Қазақ филологиясы кафедрасы Оқу (фольклорлық) практика


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



бет3/6
Дата11.12.2023
өлшемі41,92 Kb.
#137361
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
.Еркінқызы Орынгүл

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Факультеті филология
Кафедрасы қазақ филологиясы.
Оқу практикасының материалы
_____1_____ курс студенті. Қтә-104

мамандығы


6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті»_
(шифр, атауы)
_____Еркінқызы_Орынгүл__________
(студенттің аты-жөні)
Сөз тапқанға қолқаның қандай қатысы бар?
Бұл күнде көптеген мақал-мәтел, тұрақты сөз тiркестерін әңгіме арасына қыстырып жібергенiмiзбен ары қарай оның мағынасын тарқатып бере алмаймыз. Кейде тiптi алғашқы мазмұнынан мүлде алшақ мағынада қолданамыз. Неге? Бiз де көшпелі дәуірден отырықшылыққа ауысқалы сол кездегі кейбiр заттарға байланысты қалыптасқан атаулардың өзін ұмыта бастадық. Қазақтың ол дәуiрiн неше буын ұрпақ көрген жоқ.Содан кейiн де ол атауға байланысты кей мақал-мәтелдің, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсінбейміз. Мысалы, «Сөз тапқанға қолқа жоқ дейміз. Мағынасы қандай? Оны түсіну үшін ең алдымен «қолқа» деп нені айтатынымызды бiлу міндет. Қазақстанның «Уикипедия» ашық энциклопедиясындағы мәлімет бойынша:«Қолқа – омыртқалардың қан айналыс жүйесiндегi ең iрi артерия қан тамыры». Жарайды делік. Ендеше, мұның «сөз тапқанға» қандай қатысы бар? «Қолқа сала келдім, «қолқалап болмаған соң...» деп келетін тіркестердің ше? Дәл мына анықтама бойынша бұларды қанша қолқаласақ та, бір-біріне жуықтата алмаймыз. Демек, «қолқа» деп аталатын екiншi бiр зат бар. Иә, аталарымыз тағы нені қолқа» деп атады? Түйеге жүк арту үшін 7-8 құлаш екi арқан керек. Сол екі арқанды қосактап, кесілген жеңдей қуыс киiзден өткiзедi. Сол қуыс киiздi «қолқа, дейдi. Қолқа арқаннын тең ортасында болып, жүк артқан кезде түйенің дәл төсіне келеді. Яғни, түйенің төсіне арқан батпас үшiн жасалынған зат.Бір қыщығы, бұл киіздің сыртқы формасы анау ағзадағы қолқамен ұқсас. Сол үшін де осы қуыс киізге ағзадағы қолқаның атауын берсе керек. Міне, біздің мақал-мәтелдеріміздегі «қолқа» сөзі осы затқа байланысты. Себебі, түйеге жүк арту үшін оны шөгеру керек, шөгеру үшін арқанның бір жағын шумақтап алып қолқаны төс тұсына келтіре, түйенің мінер жағынан қамшылар жағына өткіще лақтырамыз. Түйені қазақ осылай қолқа салып шөгереді. Енді үйретілмеген асау талақ болмаса, жүк артылған түйе атаулы иесі қолқа салғанда өзіне жүк артатынын біледі, өздігінен шөгеді. Тіпті кейде бала-шаға бұйдасынан сілкілеп шөгере алмай тұрған түйенің төсіне үлкендер келіп қолқаны сала қойғарда екі тізесі еріксіз бүгіліп,«бық» етіп шөге қалатынын өз көзімізбен талай көргенбіз. Ал 2007 жыл «Арыс» баспасынан шыққан «Диалектологиялық сөздіктің» 453-бетінде «Түйеге жүк артқанда арқанның дәл төске келетін жеріне кигізетін киіз» деп қолқа туралы қысқа болса анық жазылыпты. Қосымша «Қызылорданың Жалағашында» қолданылады» деп көрсетілген. Сонымен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет