Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
СОӨЖ 3
Тақырыбы: Балалар әдебиетінің негізін қалаушылар
Пәні: Қазақ балалар әдебиеті
Орындаған: Садык Г
Тексерген: Қобланов Ж
Тобы: Кял 19-1
Ақтау 2022ж
Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тәрәбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан. Қазақтың ұлы ағартушы педагогы мектеп ашқаннан кейін, оқытуға қажетті оқу құралдарының қажет боларын да назарға алған. Сол себепті Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазады. Одан бөлек ол әдістемелік мәні бар ''Семья мен мектеп'', ''Халық мектебі'' журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық жинағын физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинаған.
Ақын өзінің белгілі өлеңінде:
Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-
деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Кейіннен жазылған "Қазақ хрестоматиясында" сөз басы ретінде осы өлеңнің басты төрт жолы берілген еді. Қазақ әдебиетінде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Тек ақынның поэзиясы ғана емес, оның жазған шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі оның дәуіріне дейін балалар әдебиеті ретінде танылған бірде-бір еңбек болмаған. Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Педагогикалық өмір жолы, қазақ мәдениетін дамытуы, ақындық және жазушылық қызметі қазақ әдебиеті тарихында өзіндік бағаға ие Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» сияқты еңбектерінің тақырыптық, тәрбиелік ерекшеліктері айтылады. Ұлттың негізгі рухани қуатының деңгейі қай заманда болмасын, оның көркемдік дәстүрі, сабақтастығы, сондай-ақ мұра болып келген рухани-эстетикалық, адамгершілік құндылықтары мен сөз өнеріндегі жаңа жетістіктері арқылы өлшеніп отыратындығы белгілі екендігі анық. 70-жылдардағы Шортанбай мен дулат дәуірінде Қостанай мен Торғайда жүрген Ыбырай қазақ халқының экономикасы, тұрмысы мен мәдениетінің неғұрлым жылдам дамып, ілгері басуына бет бұрған. Ыбырай идеясының жаңашылдығы осында... Ыбырай өзінің өлеңдерін 60-жылдары, прозасын 70-80 –жылдары жазған деп шамалаймыз. Ол ақын, жазушы, әрі педагог болғандықтан, өзінің ағартушылық пікірлерін көбіне ғибрат түрінде үндеп, үгіттеп отырады»,-деп Ы.Алтынсариннің ескі қоғам мен жаңа қоғам арасындағы қайшылықты көргендігін, оның басты тақырыбы – еңбек болғандығын айтады. Ы.Алтынсариннің ұдайы көтерген тақырыптарының бірі – еңбек. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш», «Әке мен бала» т.б. көптеген әңгімелері мен аудармалары еңбек ету арқылы бар ойлаған мақсатыңа жететіндігіңді дәлелдейді. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Асан мен Үсенді салыстыру арқылы көп еңбектенген кедей баласы Үсеннің үлкен ақылпарасат иесі, сабырлы, пайымды бейнесін тіршілікке қыры жоқ болып өскен Асан образына қарама-қарсы қояды. «Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар»деп салған ұран бүгінгі күнде де өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтқан емес, керісінше айшықтана түскені де мойындайтын шындық. «Бала – баршаның байлығы мен бақыты. Бүгінгі бала ертеңгі ер азамат болғандықтан да балаға қарап біз болашағымызды болжап, бағалаймыз, бағдарлаймыз» . Тіршіліктің табалдырығынан енді аттаған сәбидің алдымен адам, жеке тұлға, саналы, парасатты азамат болып қалыптасуына берген тәрбиенің ықпалы зор. Мектеп қабырғасынан бастап бүлдіршін балаға Ы.Алтынсариннің шығармаларымен танысырып, қаһармандар образын санасына сіңірсек, еңбек ету арқылы оқу-білімге қол жеткізе алатындығын, кез-келген адамнан адамгершілікке толы іс-әрекет ету қолынан келетіндігін ұғындырсақ мақсатымызға жетеріміз анық. Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол ''Әке мен бала'' әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың'' секілді жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейітқұлда'': ''Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендік үлгіде сөйлейді.
Сонымен Ы. Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірілері қазақтың таусылмас қазынасы.
Ілияс Жансүгіров нағыз жан-жақты дарын иесі. Ол – қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар шыққан, қазақ әдебиет өнерінде өшпес із қалдырған үлкен қаламгер. Өз халқының әдебиетінің іргесін қалап қана қоймай, оның өміршеңдігін нақты өлмес туындыларымен байытқан талантты суреткер. Қазақ жеріндегі аласапыран төңкеріске дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ даласында поэзияның, прозаның, драматургияның, аударма, балалар әдебиеті мен журналистиканың тамаша үлгілерінің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан жаңашыл қаламгер болғандығын әдебиет тарихы жоққа шығармайды. Орыс және әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын Абайдан кейін сәтті аударған Ілияс болатын. Олардың Ілиясқа әсері мол болған. Қара өлеңнің қазіргідей үлгісін тұңғыш Абай қалыпқа келтірді десек, оны мейлінше дамытып, қанат бітірген Ілияс еді. Поэзияда өздері өмір сүрген заманның шындығын ашып, реалистік бояуын қалыңдата айтып, әр тақырыпты ақтарыла жырлау Абайдан кейін Ілияста анық байқалады. Ол – Абай жолын жалғастырған, поэзияда Абай деңгейіне дейін көтеріле алған дарынды ақын. Құлагер ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның әдеби тағдырындағы бақыттылық, ауыз толтыра айтатындай эстетикалық құбылыс, дәстүр жалғастығын көрсететін жайт. Қазақ балалар әдебиетінің ірге тасын қалауға негіз болған – батырлар жыры, ертегілер, мысалдар, шешендік сөздер, өтіріктер, жұмбақтар, тұрмыс-салт жырлары, айтыс, ауыз әдебиетінің басқа да нұсқалары бар еді. Мысалы, қазақ баласы түгел білетін – «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау», «аласа ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар», «белі бүкір, алысқа түкір» деген сияқты жүзге тарта жұмбақтарды алғаш жазып алған, редакциялаған, жеке кітап ретінде басып шығарған Ілияс екенін қазіргі таңда көбі біле бермейді. Атақты қырық өтірікті қағазға түсіріп, «Өтірік» деген атпен 1927 жылы басып шығарған да осы Ілияс. Автор өтіріктер туралы өзінің ойын: «Бұл жинақтың түпкі ойы, түпкі орны мен өтірігі – үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады», - деп түйіндейді. 1929 жыл Ілияс Жансүгіровтың балаларға арнап өндіре еңбек еткен кезеңі. Айналасы екі, үш жылдың ішінде «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», «Малта», «Шәукеннің шәркейі», «Жұмбақ», «Одақ» деген бірнеше суретті кітапшаларын көпшілікке ұсынды.Балаларға арналған шығармаларының ішінде тағы да бір көңіл аударатын ақын мұрасы – 1930 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан жұмбақтар жинағы. «Үй саймандары», «Жаратылыс құбылыстары», «Құрал-сайман» деген бөлімдерден тұрады.
Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Онық «Маузер» (1929), «Бандыны куған Хамит» (1922), «Бұлшық ет» (1923), «Балалар (1925), «Келіншектің бесік жыры» (1926), «Пионерлер» (1929), «Октябрь күні» (1929), «Біз комсомол» (1935), «Ананын хаты» (1925), «Анаға жауап» (1926) деген социалнстік реализм әдісі-мен жазылған өлең-әңгімелері кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-ақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары — балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен қайта дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды.
Балғын білек балтыр да.
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім турады сүйсітібей.
Көк темір кұрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен. …
Кайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті. Еңбекке жаңа көзқарас 20 шы жылдар әдебиетінің қолға алған ең күрделі де ұтымды бет алысы болды. Осыған орай мектептерде еңбек тәрбиесін колға алу кеңес педагогикасы-нын басты міндетіне айналды. Коммуналар мен интернаттарда және шаруа жастар мектептерінде политехннкалық оқудың іске асуыиа байланысты балаларды еңбекке социалистік көзқараста болуын үйретті. Ол кездегі политехникалық оқудың міндеті балаларды өндіріс пен ауыл шаруашылық ісіне негізделген еңбектін түрлі салаларымен таныстырып, үйретіп отыру көзделген еді. Сәкен «Калаушылар жыры» деген өлеңінде:
Қолда калақ шот аяқ,
Сұрғылт балшық үстіміз
Жігерлі сүр қалаушы
Жігерлі сүр түстіміз.
Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, Оларды тентек мінезділіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен сапалы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырып, қазіргі материалдық дүние жөнінде реальдық ұғым берді. Сондықтан Сәкен еңбек еткен азаматтардың кұлшына кіріскен ерлік істеріне сүйсініп, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттеді:Шаттық, қызық енбекте, іс істейміз сүйсіне. Темір қалақ үн қосар, күшті колдың биіне.
Көкке өрлетіп калаумен,
Қышыл кышты тізілту.
Қызыл күннің астына,
Орпатамыз кызыл ту…
Бұл елеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социалистік қүрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардын еңбегін, Отанға бсрілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқьш болашағы үшін істеліп жаткандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған. Балаларды еқбек тәрбиесіне баулудағы бүл елеңнің күшті де әсерлі болатыны осынысында.