Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба-кестелер Оқытудың әдістері мен түрлері: Топпен жұмыс, тілдік талдау, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, құрылымдық талдау, дамыта оқыту әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі.
Деңгейлік тапсырмалар:
1- деңгей сұрақтары
1. Талғаулықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипатын анықтаңыз.
2 Себептік іргелес салалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық топтарын еске түсіріңіз.
2-деңгей сұрақтары
1. Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, тыныс белгілерінің жұмсалу ерекшелігін көрсетіңіз.
2. Айқындауыштық, обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, тыныс белгілерінің жұмсалу ерекшелігін көрсетіңіз.
3- деңгей сұрақтары
1. Теңдік, телінбе қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, тыныс белгілерін мысалдармен жазып көрсетіңіз.
2. Себеп қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, грамматикалық, семантикалық сипаты, тыныс белгілері - сөйлем құраңыз.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
БӨЖ тапсырмалары
Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі
Құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырудағы анафористік сөздердің т.б. амалдардың жұмсалу сипаттары
ОБӨЖ тапсырмалары
С.Аманжоловтың, Н.Сауранбаевтың қазақ синтаксисін, соның қатарында салалас құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері, олардың мазмұны
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне ажырата білуді үйрену
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Ермекова. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Оқулық. – Алматы, 2011
2 Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы, – Алматы, 2012, -189 бет
3 Қошанова Н.Д. Қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің сөйлем мүшелік қызметі. Оқу құралы. Түркістан 2016
4. Қошанова Н.Д. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы. Түркістан, 2018
Достарыңызбен бөлісу: |