«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет78/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ 
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ 
 
Темирова С.Д. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы,-Ақтау қ., Қазақстан 
Қазіргі уақытта жобалық менеджмент жүйесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
органдарының қызметіне белсенді енгізілуде. Әдіснамалық бөлім үлгілік регламентті және 
жобалық басқару қағидаларын әзірлеу мен бекітуден тұрады. Жобаларды басқару жүйесінің 
ұйымдастырушылық бөлігі мемлекеттік органдардың жобалық офисінің жұмысымен, ал 
ақпараттық қамтамасыз ету бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмысымен анықталады.
«Қазақстан-2025» стратегиясы бойынша мемлекеттік органдардың ішінде, бірінші 
кезекте, ірі өзгерістерді талап ететін жобаларды әзірлеу мен іске асыру сияқты салаларда 
пайдалану үшін жобалау тәсілдерін тарату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Ең 
қазіргі заманғы, мысалы, цифрлық технологияларға байланысты тақырыптар бойынша 
бағдарламалар мен жобалар әзірлеу үшін Agile сияқты қазіргі заманғы тәсілдер 
қолданылатын болады [1].
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін тиімді шешу үшін Қазақстанның 
Үкіметі дәстүрлі басқару тетіктерімен қатар берілген бағыт бойынша өзгерістер мен 
тәуекелдерді басқарудың арнайы құралы – жобалық басқару жүйесін енгізді. Халықаралық 
тәжірибені талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметінде жобалық басқару 
моделі әзірленді. 
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілді. Үкіметте жобалық басқарудың 
негізгі мақсаты экономиканың өсу қарқынын жеделдету үшін қосымша шараларды іске 
асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Жобалық басқару департаменті мемлекеттік 
органдарға жобалық басқаруды енгізу бойынша үйлестірушілік және әдіснамалық қолдау 
көрсетеді [2].
Жобалық басқару технологиялары жергілікті атқарушы органдар да ензілуде. 
Қазақстанда өңірлік деңгейдегі аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру офистері 
құрылды. Өңірді дамыту бағдарламасы аумақты дамыту бағдарламасын және өңірді 
дамытуға бағытталған басқа да жобалар тобы, жобалар мен шаралар жиынтығын қамтиды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік органның 
жобалық офисі дегеніміз жобалық қызметтің барлық қатысушыларымен жобалық 
қызметтің өзара әрекеті мен үйлесімділігін қамтамасыз ететін матрицалық басқару 
құрылымы қағидаттары негізінде мүдделі жақтардың қатысуымен мемлекеттік органмен 
құрылатын ұйымдық құрылым. Жергілікті басқару жүйесінде құрылған аумақты дамыту 
бағдарламасын жүзеге асыру офистері негізгі 5 базалық бағытта жұмыс жасайды: 
1.
Адам капиталы; 
2.
Инфрақұрылымды дамыту; 
3.
Кәсіпкерлік және индустрия; 
4.
Агроөнеркәсіптік кешен; 
5.
Мемлекеттік сектор, мемлекеттік қызмет көрсету, қауіпсіздік және 
цифрландыру. 
Жобалық офистің жоба командасы жобалық менеджмент технологияларымен, атап 
айтқанда, идеяны бастамашылдық ету, оны жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау, аяқтау 
процестерімен толық танысты. Жобалық менеджменттің негізгі мазмұны – жоба идеясы 
туындағаннан бастап нәтиже алғанға дейінгі процесс бақылауда болатын, шекті ресурстар 
жағдайында ерекше нәтиже алуға бағытталған процесс [3].

Мемлекеттік органдарда жобалық басқарудың негізгі мақсаттары болып 
табылады: 


235 

қазіргі заманғы технологияларға негізделген жаңа ұйымдық мәдениет пен 
сервистік үлгі енгізу; 

жобалық басқарудың құралдары, әдістері, жақсы тәжірибесі мен 
стандарттары
негізінде мемлекеттік секторда жобалық басқаруға бірыңғай біріздендірілген тәсілді 
қамтамасыз ету; 

мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу дәрежесіне уақытылы басқарушылық
шешімдер қабылдау үшін жедел онлайн-мониторинг және жағдаяттық талдау 
жүргізу; 

республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сонымен қатар мемлекеттік 
жеке меншік әріптестік есебінен қаржыландырылатын жобаларға бастамашылдық 
ету және іске асыру процестерінің азаматтар үшін ашықтығы мен мөлдірлігі; 

орнықты даму бағытында мақсаттарға қол жеткізу. 
Мемлекеттік секторға жобалық менеджмент қағидаларын енгізу түрлі басқару 
деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілерге экономика мен қоғамның дамуының өзекті 
міндеттерін неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді. Жобаларды басқару мемлекеттік 
басқару жүйесінің құрамы, түрлі мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар мен жобаларды 
табысты жүзеге асырудың әмбебап кілті болып табылады. 
«Цифрландыру жарнама болып қана қалмау керек. Жобаларды таңдауда оның 
тиімділігіне, қаншалықты ол жобаның өңірге қажетті екеніне көңіл бөлу маңызды 
Мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық басқару қағидаттарын енгізу бюджеттік 
жоспарлауды жақсартуға, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігін арттыруға, сонымен 
қатар мемлекеттік инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. 
Цифрлы трансформация арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, тиімділігін 
арттыру, сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ цифрлы 
инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп, әлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштерді технологиялық өнімдердің есебінен жақсарту. Осындай өр 
мақсатты орындау үшін Үкімет «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен 
технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын қолға алды. 
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат 
Мусиннің пікіріне сүйенсек, Ұлттық жоба 10 бағыттан, 26 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен 
және 211 іс-шарадан тұрады. Оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған [4].
«Ұлттық жоба екі блокқа бөлінген. Біріншісі – цифрлы трансформация. Нақты 
айтсақ, қызметтерді 5 минуттың ішінде көрсету, IT саласын дамыту, халық үніне құлақ 
асатын және тиімді мемлекет құру, қолайлы өмір сүруге арналған цифрлы құралдарды 
қолдану, технологиялық және инновациялық бизнесті дамыту, сол секілді сапалы интернет 
пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарынан тұрады. Екіншісі – ғылым. Яғни 
ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту. Бұл дегеніміз, ғылыми экожүйенің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру, еліміздің дамуындағы ғылымның үлесін ұлғайту, ғылым-өндіріс-
бизнес тізбегінің сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және ғылымдағы әкімшілік 
үдерістерді жетілдіруді білдіреді. 
Естуші және тиімді мемлекет тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік 
сектор ішіндегі процестерді оңтайландыруға, мемлекеттік органдармен байланыс үшін 
халықты құралдармен қамтамасыз етуге, мемлекеттік құрылымдардың жұмысын 
күрделендіретін құжат айналымын төмендетуге бағытталған бірқатар жобаны іске асыру 
бойынша жұмыс жалғасын табады. 
«Естуші және тиімді мемлекет» үшінші бағыты бойынша азаматтармен тікелей 
диалог орнату үшін «Е-петиция», «Е-өтініш» және тағы басқа тетіктерді құру маңызды, кез 
келген азамат бұған смартфон арқылы өз бағасын бере алатын болады. Мемлекеттік аппарат 
ішіндегі процестерді күрделендіретін құжат айналымын 50%-ға төмендету көзделген. 
Тиімділікті арттыру үшін процестерді, мысалы, жобалық басқару бойынша мемлекеттік 


236 
құрылымдар арасында артық хат алмасуды қажет етпейтін заманауи проджект-менеджмент 
құралдарында жүзеге асырады. [5]. 
Қорытындылай келе, цифрландыру процесі жаңа деңгейге көшуге дайын болуды
жаңаша ойлауды, жаңа тәсілдерді, жаңа технологиялық өзгерістерді талап етеді. Ол үшін, 
цифрландыруды аймақтарда жүзеге асыратын цифрлық технологиялар басқармаларына 
жаңаша көзқарас, яғни оның құрылымына, функцияларында, мамандармен қамтамасыз 
етілуінде өзгерістер қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспары,
«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2021 
жылғы 
31 
мамырдағы 
№358 
қаулысы, 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000358 
2.
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысы, 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000358  
3.
«Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 
Президенті 
Жарлығының жобасы туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 
наурыздағы № 188 қаулысы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000188  
4.
«Егемен Қазақстан» газеті https://egemen.kz/article/294826-digitel-tsifrly-
orkendeudinh-dgoly  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет