«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ ТАҒЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет16/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Нұрхан Диана, 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 
3-курс студенті. Қызылорда қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі: Махамбетәлиева Р. - Қызылорда қ., Қазақстан 
Қазақ сөз зергерлерінің бірі, әрі ойшыл, әрі шешен академик Зейнолла Қабдолов 
біздің өлкеміздің ұлы мақатанышы. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» 
журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының 
хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған. З.Қабдоловтың осындай қоғамдық 
жауапты қызметтер атқара жүріп, қазақ әдебиетін өркен­детуге, жас таланттарды 
тәрбиелеуге қос­қан үлесі ұшан-теңіз. Жазушының қаламынан туған “Ұшқын”, «Жалын», 
«Менің Әуезовім» романдары әдебиетіміздің алтын қорынан орын алған туындылар болды. 
«Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман 
жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы 
жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. Республика сахналарында 
кеңінен қойылған “Сөнбейтін от” драмасы, “Адам”, “Сыр” атты очерктер жинақтары 
кезінде әдеби сыннан да, қалың жұртшылықтан да жоғары бағасын алды. 
Жазушының “Менің Әуезовім” романы 1998 жылы Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 
жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 
Мұнайшылар өмірінен жазылған 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен 
теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де 
жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» 
монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен 
толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен 
мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Ғұлама ғалым, 
ұлағатты ұстаздың «Әдебиет теориясының негіздері» атты монографиялық зерттеуі отыз 
жылдан астам уақыттан бері сөз өнерінің сыры туралы қолдан түспес оқулыққа айналды. 
Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің 
шапағатын көрген ұстазы — ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын 
жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген. 


53 
ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық 
мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің 
ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға 
көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды. 
Аударма жұмыстарымен де айналысып, бұл салада да аса жемісті еңбек етіп, 
А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, 
В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» 
романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», 
Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған. 
З.Қабдоловтың Отан алдындағы елеулі еңбегі жоғары бағаланып, «Ха­лықтар 
дос­тығы», «Құрмет», «Па­расат» ор­дендерімен, көпте­ген ме­даль­дар­мен және Қазақ 
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет гра­мота­лары­мен ма­рапат­талған. Қазақстан 
Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі 
сыйлығының лауреаты атағын иеленген. 
Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің 
қабырғасы­на мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі 
берілген. 
Жазушы туралы жылы лебіздерге тоқталар болсам, бәрі де ұлт мақтанышын үлгі 
тұтады. «Теңдесі жоқ кемел суреткердің қаламынан аз да болса саз болып, қапысыз 
сомдалған, қыздың баласындай сүйкімді, Қызырдың алақаны сипағандай, жан-жүрегіңді 
елжіретіп қоя берер абзал да әсем прозалық шығармалары мына дүниеде талайды 
тамсантып, мәңгі қалмақ…», - деп кезінде жоғары бағасын берген абыз жазушы Ә. 
Кекілбайұлының сөзі өміршеңдігімен құнды.
«Атырау жұрты Зейне ағаңдай заңғар жазушыға жерлестігін мақтан тұтатын еді… 
Сол әзиз жан, жанашыр аға, даңқты жазушының артындағы мол мұрасын біздер мәңгі 
медет тұтамыз», - деп бағалайды Аслан Мусин. «Адам баласының ананың ақ сүтінен кейінгі 
қарыздар бейіл кешері – Ұстаз! Жұмыр басты пенденің жанын нұрландырар ұғымның 
ұлысы – Ұстаз! Өмірде ұқсағымыз келіп тұрар ұстаз еді, Зекең! Өнерде ұқсағымыз келіп 
тұрар ұстаз еді, Зекең!», - дейді ғалым Құлбек Ергөбек.
Дуалы ауыз сөз зергері, ел ағасы З.Қабдолов айтқан өнегелі уағыздар ұлтты елдік 
пен бірлікке үндейді. Қазақ қауымының рухани өмірінде азаматтық пен кісіліктің, кішілік 
пен зиялылықтың орасан үлгісі бола білген осынау аяулы тұлғаның ардақты бейнесі 
жүрегімізде мәңгі сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет