61
4) Сауатсыз, білімсіз, тәкаппар адамдардың билікке келуіне жағдай жасап, көмек
қолын созатын – олардың таныстары, туған-туысқандары. Қазақтың туысқандық пен
таныс-тамырластық мәселесі – ұлттың жауы. Ерте кездерден-ақ осы мәселе адал жолда
аяққа қақпан болып келе жатыр. ынтымақты елдің бірлігін ыдыратып, дамуын
тәжеуілдететін де – осы. Таныс-тамырмен келгенннің қайсы бірі биліктегі лауазымға
лайық дейсіз? Әрине, бір-бірінің қателегін көрсе де көрмегендей өте шығатын мұндай
адамдар халыққа жаны ашымайтыны рас.
Автордың көтерген мәселесі сол кездері республика бойынша түрлі партияларда да,
комсомолдарда да айтылып жүрді. Мақалада кадр мәселесінің өршіп тұрған аймақтары
ретінде Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шымкент облысы
көрсетілген. «Азаматтарымызды қорғай алмаймыз. Халық үндемейді. Әрине, мұның екінші
жағы да бар: халықтың мәніс біледі деген ойлылардың пікіріне құлақ салып жатқан
басшылар жоқ. Дегенмен, босқа күйіп кетіп жатқан азаматтар туралы өз ойларын айтып,
арашалау деген біздің халық арасында бұл күнде ұмытылып барады. «Ойбай өзімізге бір
пәлесі тиіп кетер» деп жан сауғалауға жаппай бой үйретіп бара жатқандаймыз» [2, 3]. Жан-
жақтан келген қызметкерлердің көпшілігінің ішкі түкпірінде, көкейінде «уақытша» деген
ұғым тұрады. Олар елдің қамын, халықтың тұрмысын жақсартуды ойламайды. Уақытша
қызмет жасай тұруды көздеп, төмен пиғылды ниетте болды. Алдымен, таныс-тамыр, басқа
да жолдар арқылы биліктегі лауазымды қызметті қолына алады да, елдің жалақысынан
бірнеше есе көп ақшаны иемденіп, тұрмыстық жағдайын түзетуге асығады. Осының бәріне
қолы жеткеннен кейін, ештеңеге бас қатырмай, алаңдамай Мәскеуге тарта жөнеледі. Ең
соңында зардап шегетін – қарапайым халық. Тауқыметін де, бейнетін де көріп, зардабын
тартатын – халық. Фариза республикада орын алып жатқан осы мәселені жараның орнын
дәл таныған секілді дөп басады. Мұның салдары – бүлінген ел ен бұзылған шаруашылық.
Мақаладағы айтылар ой – қазақтың еліне, жеріне жаны ашитын, жағдайын түзеп,
Мәскеуге кетіп қалмайтын, жүрегінде иманы бар, елім деп еміренген ұлттық кадрларды
дайындау қажеттілігі. Болашақты ойласақ, ертеңгі күннің жарқырап атуын тілесек, елге
қызмет етуді мақсат ететін, адал басшыларды дұрыс таңдай білуіміз қажет. Сонда ғана
халық биліктегілердің жіберген қателіктерінен зардап шекпейді.
Фариза осы мәселелерді қозғау арқылы халыққа ақиқатты көрсетуге ұмтылады. Өз
заманының шындығын жаза отырып, халықтың саяси өмірі мен қоғамдық-әлеуметтік
жағдайына да терең тоқталады. Сөздің қадірін түсініп, халықтың зәру мәселелерін
шығармаларында терең қозғай білген Фаризаның публицистикаға сіңірген еңбегі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Фариза Оңғарсынова: Толық шығармалар жинағы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі,
2016. Т 9. – 320 б.
2. Оңғарсынова Ф. Санаға сілкініс керек // Лениншіл жас. – 1989. – 17 тамыз.
Достарыңызбен бөлісу: