Қазақ филологиясы кафедрасы Оқу (фольклорлық) практика



бет5/6
Дата11.12.2023
өлшемі41,92 Kb.
#137361
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
.Еркінқызы Орынгүл

Ақтөбе, 2022ж
Оқу (фольклорлық) практика материалы.


Оқу практикасында жазып алынған материалдың толық мәтіні жазылады
Бұл күнде көптеген мақал-мәтел, тұрақты сөз тiркестерін әңгіме арасына қыстырып жібергенiмiзбен ары қарай оның мағынасын тарқатып бере алмаймызКейде тiптi алғашқы мазмұнынан мүлде алшақ мағынада қолданамыз. Неге? Бiз де көшпелі дәуірден отырықшылыққа ауысқалы сол кездегі кейбiр заттарға байланысты қалыптасқан атаулардың өзін ұмыта бастадық.Қазақтың ол дәуiрiн неше буын ұрпақ көрген жоқ.Содан кейiн де ол атауға байланысты кей мақал-мәтелдің, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсінбейміз. Мысалы, «Сөз тапқанға қолқа жоқ дейміз. Мағынасы қандай? Оны түсіну үшін ең алдымен «қолқа» деп нені айтатынымызды бiлу міндет. Қазақстанның «Уикипедия» ашық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша:«Қолқа – омыртқалардың қан айналыс жүйесiндегi ең iрi артерия қан тамыры». Жарайды делік.Ендеше, мұның «сөз тапқанға» қандай қатысы бар? «Қолқа сала келдім, «қолқалап болмаған соң...» деп келетін тіркестердің ше? Дәл мына анықтама бойынша бұларды қанша қолқаласақ та, бір-біріне жуықтата алмаймыз. Демек, «қолқа» деп аталатын екiншi бiр зат бар. Иә, аталарымыз тағы нені қолқа» деп атады? Түйеге жүк арту үшін 7-8 құлаш екi арқан керек. Сол екі арқанды қосактап, кесілген жеңдей қуыс киiзден өткiзедi.Сол қуыс киiздi «қолқа, дейдi. Қолқа арқаннын тең ортасында болып, жүк артқан кезде түйенің дәл төсіне келеді. Яғни, түйенің төсіне арқан батпас үшiн жасалынған зат.Бір қыщығы, бұл киіздің сыртқы формасы анау ағзадағы қолқамен ұқсас. Сол үшін де осы қуыс киізге ағзадағы қолқаның атауын берсе керек. Міне, біздің мақал-мәтелдеріміздегі «қолқа» сөзі осы затқа байланысты. Себебі, түйеге жүк арту үшін оны шөгеру керек, шөгеру үшін арқанның бір жағын шумақтап алып қолқаны төс тұсына келтіре, түйенің мінер жағынан қамшылар жағына өткіще лақтырамыз. Түйені қазақ осылай қолқа салып шөгереді. Енді үйретілмеген асау талақ болмаса, жүк артылған түйе атаулы иесі қолқа салғанда өзіне жүк артатынын біледі, өздігінен шөгеді.Тіпті кейде бала-шаға бұйдасынан сілкілеп шөгере алмай тұрған түйенің төсіне үлкендер келіп қолқаны сала қойғарда екі тізесі еріксіз бүгіліп,«бық» етіп шөге қалатынын өз көзімізбен талай көргенбіз. Ал 2007 жыл «Арыс» баспасынан шыққан «Диалектологиялық сөздіктің» 453-бетінде «Түйеге жүк артқанда арқанның дәл төске келетін жеріне кигізетін киіз» деп қолқа туралы қысқа болса анық жазылыпты. Қосымша «Қызылорданың Жалағашында» қолданылады» деп көрсетілген. Сонымен... Қолқа сала келген қазақ пен өтініп тұрған қазақ.
Енді түсінікті болар,«Қолқа салып келіп отырмын» деген «Жүк артқалы келіп отырмын» дегенді білдіреді. Қолқа-қалаудың, біреуді көмекке шақырудың, қазіргі тілмен айтқанда, өтініш айтудың ұшар басы, қазақ біреуден бір нәрсе сұраудағы сөзінің шегі. Қазақта «өтінемін» деген жоқ-тұғын. Бұл өте жалынышты хал. Аталарымыз бір-біріне ондай күйге түсіргісі келмейлі.«Айналайын, қолқа сала кеп отырмын» дейді ақсақал. Шарсыздығын айтты, бірақ мүсәпір, аянышты, жалынышты күйге түсіп айтқан жоқ. Себебі, бұл сөз оның қадірін сақтап, белгілі дәредеде тепе-теңдікті ұстап тұр.Ал, қолқа салынып қойды, қолқа салынған адам қайтпек? Оны қазақ алып қашып әкелген келіннің алдына көлденең жатып алып «кетсең, мені аттап кет» деген енедей сезінелі. Сондықтан қолқаны аттап кету деген үлкен әбестік. Мінеки, мұның арғы жағында қазақтың бір-бірімен қарым-қатынасының, болмысының қандай болғанынан хабар беретін үлкен ақпарат бұрғып жатыр. Енді қолқаны аттауға болмайтынын білдік. Орынбай алмаса, орындауға мүмкіндігі болмаса ше? Сондықтан «маған қолқа сала көрмеңіздерші»,«қолқалай көрмеңіздерші» деген сөздер жиі айтылады. Ал саоынып қойған қолқадан мыңнан бір адам ғана құтылады. Аттап емес, сөз тауып құтылады. Сол кезде қолқа келе салған адамның өзі оған рища болып қолқасын киін тартып алмақ. Өйткені,«Сөз тапқанға қолқа жоқ». Қалай ә?! Бұл-шығар жол. Аталарымыз мұны да ескерген екен. Қолқа салып сұрап тұрған дүниесін берсең де бересің, бермесең де бересің, шақырған жеріне барсаң да барасың, бармасаң ла барасың демейді, көкейге қонымды, қызықты да тапқыр жауапсөз айтсаң қолқасын өзі қайтып алуы керек һәм реніш молмауы тиіс. Міне бұл сөз ғана емес, бұл-біз көп айта беретін, таңдай қаға беретін, тереңіне жете алмай тамсана беретін аталар болмысының бір ғана көрінісі. Бұл біщдің көшпенді дәуірден отырықшылыққа ауысу барысындағы жоғалтуымыз.Қазіргі уақытта қазақтың қанша сөзі архаизмге айналып бара жатқанын санап тауыса алмайсыз. Ахаңның жоғарыдағы сөщі, әрине, тіл, тіл болғанда да құр атаулар тізбегі емес, сөщ, сөз ұстап тұрған мағына, сол мағынаға сай ұлт деңгейінде айтылған сөз. Сөз жоғалса, болмыс жоғалады. Мысалы, ақылсыз хайуан аттамаған қолқаны ақылды адам неге аттап кетеді? Өйткені, ол сөз жоғалған. Иә, әзірге сырты бар, іші жоғалған. Осы күнде біз оның қандай мәселеге байланысты айтылуы керек екенін бұрынғы қолданыстағы инерциямен түйсік арқылы болжап қана айтып жүрміз. Дәл қазіргі инерция баулады, оны бұл сөздің бұрынғыдан әлдеқайда сирек қолданылатынындығынан көруге болады. Сондықтан біраз жылдарда сырты да жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет