Көне Түркі жазулары Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының аймағынан және Ресейдің Батыс Сібірде орналасқан Жаңасібір облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандағы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандағы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазулары ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: Енисей ескерткіштері. Талас ескерткіштері. Орхон ескерткішетрі. Талас ескерткіштері жазулары Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. Орхон ескерткіштеріне Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар, ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі чор» және «Мойын чор» ескерткіштерінің орны ерекше.