Қазақ филологиясы кафедрасы



бет16/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Үшінші апта
5 – дәріс
Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлы және нәзирагөйлік дәстүр.
Дәріс мазмұны:

  1. Шәді Жәңгірұлы өмірбаяны

  2. Шәді Жәңгірұлы шығармашылық жолы

  3. Оның нәзирагөйлік дәстүрінің ерекшелігі

Дәрістің мақсаты: Шәді Жәңгірұлының өмірінен деректер келтіру. Діни ағартушылық бағыттағы шығармаларының мазмұнын баяндау.

Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілгендігінде.


Шәдінің әкесі Жәңгір – атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Ғылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир-араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сынды ғалымдар зерттеген болатын.
Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға), ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта, одан соң Бұхарада оқыды.
Шәді – көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзі тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді ақынның мұраларын көп зерттеген Немат Келімбетов: “...Ол жүз мың жолдай өлең-жыр жазды, соның жетпіс бес мыңдай жолы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты,” – дейді.
Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) “Назым Сияр Шәриф” дастанын жазса, ислами фәлсафаға “Ахуал қиямат” дастанын, шариғат іліміне “Фикһ қайдан” шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) “Назым Ибрахим Халиолла,” “Хазірет Мұса мен Перғауын,” “Дәуіт уақытындағы рәйіс” сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О. Әуезов “....Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек» – деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз.
6 - дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет