«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ТАЛАЙДЫ ТАҢДАНДЫРҒАН ТАЛАНТ



Pdf көрінісі
бет4/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
ТАЛАЙДЫ ТАҢДАНДЫРҒАН ТАЛАНТ 
 
Жұмат Тілепов 
филология ғылымдарының докторы, профессор,-Алматы қ., Қазақстан 
Құрметті әріптестер! Академик-жазушы Зейнолла Қабдолұлы туралы 
естеліктерді үлкен тұлғаға деген құрметпен айтамыз 
 
Барлығы да күні кешегідей. Зекеңнің көзі тірі уақыты. Кітаптары шығып жататын. 
Араға он жыл салып жететін мерейтойлары кезегімен келіп тұратын. Мерзімді баспасөз, 
радио мен теледидарлардағы тілектес інілері мен қарындастары сұхбат алатын. Алдындағы 
ағалары мен апаларынан бастап, қолына қалам ұстаған үлкенді-кіші әріптестері Зекең 
туралы ой толғайтын. Бірі кісілік, азаматтық парасатын айтатын. Бірі - ғұлама ғалымдығын, 
бірі - табиғатта өте сирек кездесетін ұлағатты ұстаздығын, бірі - адам жанының қоғам, 
мемлекеттік құрылыстың іс-әрекеті, мінезі арқылы өзгеруі, жаңарып жаңғыруын айнытпай 
түсіретін сөз зергері екенін барлық ықылас-пейілдерімен мөлдіретіп келіп жазатын. 
Ақындар жыр арнайтын. Мұның барлығы сан қырлы талант иесі Зекеңнің азаматтық 
болмысына, қабілет-дарынына деген елінің, сол елдің сөзін ұстаған, билік тізгінін ұстаған 
жандардың сүйсінісінен, талант табиғатына деген таңданысынан туындайтын-ды. 
Шынында да Зекең, Зейнолла аға Қабдолұлы талайларды таңдандырып өткен, табиғатта өте 
сирек кездесетін тарлан еді ғой.
Табиғаты дархан Тәңірінің қолы берейін дегенде береген ғой. Ол қанша сақи 
болмысты болса да, мүмкіндігі шектеулі адам емес. Қазынасы да көп. Базынасы да 
өлшеусіз. Бірақ ол мөлшерсіз қазынаның иесі бола тұра, үнемі жер басып жүрген 
пенделеріне оңды-соңды бақыт- байлығынан үлестіре бермейді. Барлықтың, бақыттың ең 
қастерлісі қабілет, дарын болса, оған дегенде тіптен аса мұқият. Бәлкім, ойын баласының 
ойыншығы секілді бағасын тез жоғалтпауы үшін де дарын аталатын ерекше қасиетті ұлы 
жаратылыс пендесіне сирек сыйлайтын болса керек… Дегенмен, қалай болғанда да, 
күйбеңдескен көптіктің үнемі назары сынық боп, тірлігі қоңыр төбел тартып, жүдей
бермеуі үшін жаратушы үлы күш адамдар ортасына сол көптік тек шүйіркелесіп жүруі үшін 
ғана емес, кеңістік дүниесіне жанар кеңірек ашып қарап, кемелділікке талпынуы үшін ара-
тұра өзінің сүйікті құлдарының бойына жан иесін сүйсінтер біраз қасиеттер лап отыруға 
пейілді… Анау өткен ғасырдың алғашқы таңымен бірге оянып, елді оятуғ бар қажыр-
қайратын жұмсаған, алдарына ұлы реформаларды жасауды мақсат етіп қойған Алаштың 
көшбасшыларын былай қойғанда солардың қадір-қасиетін қапысыз таныған Қаныш 
Сәтбаев, Мұхта Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Қалибе 
Куанышбаев, Ахмет Жүбанов, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан Серке Қожамқұлов, 
Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Бауыржан Момышұлы, 
Тайыр Жароков, Мұхаметжан Қаратаев, Елубай Өмірзақов, Әбділда Тәжібаев, Әбу 
Сәрсенбаев, Әлжапар Әбішев, Дихан Әбілов, Ғали Орманов, Зейін Шашкин, т.т. ғылым мен 
білімнің, өлең мен өнердің өресін өсіріп, өрісін кеңейткен осынау әрқайсысы кез келген 
сыншыл жұрттың құрметіне лайықты жандардың алғашқы екеуінен өзгесі ол уақытта тірі 
болатын. Сосын соларға жалғас келе жатқан қажыр-қайраты ересен тағы бір шоғыр топ бар-
ды. Солардың қатарында ұстазымыз Зейнолла Қабдолов ағамыз да бар болатын. Осы 
кісілерді көреміз, тәрбие-тәлімдерін аламыз деп ойлаған біздің қуанышымызда шек жоқ. 
Бұл 1964 жылдың күзі еді. Біз сол замандағы республиканың маңдайына ұстаған жалғыз 
университеті - КазГУ-дің бірінші курсына жаңа қабылданған су жаңа студенттері 
болатынбыз. Ол уақыттағы жоғары оқу орындарының оқушылары ауыл шаруашылығы 
деген еңбек семестрінен тыс қалып көрген емес. Біздерді де «Горный гигант» аталатын 
совхоздың тау алабындағы алмасы мен алмұртын жинауға жіберген-ді. Жұмыс десе білегін 
сыбанып тұрған жастарға мұндай шаруа дүниенің рахаты емес пе? Жинадық та тастадық. 
Содан бірінші курстың бірінші лекциясына келіп отырған бетіміз. Старосталарымыз 


10 
Амантай Сәтбеков пен Райхан Есенбекова: «Қазір Қабдолов ағай келеді, тыныш 
отырыңыздар», - деп, бәрімізді тәртіпке шақырып, аудитория ішін жым- жырттыққа бөлеп 
қойған. Содан демімізді ішімізден алып, бірінші сабақты жүргізуге тиіс ұстазды күтіп 
отырмыз. Бір уақытта біз отырған дәрісхананың есігі оқыс жұлқа ашылған да емес, 
созалаңқы баяу ашылған да емес, әлденендей бір кербез қалыппен ашылып, ішке орта 
бойлыдан сөл қалыңқы, жарқыраған бота көзді, жылы жүзді ер адам еніп келе жатты. Біздер 
орнымыздан дүрк көтеріліп, есендесу рәсімін жасадық. Келген кісі бөрімізді бұрыннан 
білетіндей, басыи изеп, сұлу жымияды. Жанарым нұрлы.
Менің ойыма осыдан бір жылдай бурын «Жұлдыз» журналында жарияланған 
«Жалын» романы оралды. Мына кiсi - соның авторы. сосын «Жайық қызы» дейтін керемет 
ән өлеңі болатын. Оны біз бастауыш сыныпта жүрген уақыттан бері білетінбіз. Оның, үстіне 
орта мектепте С. Қирабаев, А. Нұрқатов секілді ағаларымызбен бірiгіп жазған «Қазақ 
әдебиеті» оқулығын оқыдық. Сонда қалай болғаны, біз бұл ағайды жігіт ағасы мөлшерлі 
ересек, бәлкім егде адам шығар деп ойласақ, тіптен жап-жас қой. Бағана, алма жинау кезінде 
жап-жақсы достасып қалған Қайсар Жорабеков, Сайын Кереев, Мақсұт Әндіжанов дейтін 
жолдастарым: «Бүл ағайдың «Ұшқын» деп аталатын анау-мынау романға бергісіз повесі 
бар, «Жалын» романы соның жалғасы; автор студент жастар өмірін де, атақты Ембінің 
жұмыскер мұнайшыларының жанқияр тірлігін де керемет біледі. Жазушылар одағында 
хатшы болған, Орталық Комитетте істеген, «Жұлдыз», Қазақ әдебиеті» секілді әруақты 
басылымдардың бас редакторы болған. М. Әуезов сынды ақыл-ойдың алыбына шәкірт 
болып, ол кісінің өмірден өтер алдындағы қаламдастарына бақұлдасып жазған соңғы 
хатында ендігі жерде әдебиеттің шаңырағын көтерісіп, рухын биіктетеді деп үміт 
ететіндердің санатында оның да аты аталған. Бұл тегін емес. Өзі ғылым кандидаты, доцент. 
«Жанр сыры», «Адам» деп аталатын да кітаптары бар», - деп, маған «сен біздерді кім 
оқытқалы тұрғанын ұқтың ба?» дегендей болған. Бірақ ұстазымыздың дәл қанша жаста 
екенін сол білгіштердің өзі білмейді екен. Сол жылы ағай отыз жеті жасқа қарай адымдап 
бара жатыпты. Ал өңі тым жас. Ептеп маңғаздана басатыны болмаса, жүрісі тіптен ширақ. 
Осы қалпын алғаш көрген біздің курстағылардың көбісі бұған таңғалысып, біразға дейiн 
айтып жүрдік. Тегінде, жұрттың солай айтып, солай ойлауына, сол біздің курсқа дәріс оқуға 
келгенге дейінгі уақыттың ішінде ағайдың нардың жүгі секілді қыруар қызметтерді 
атқарғандығы себепкер болған шығар деп ойлаймыз. Алғашқы сабағын лектор 
студенттердің аты жөнін журнал бойынша түгендеуден бастады да, одан әрмен оқымақ 
пәннің табиғатын түсіндіруге арнады. - Әдебиетті біреу от, біреу су дейді. Осы сөзді айтып 
жүрген жан- дардың да өз қисыны бар шығар. Өйткені от пен су күллі тіршіліктің мәні мен 
мағынасы ғой. Ал, шындығында, әдебиет - ардың ісі, Адам бойындағы ең қастерлі қасиет - 
ар, арлылық болса, әдебиетті сол ардың туын көтеруге лайықты адамдар жасайды.
Зекеңнің қазақ әдебиеті туралы Пәкстанда өткен әлемнің әр қырынан жиналған 
қаламгерлер форумында сөйлеген сөзі оның халықаралық дәрежедегі биік мінберлерден 
қазақ елінің атынан сөйлеуге лайықтылығын көрсетіп қана қоймай, әлемнің әр алуан 
талғамдағы әрқилы жазу, ойлау машығындағы сөз зергерлерін де риза етіп, таңдандырған-
ды. Риза болғандықтары сол, залдағылар «Қабдолов, Қазақстан» деп шешен сөзін 
аяқтағанда қол соғып, қошеметтеген. Ол онда қазақ ренессансы туралы толғана келіп, Абай 
мез Әуезовтің әрқайсысының шығармашылығы орыс әдебиетінде A. Пушкин, Л. Толстой 
сынды даналар қарымымен қатарлас екендігін жеріне жеткізіп тұрып айтқан. Алдын ала 
ағылшын тілінен баста бірнеше негізгі тілдерге аудартып апарған, жиын кезінде сол 
тілдерде оқытылған бұл сөздерінен соң академик-жазушы бүкіл сол форумға келгендердің 
назарында болған. АҚШ секілді алып елдің өкілі қазақ елін, қазақ әдебиетін біз жаңа 
таныдық қой деген лебіздер айтқан. Зейнолла ағаның қандай мінберге көтерілсе де 
тыңдаушылары селқос қалдырмайтын, тауып айтатын жүйріктігін білетін замандастары 
оның ел өміріндегі ең бір елеулі сәттерде, жауапты кезеңдерде сөз алуын қалайтын. 
Мәселен, оның 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
оқытушыларымен және студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті кездесуге 


11 
келген кезде ұжымның атынан сөйлеуі де, 1997 жылы еліміздің астанасы Алматыдан 
Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілу салтанаты тұсында алматылықтар атынан «көш көлікті 
болсын» айтып, лебіз білдіруі де – соның дәлелі.
Көбінесе сырт қауым Зейнолла Қабдолов майын тамызып әдемі сөйлейтін шешен 
болғандықтан, өзіне сөз берілген жердің бәрінде де жұрттың құлаққұрышын қандырып, 
сөйлей беретін шығар деп ойлайды. Шындығында олай емес. Мысалы, 1997 жылдың 
желтоқсанында халық жазушысы, академик 3. Қабдоловтың 70 жылдық мерейтойы
республика көлемінде атап өтілді. Келушілерде де, құттықтаушыларда да кемдік жоқ. Оның 
үстіне сол жылы мерейтой иесі ұлы ұстазы Мұхтар Әуезов туралы романын аяқтап, ол кітап 
болып жарияланып, халық соны оқып, әбден риза болысып, риясыз көңілмен сүйсінісіп 
жүрген кез. Кітапханалар, оқу орындары, еңбек ұжымдары шақырады. Бәрі де лебізін 
тыңдағысы келеді. Әсіресе, өзі қабырғасында студент болып қабылданып, академиктікке, 
халық жазушысы дәрежесіне жеткен дінің ұстаздары мен студенттерінің той үстіндегі 
ғұлама лебізін естуге деген құмарлығы ерекше. Атақты оқу орнының биология 
факультетінің корпусындағы ең үлкен мәжіліс залында сан ұлттан құралған тілектес 
жұрттан ине шаншарға бос орын жоқ. Біраз адам орын болмағандықтан түрегеліп 
тындауда. Адам демімен, жалт-жұлт еткен прожекторлар сәулесімен зал ысып кеткен. 
Қарапайымдылығымен ер қатар-құрбыларын тандандырумен келе жатқан Сәуле апай, 
мерейтой иесі – жарының жанына бармай, көпшіліктің арасынан келіп орын алған. Төрде 
отырған Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тұрсынбек Кәкішев сияқты тілектес достары Зекеңнің 
қасына келіп отырғанын қалап, шакырып еді, соған қарамастан апай сол жерде отырып 
қалды. Бұл кісі де «Апыр-ай, қазір Зекеңе сөз бергенде калай сөйлер екен?.. деп отырған 
сияқты. 
Бір кезде Зекеңе сөз берілді. Зекен орнынан тұрды. Әртүрлі мамандықтағы, әралуан 
жастағы, әрқилы ұлт өкілдеріне бұл кісі кай тілде, калай тіл қатар екен деп зал жым-жырт 
бола қалған. Жоқ, Қазтуған жырау айтқандай, «сөйлесе қызыл тілдің шешені, бұл жолы 
өзіне қол қусырып қызмет етіп отырған халқына: «Я вас люблю», - деді де, үш дүркін басын 
иіп, тағзым етті. Бар болғаны осы. Зал осыған қатты риза болды. Қол соғып тұрып алды. 
Көреген жанның бұл қылығын да халкы көшеліліктің, көсемдіктің белгісі деп қабылдады.
Арада бес жыл өткенде өзінің жарты ғасыр ұстаздық еткен университеті озық ойдың 
иесі - Ғалым ағасын, кабыргалы каламгер ағасын орталарына ала отырып, 75 жылдыгын 
өткізуге дайындық жұмысын жүргізіп жатты. Бұл әңгіме Зекеннін кулагына жетті. Ол 
университет ректоры Төлеген Әбдісағиұлы Кожамкұловқа жолығып: «Жетпіс беске келу, 
қартаю, сол да той ма, тойдын керегі жоқ», - деп өз ойын білдіреді. Сол сөзін «Қазақ 
әдебиеті» газетінен сұхбаттасуға келген Еркін Жаппасұлына да кайталап айтады. Газет 
жетпіс беске келіп отырган ел ағасының бұл сөзін халыққа жеткізеді. Бірақ той өтті. Елдің 
ықыласы өзіне әбден ауғанын көргеннен кейін мерейлі жасқа келіп отырған ағамыз 
шегіншектей бермей, халкының дегеніне көнді. Ол той үстінде сөйлеген сөзінде, бұл 
басқосуды 75 деген жастың қарасын көрмей о дүниелік болған Қаныш Имантайұлы 
Сәтбаев, Мухтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Ахмет Қуанұлы 
Жубанов, Кажым Жұмалыұлы Жұмалиев, Бауыржан Момышұлы сынды қазақ жұртынын 
ғылымы мен білімі, өнері мен әдебиетінін ешін бастап, өркенін өсірген агалары мен өзінін 
Мүсілім Базарбаев, Айқын Нұрқатов секілді құрдастарының рухына көрсетілген құрмет деп 
біліп, қабылдайтыны жайында толғанып тұрып айтты. Ал бұл сөздер, шындап келгенде, 
мерейтой иесінің жан дүниесінен хабардар етер ой толқындары болатын. Мұндай сөзді тек 
ет жақынының ғана қайғысына қамықпаса, өзгелердің мұңы мен қасіретіне, қуанышы мен 
бақытына ортақтығы жоқ адам айта алмайды. Бұл сөздерде халқының тағдырын өз өмірінен 
жоғары қойып, бүкіл саналы ғұмырын сол үшін арнаған абзал қандастарының жете алмай 
кеткен арман-мұратын, жасай алмай кеткен жасын ойлағанда қамығып кететін аса терең 
ойлы азаматтың бүкіл кісілік болмысы жатыр. 
Менің ойыма Зекеңнің ертеректе айтқан бір сөзі оралды.


12 
1991 жылдың желтоқсаны. Зекең әлденедей бір шаруаның ретімен академияның 
Әдебиет және өнер институтына келді. Ол кезде аталмыш мекеменің басшысы академик 
Серік аға Қирабаев болатын. Сол кісіге кіріп шықты. Өзі асығыс. Университеттегі 
лекциясына кешікпеуі керек екенін айтып, далаға беттеген. Өңі тым солғындау көрінді. 
Сонда өзін күтіп тұрған дарынды шәкірті, бұл күнде марқұм болып кеткен Әуез 
Бейсебаевтың көлігіне келе жатып: «Бүгін мен ұлы Мұхаң, Мұхтар Омарханұлының 
жасынан бір күн асып барамын. Өмір ғой… Бірақ мен, Мұхаң жасынан асып бара 
жатқаныма кінәлі болмасам да, біртүрлі өзімді жайсыз сезініп, қатты ыңғайсызданамын», - 
деп айтқаны бар-ды.
Демек, Зекеңнің ел алдына шығып тұрып айтқан бұл сөздері - оның жетпіс бес 
жылдығын тойлап жатқан халыққа не айтсам екен деген кезде, тауып айтып тұрған әңгімесі 
емес, қаламгер-ғұлама тұрғысында өзінің өмір туралы, заманы, ілгерілі-кейінді буынның 
тағдыр-талайы жайлы қашаннан бері жанын мазалап жүрген жүрек түбіндегі сыры 
екендігінде дау жоқ.
Жиналған ел дүркірете қол соғып жатыр. Нұсқалы сөз күтіп отырған жұртты той иесі 
бұл жолы да риза етті.
Зекеңнің көп үмітін ақтамаған, елдің күткен жерінен шықпаған жері болып көріп пе 
еді? Өзіне-өзінің көңілі толмаған тұсы көп болар, бірақ оған ілгергі толқынның да, кейінгі 
буынның да өкпесі болмауға тиіс. Ол ең алдымен адам бойынан, сол адамның жақсы 
қасиетін іздеп тауып, соны елге, жұртқа, қала берді әлгі адамның өзіне айтуға асығып 
тұратын. Қаламгер әріптестері туралы жазған тұста, халық жазушысы, ақкөкірек асқақ ақын 
Мұзафар аға Әлімбаев жазғандай, «жігерлендіріп жазатын». Шығармашылық орта, соның 
ішінде ақын-жазушылар қауымының арасы күнде жайма-шуақ болып тұра бермейді.Бірақ 
сол ортада да ол осы пейілімен,осы қасиетімен сыйлы болатын.Ол көп шәкірт 
тәрбиеледі.Көп адамның әдебиет пен ғылымға келуіне себепкер болды.Бойында оты бар 
жандардан көмегін аяған емес.Ғылым кандидаты,ғылым докторы дәрежесін алу үшін 
жазылған талай десертация иелерінің ғылыми жетекшісі болды.Ұзақ жылдар әл-Фараби 
атындағы Қазақ университетінде кафедра басқара жүріп,әдебиеттану ғылымы бойынша 
докторлық,кандидаттық қорғататын кеңестің төрағасы болды.Республика Ғылым 
академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы филология 
бойынша ғылыми дәреже беретін кеңестің мүшелігін де қоса атқарды.Академия президумы 
мен Жазушылар одағының елеулі мәселелер шешілетін алқалы жиындарының да оның 
пікірімен әріптестері санаса білетін.Абыройы мол болатын.Бірақ оның сол абырой-атағын 
пайдаланып,бұра тартқан тұсы болды дегенді естімеппіз.Оның талайды таңдандыратын осы 
қасиеттері еді ғой. 
Бір жолы жұмыстан бір мезгілде шығып қалыппыз.Мен көлік ұстадым.Ойым:ағаны 
үйіне жеткізіп салу.Сол күні ол ұлттың ұстазы Абайды еске ала отырып,өлім туралы әңгіме 
қозғады.Кейбір шәкірттерінің кісілікке жараспайтын қылықтарын сөз етті. «Сонда солар 
мені күреске шақыра ма екен?..Қазір солардың өздері де сол қылықтарына 
ыңғайсызданатын шығар деп ойлаймын.Адам қандай жағдайда да ар мен абыройды 
көңілінен таса қылмауы керек қой.Маған мына кісінің бүкіл тірлігі өлімге дайындық секілді 
болып көрінеді.Абыройлы өлімге..» 
Өлім демекші,Зейнолла ағаның ол дүниеге аттану сапары да кісі таңғаларлықтай 
болды емес пе?Екі жылға жуық төсек тартып жатты.Оның алғашқы он шақты айында ес-
түссіз…Дәрігер ағайындар да,тілектес қауым да аянып қалмаған шығар.Сирек 
жаратылатын қасиет иесі Сәуле апа қасында.Содан Зейнолла аға ана дүниенің есігінен аттап 
тұрып,бері қайтты.Бұл ретте халықтың біртуар ұлы Иманғали Нұрғалиұлы 
Тасмағамбетовтың қажыр-қайраты, Зәкең сынды ел ағасының ауруының бетін қайтарудағы 
сіңірген еңбегі ерекше болды…Сөйтіп,бір жылдан астам уақыт сөзі мен ойы айқын,баяғы 
сау кезіндегі Зәкең қалпына жақындаған ұлы азаматтың хал-күйі зерделі көкіректерге үміт 
сәулесін оралтты.Тілектес жұрт аяғын басып,тау суындай тасқындап сөйлеп тұрған дүлдүл 
жүйріктің баяғы қалпын қайта көрсек деп ынтықты. Ақи-тақи жазылатынына 


13 
сенді.Үміттері ұзарып,бүкіл ел, осы кісі біледі-ау деген жандардан: «Зәкең қалай екен?»-
деп сұрастырып жатты. Шәкірттері қаламдас достары абыз ағамыздың саулығына жәрдем 
болар ма екен деп, өздерінің тілектестігін ел атынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
жеткізумен болды.Әйтсе де туралап келген өлім кімді болса да алмай қоймайды екен. 
Ақыры алып тынды. Халық, Оңайбай Көшеков атамыз айтқандай, “мың жылда біо туао 
азаматымыздан айырылдық деп күңіреніп кетті. Зекеңнің тәрбиесін көрген қаламдас інісі 
Әбіш Кекілбаев жазғандай, қабырғалы жұрты “қанаты қайырылғандай күйге түсті…” 
Әйтсе де бір жай көңілге медеу - ол дүниеге талай алыптарды әкелген қазақ атты халық 
аман - есен тұрған жерде Зекенді ел болып іздейтіндігі. Ал ел іздеген ердің өмір жасы 
әмәнда ұзақ. Олай болса, бүгінгі таңда туғанына сексен бес жыл толып отырған, өмір бойы 
елді таңдайтып өткен тарлан таланттың талай мерейтойының елдік деңгейде тойланарына 
күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет