Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы: Тайыр Жомартбаев – ағартушы қаламгер. Дәріс мазмұны



бет27/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Тақырыбы: Тайыр Жомартбаев – ағартушы қаламгер.
Дәріс мазмұны:

  1. Тайыр Жароков өмір жолы

  2. Оның шығармалары, «Қыз көрелік» романы

Дәріс мақсаты: Өмір жолымен таныс болып, «Қыз көрелік» романын талдау. Романның жазылу тарихын сөз ету.

Тайыр Жомартбаев (1884-1937) – Абай төңірегінде болып, ұлы ақынның өлеңдері өзегіндегі ғұлама ойларын көкірегіне құйып, өрім-өлшемдерін, түр-пішінін көзбен көріп, көңіліне тоқып, жаттап өскен қаламгерлердің бірі. Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесін бітірген. Қоғамдық қызметі мен шығармашылық ізденістері балаларға тәрбие беру, рухани тілін меңгеру мәселелеріне арналған. Кезіндегі мерзімді баспасы бетінде жарық көрген шығармалары да осы іске, ағартушы-демократтық идеяларға бағындырылған.


1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” атты өлеңдер кітабы мен “Қыз көрелік” романы жарық көрген.
Соңғы шығарма ХХ ғасыр басындағы қазақ романы тарихындағы шығармашылық, ізденістерді көрсететін туындылардың бірінен саналады.
Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін (форма) таңдау жолындағы ізденістерді ойлануға тұрады. Біздің ойымызша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған “Қыз көрелік” романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі “Ярдам” баспасынан 1912 жылы жарық көрген.
Роман басындағы эпиграф тәрізді мына жолдар шығарманы талдауға апарар кілт тәрізді:

Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік,


Таңдап ап сұлу қызды мал берелік.
Мырзалар қыз таңдаған келсін мында,
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік.

“Жігітті қыз таңдаған біз көрелік”, демек, автор ХХ ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. “Қыз көрелік” романында осы тақырып проблематикасын мүлде басқа бағытта көтереді. Енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.


Жаңа идеяның өзі жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан.
Дүниені шарлап қалыңдық іздеп жүрген іргелі рулардың атақты байларының балалары Ғайынкамалды кедей жігіті Мұхаметқалимен оп-оңай қалай жібереді? Реалистік арна авторды осы бағыттағы тартыстарға киліктірер еді басқа мазмұнға апарар еді. Автор мақсаты - өзінің ағартушылық-демократтық көзқарасына сай, тәрбиелік мәнді шығарма. Роман құрылымы, пішіні осы мақсаттан туындайды. Автор мақсатынан, идеясынан ауытқымауға тырысады. Кейде шығарма көркемдігіне нұқсан келгеніне де қарамай, өз идея, мақсатын орындап шыққан.
Ғайынкамал – байдың оқыған қызы. Сауатты, көзі ашық. Қазақ ұғымындағы үлкен қалада, Уфада үлкен оқу-медреседе оқыған. Өмір туралы ойы, идеалы, мақсаты осында қалыптасқан. Әкесі Ғайса да көзі ашық, көкірегі ояу, заман тілін түсінген, оған ілесіп отыруды мақсат қылған жан. Қызын малға сатып, қалың мал алып баю оның ойында жоқ. Реті келсе қызы теңіне қосылса екен деп армандайды. Романда әке, бала тілегі қабысып жатыр. Араларында қақтығыс түгіл қайшылық та жоқ.
Бостандық пен теңдікке ұмтылған, көзі ашық, сауатты қазақ қызына тор құрып жатқан ескі-салт сана қорғаушылары үлкендер, көне көз қариялар да емес – жастар. Романда ел басына ауыр, қиын күндер төніп тұрғанда ауыл аралап сұлу қыз, қалыңдық іздеп жүрген бай балаларына деген авторлық ирония, юмор бар.
Т.Жомартбаев өзінің ағартушылық, демократтық көзқарасын, идеясын жеткізу үшін қазақ қыздарының бостандығы, теңдігі тақырыбын таңдаған.
Өзіне жар таңдауға толық мүмкіндігі бар қазақ қызының шындыққа жанасатын бейнесін жасау үшін қаламгерге алдымен оқушы сенетіндей тақырыптық мазмұн қажет. Оны іздеу бағытындағы әрекеттер қаламгерді тосын шешімге, синтетикалық формаға алып келген. Ал ағартушылық, демократтық идеяны жеткізу үшін реалистік шығарма құрылымында ертегілік, аңыздық фабулаларды пайдалану сол кездегі әдеби ортада кездесетін. Мысалы, “Айқап” журналы бетіндегі А.Сорокиннің әңгімелерінде, өзге де әдеби басылымдарда осы үлгілердегі шығармалар жиі жолығады. Қазақ халық прозасының хикая, әпсана-хикаяттарында да бұл әдістің талай үлгілері пайдаланылады.
Тақырыптық мазмұн қазақ қыздарының бас бостандығы болса да, авторлық идея күрделі. Оның Абай қара сөздеріндегі идеялармен үндестігі бар. Т.Жомартбаев – адамнан адамның айырмасы-білімінде деген Абай афоризімін ағартушылық қызметінің ұраны етіп ұстағаны ұстаз.
Қаламгер ұстаздық қызметінде роман сюжетінде қолданатын француз ертегісіндегі шешендік сұраққа ойға қалуы, қыз кімді таңдайды дегенге шәкірттерін де ойлантып, өзі де ойланған болуы керек. Қыз таңдауы ғаламат сыйлықтар әкелген жігіттерге емес, адамзатқа пайдасы мол, теңдесі жоқ қажетті нәрселерді жасай алатын сауатты, білімді, өнерлі жігітте болуы керек деген ойдан туындаған тәрізді. “Қыз көретін жігітті бір көрелік” идеясының бастауы ағартушы-демократтық көзқарас, қызметте екені белгілі.
Қалыңдық іздеген бай балаларының бір күнде келіп құда түсуі, байлық, дәулет, атақ абыройларының бірдей болуы авторлық ой, идея, көркем шешім үшін әдейі таңдалған тәсіл. Роман уақиғасы – талай халықтар әдебиетінде бір таныс сюжет, әйгілі мотив. Мысалы, шығыс халықтарында кең таралған сюжет: үш жігіт ағаштан (саздан т.б.) сұлу қыз жасайды. Бірі ағаштан жонады, бірі киіндіреді, бір жан салады. Бәрі біткенде үшеуі қызды мен аламын деп таласады; тағы бір сюжет: самұрық алып кеткен хан қызын үш жігіт құтқарады, бірі оның қайда екенін тапса, екіншісі самұрықты атып түсіреді, үшіншісі оны жерге түсірмей қағып алады т.с.с. Тағы да оған таласады.

“Қыз көрелік” романының көркемдік жүйесінің негізіне осындай жасанды синкретті сюжет әдейі таңдалады. Енді осы ертегі мен роман арасындағы идеялық сәйкестер мен өзгешелікті ажыратып көрелік.


Ертегі сюжеті. Бір шалдың сұлу қызына үш жігіт келіп көңіл білдіреді. Үшеуі де қызға ұнайды. Қыз оларды сынау үшін маған сыйлық әкеліңдер деп жұмсайды. Олар сиқырлы айна, жәшік, бальзам табады. Сөйтсе, ғашық қыздары аяқ астынан дүниеден өтіпті. Оны айна арқылы көріп, жәшікпен ұшып жетіп, бальзам арқылы тірілтіп алады.
Қыз олардың бірін таңдау үшін бір жыл уақыт сұрайды. Қыз кімді таңдамақ? Оқушы алдына осы сұрақ тартылады. Ертегі сюжеті осы.
Т.Жомартбаев романының идеясы, фабуласы бұл сюжеттен өзгелеу. Қаламгер алдына ағартушы-демократтық мақсат қояды да роман көркем мазмұнын соған бағындырады. Бұл форма ертегі мазмұнын да айтарлықтай өзгертеді. Уақиғаға да, кейіпкерлерге де авторлық интенцияда (әрекетте) жаңа көзқарас, көп идея бар.
Роман құрылымында ертегілік фабула мәні мотив түрінде ғана алынады деуге болады. Бірдей, ұқсас адамдардың бірдей қызметі арасынан мәндісі, маңыздысы туралы ойлану. Философиялық астары жан мен тән, рухани әлем мен сыртқы тірлік, байлыққа бағытталатын ізденістерге. Ойларға бастайды.
Т.Жомартбаевтың ертегі мотивінде де жаңалық бар. Ертегідегі жігіттер – сұлу жігіттер. Айтушы оларды бірінен бірін бөлектемейді, сынамайды да.
Т.Жомартбаев та жігіттер әрекеті, сөздері, ойлары ирониясы аралас юмормен жазылады. Заман өзгеріп жатқанда сұлу қыз іздеуден басқаны мұрат қылу түгіл, ойламаған надан жігіттер. Ертегіде жігіттер қызға ғажайып сыйлықтар іздейді. Т.Жомартбаев та адам ақыл-ойы, ғылымның соны жемісі, адамзатқа пайдасы мол нәрселер іздейді.
Ертегіде қыз таңдау белгісіз. Ойлану оқушы үлесінде. Т.Жомартбаев та, сауатты, білімді Ғайынкамалдың кімді таңдайтыны белгілі. Зиялы Мұхаметқалиды романға сол үшін енгізеді. Демек, авторлық идея өзегінде “...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық” – деген Абай ойлары бар. Романда Т.Жомартбаев осы идеяны көркем мазмұнға айналдырады.
“Қыз көрелік” туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдырған мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын, терең мазмұны бар шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы, әрі оның Т.Жомартбаев романы құрылымының синтетикалық сипатын ғана танытпай, көркем мазмұнын да белгілеуі.
Көркем мазмұн мен авторлық идея арасындағы қатынасты, байланыс пен айырманы жан-жақты тексеру қаламгер ізденістеріне талдау жасауға да мүмкіндік береді. Әрі бұл көптеген ірі шығармаларда кездесетін қыстырма бөлшектік (элементтік) эпизодтық тиісті қолданыс емес. Ірі шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген. Өкінішке орай, ХХ ғасыр басында қазақ прозасында қылаң берген бұл әдіс кейін өз қолдаушыларын таппағандықтан, авторының оны жүйелі ізденіске, көрікті келісімге ұластыра алмауынан жалғасын таппай қалды. Ал өзге халықтар әдебиетінде ол қаншалықты қуатты тәсілге айналғанын Г.Маркес, Ш.Айтматов т.б. қаламгерлер шығармалары дәлелдей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет