еркін өмір сүруге толық құқы бар екенін және оған толық жағдай жасап 
беруі тиіс [1, 78]» екенін анықтаймыз. Индивид қаһарман «дарашыл әмірін» өз еркімен 
жүргізе алатынына мән беруіміз керек. Себебі, «көркем әлемді рухани жақтан еріктілікте 
жаратқан автор онда тіршілік ететін кейіпкерлерін орынсыз тізігіндеп, өз ырқынан 
шығармаған жағдайда жасанды схематизмге ұрынып, адам баласының рухани жан-
дүниесіне әсер етерлік шынайы эстетикалық туынды тудыра алмай, құрғақ үгіт пен 
дидактикаға құрылған жалған шығарма тудырары сөзсіз [1, 25]. Әлбетте, бұндай шығарма 
өміршең болмасы анық, авторға да абырой әкеле қоймайды. «Керісінше қаһарман 
табиғатына автор тарапынан жасалған қиянат көркем дүниенің табиғатын бұзып, 
оқырманның рухани әлемін лайлайды» [1, 26]. Сөзіміздің дәлелі ретінде кеңестік 
қоғамдағы жалған идея мен жалтақ позицияны ұстанған қаламгерлердің көптеген 
шығармаларын, автордың қатаң бақылауында болған қаншама кейіпкерлерді айтуға 
болады.
Осы ретте «автор мен қаһарманның күресі» немесе «кейіпкердің авторға бағынбауы» 
атты ұғым алдымыздан шығады. Франциялық философ, әдебиеттанушы, семиотик Роллан 
Бардтың «автор өлімі» концепциясы да ұғыммен астасып жатыр деген ойдамыз. Ғалым 
«Семиотика» атты еңбегінде автор өлімін мәтіннің жазылу процесі, оның қайнар бастауына 
үңілу арқылы түсіндіреді. Бұл түсіндірудің негізгі қағидаттарынан Роллан Бардтың 
архетиптік қабатқа сілтеме жасап тұрғанын анық байқауға болады. Мысалы, 
әдебиеттанушы мәтін авторы сипаттағанда: «ол бұрын жазылған және бірнеше рет 
көшірілген нәрсеге мәңгі еліктеп тұрады» [5] – дейді. Немесе мәтін табиғатын ашуда: 
«...өмір кітапқа еліктейді, ал кітаптың өзі таңбалардан тоқылып, қайсыбір баяғыда 
ұмытылған нәрсеге еліктейді және осылай шексіз жалғаса береді» [5, 59] - деп жазған. Яғни, 
үздіксіз қайталана беретін архетиптік образдарға, желілерге сүйенеді деген сөз.
Кейіпкердің «еркіндік» сұрауы жайында ғалым Мақпал Оразбек: «автор қиялында 
әбден пісіп-жетілген қаһарман ендігі жерде рухани-көркемдік кемелдікке келуі арқасында 
толық еркіндікке қол жеткізіп, авторды үнемі өзімен санасып отыратын шығармашылық 
тұлғаға айналдырады және шығармада өмір сүрудің ерекше формасына сай кейіпкер өзінің 
табиғи болмысымен уысында ұсытайды. Тіпті өзінің «жаратушысын» жетектеп отыратыны 
да шындық. Бұл автор мен қаһарманның (кейіпкердің) арасында үзілмейтін, бірін-бірі 
толықтырып отыратын психикалық күрделі құбылыс» [1, 26] - деп атап өткен.
Ю.Б.Боревтің 100 жаңа оқулық аясында аударылған «Эстетика» кітабында көркем 
шығармашылық, шығармалық үрдіс, көркем образ турасында тың ойлар айтқан. Ерекше 
көзге түскен ұғымдарының бірі – «өздігінен қозғалу». Ғалым көркем образдың өзіндік 
логикасы болатынын және өздігінен қозғалу қасиетіне ие екендігін айтады. Ол өзінің ішкі 


66 
заңдылықтарымен дамиды. Ю.Б. Боревтің: «Суреткер образдың ең бастапқы өлшемдерін 
белгілейді, бірақ белгілеген соң, көркем шындыққа озбырлық жасамаса, ештеңе өзгерте 
алмайды» [6] – деуінің себебі, «автор өлімі» концепциясымен ұштасып жатыр. Ғалым бұл 
жерде шығарманың негізінде жатқан «өмірлік материал» суреткерді соңынан ертіп, кейде 
ұмтылған нәтижелерге жеткізбейтінін меңзегісі келіп тұр. «Толстойдың ішкі мақсаты оны 
сөзсіз Каренина жағында болуға мәжбүр етті, алайда көркемдік ойлау логикасы «Анна 
Каренинаның» авторын түпкі ойда мүлде болмаған нәтижелерге алып келіп, автор белгілі 
бір мағынада «бәріне де жаны ашиды» [6, 100]. «Евгений Онегин» туындысында кейіпкер 
Татьяна Пушкиннің ырқынан тыс «тосыннан» күйеуге шыққан. «Кенеттен» Эмма Бовари 
улану туралы шешім қабылдаған. «Тургенов үшін Базаров бейнесі мен «Әкелер мен 
балалардың» бүкіл проблематикасын түрлендірген идеялық қорытындылар күтпеген 
жағдай» болғаны анық. Осылардың барлығы Ю.Б. Борев айтқан мінездің өздігінен қозғалу 
логикасы болып табылады. Бұл құбылысты ата-ана мен баланың қарым-қатынасы арқылы 
түсіндіруге болады. Перзент әке-шешесіне қалай қарайтын болса, шығармалардың 
кейіпкерлері де авторларға солай қарайды. Өмірге әкелгені үшін, тәлім-тәрбие беріп, 
қалыптастырғаны үшін борыштар. Сол үшін құрметпен қарайды, пікірін бағалайды. 
Алайда, толық тұлға болып қалыптасқан соң, әрбірі «өздерінің ішкі бір логикаларымен 
дербес әрекет ете бастайды». Сөйтіп, кей кездері өз шешімдерін қабылдап, ата-ананың 
ырқынан тыс әрекеттерге қадам басады. Яғни, қалыптасқан кейіпкерлер автордың 
ықтиярын назарға алмайды.
Ю.Б. Борев жалпы өнер туралы сөз қозғағанда оның жалпыадамзаттық қайнар 
көздерін көрсетіп берген. Олар:
- өмірлік материалды әсемдік заңдарымен көркем игеру барлық құбылыстарды 
олардың эстетикалық құндылықтары, адамзат үшін маңызды тұрғысынан қарастыруды 
тадап етеді;
- ұлы туынды жалпыадамзаттық проблемаларды алға тартады;
- суреткердің жеке тұлғасының өзінде жалпыадамзаттық бастаулар бар [6, 127].
Жеке тұлғадағы жалпыадамзаттық бастаулар дегеніміз диссертациялық 
жұмысымыздың нысаны – архетиптік образдардың табиғатына келеді. Осы орайда, жеке 
ұлтқа тән, адамзатқа ортақ архетиптік образдар жайлы айта кеткіміз келеді. Ғалым Ю.Б. 
Борев «ұлттық тәжірибе – қайталанбастылығымен қайталанбалы. Ол халықтар 
жалпыадамзаттық ортақ заңдармен өмір кешетіндіктен де қайталанбалы. Жалпыадамзаттық 
заңдар – әр халықтың тарихында жекелей көрінетіндіктен де қайталанбалы емес» деп 
тұжырым жасаған.
Ғалым Мақпал Оразбек: «... архетип көркем әдебиетке, ақын-жазушылардың 
шығармашылығына тікелей қатысты екенін байқаймыз. Шығармашылық психологиясын 
зерттеуші ғалымдар көркем шығарманың тууын, идея мен символдардың жанды суретке 
айналуын, адам санасының терең түпкірінде жасырын жатқан, күллі адам баласының 
жаратылысында туа біткен кескін, бейнелерден іздейді [1, 8]» - дейді. Бұл пікір К.Г. Юнг 
пен оның шәкірті Э. Нойманн айтқан: «Бағзы [первобытный] образ немесе архетип – адам 
немесе демон кескінді фигура, бұл тарих қойнауында пайда болып, үнемі қайта туындап 
отыратын процесс барысында творчестволық фантазияның (шығармашылық қиял) өзін-өзі 
танытуы» [7]» деген сөзіне саяды. Ғалым шығарманы дүниеге әкелуші автордың 
шығармашылық процесс барысында өз психикасында бұрыннан бар бағзы архетиптік 
образдар елесі негізінде өзі де ойламаған кездейсоқ, бірақ нақты әрі жаңа образдарды да 
кемелділікпен бейнелейтінін айта келе, Юнгтің «шығармашылық процесс кезіндегі 
автордың көптеген зерттеушілер шешімін таба алмай жүрген «жұмбақ» күйін, оның 
творчестволық тұлғасындағы «архетип образдардан бастау» алып, соның ырқында барлық 
басқа дүниені ұмытып, о баста өзі ойламаған кейіпкерлерді тудырып, сұмдық 
ситуацияларды кейіпкерінің бейсаналық ырқында суреттеп кететінін» түсіндіріп береді.


67 
Авторды зерттеу үшін ол тудырған көркем туындыдағы көркем бейнелерді зерделеу 
керек. Қаламгер шығармасында бейнеленген архетипке жіті назар салу арқылы көркем 
туындының идеясы, нақты ойы айқындалады.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1 Оразбек М. Автор және шығармашылық процес: монография. – Алматы: Атамұра, 
2003. – 488 б. 
2 Әдебиеттану терминдер сөздігі / құраст. З. Ахметов. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 
384 б.
3 Белецкий А.И. Избранные труды по теории литературы. – М.: Просвещение, 1964. 
– 480 с.
4 Гегель Г.В. Эстетика: в 4 т. – М.: Искусство, 1968. – Т. 1. – 312 с.
5 Барт Р. Избранные работы: семиотика, поэтика. – М., 1994. – 454 с.
6 Борев Ю.Б. Эстетика / ауд. Ә. Бөпежанова, Қ. Аманжол. – Алматы: «Ұлттық 
аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 408 б.
7 Юнг К.Г., Нойманн Э. Психоанализ и искусство. – М.: Рефл-бук, Ваклер, 1996. – 
304 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет