Қазақ филологиясы кафедрасы



бет12/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Бірінші апта
1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі.
Дәріс мазмұны:

  1. Қазақстанның Россия отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы.

  2. Пәннің мақсаты.

  3. Пәнді оқытудың міндеттері.

  4. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму кезеңдері

  5. ХХ ғасыр басындағы әдебиет жайындағы зерттеулер

Дәріс мақсаты: ХХ ғасыр әдебиеті пәнінің негізгі мақсаттарын түсіндіру. Даму кезеңдері мен сол уақыттағы зерттеулер жайында түсінік беру.

Әдебиеттің даму бағыттары. Бір тарихи кезең аясында әртүрлі көркемдік шеберлік деңгейдегі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеуі. Олардың арасындағы айырмашылықтар мен бәріне ортақ сипаттар. Бұл кезеңдегі қазақ қаламгерлерін шартты түрде екі топқа , яғни діи-ағартушылық бағыттағы ақындар және ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар деп. Бөлудің себептері.


Діни ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұры «кітаби ақындар» деп. Аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.
Ағартушы-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарастарының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әртүрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарының ағартушылық, демократтық идеялардың басымдылығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет ең алдымен ұлттық рухының беріктігімен дараланады. Содан кейін елдік, мемлкеттік тәуелсіздікке ұмтылған ой-мақсаттардың нақты айқын көрінуімен ерекшеленеді. Алаш ұранды әдебиеттің дамуы аз жылда тез ширады, халықтың мүдделі сөзін жеткізді. Бұл тұста Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпеев теңдес тұлғалар қатары түзіліп үлгерген болатын. Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз жұлдыздары енді көтеріліп келе жатты. Қазақтың көркем әдебиетінің жаңашылдығымен, жедел даму үрдісімен, сондай-ақ реалистік әдебиет әдісіне шұғыл көтерілу арқылы кәсіби әдебиеттің кемелді биігіне тұғыр қалады. Жаңа дәуір әдебиеті, жаңа жазба әдебиет өзінің даму, кемелдену арнасына біржолата түсті. Реалистік, романтикалық сарын жарыс өрілген, ұлттық тарихи сананың оянуына бастаған, жаңашылдық рухындағы әдебиет бірте-бірте көш түзеп, қазақ қоғамының рухани тіршілігінде бапсымдыққа жетті. Әдебиет белгілі деңгейде ұлтты дамытудың әмбебеп құралына айналған еді. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі Алаш ұранды әдебиеттің рухы үстем шығып, әріден жалғасқан әдеби үрдістің сан соқпақты даму жолдарын түйістіре бастауы да ілгершіл ұлттық бағыт ретінде маңызды еді. Оқыған, зиялы ақын-жазушылар, газетшілер сол ағымдардың ағынындағы белгілі бір әдеби бағыттарға ойысты. «Айқап» (1911)-«Қазақ» (1913) сынды ұлттық басылымдардың арасындағы тіркестің негізінде осындай қоғамдық-саяси көзқарастар жарысы да байқалады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан жалғасқан ұлт-азаттық, ағартушылық-демократтық сипаттағы ағымдар аясында жаңадан туындаған саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты елдік, мемлекетшілдік бағытты басым ұстаған (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев), ағартушы демократтық бағытқа көбірек ден қойған (М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Торайғыроа), діни-ағартушылыққа жақын тұрған (М.Ж. Көпеев, М.Қалтаев, Ш. Жәңгіров) әдебиетшілер әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан шығармаларын жариялатты. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті-ұлы дәуірдің: ілгерілеулер, күрес, көтерілістер, сұрапыл соғыстар, қиян-кескі төңкерістер дәуірінің әдебиеті. Күрделі көп қырлы әдебиет»,-деп тұжырымды баға берген профессор Бисенбай Кенжебаев ол тұстағы қазақ-ақын-жазушыларын саяси, әдеби бағыттарына қарай : 1) ағартушылық, 2) ағартушы-демократтық, 3) демократтық-төңкерісшіл топтарға жіктейді. Бұл бағамдау сол кезеңдегі әдебиет тарихының шынайы ахуалынан туындаған тұжырым.

2 - дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет