Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмірі Дәріс мазмұны



бет41/70
Дата22.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#39848
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмірі
Дәріс мазмұны:

  1. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық өмірі

  2. Мағжан Жұмабаев аудармашылық жолы

Дәріс мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық жолындағы аудармашылық орнын атап көрсету және аудармаларына мысал келтіру.


Мағжан Жұмабаев 1893жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында әулетті семьяда туды. Қазір бұл совхоз Мағжан атында.М.Жұмабаев өз заманының ең білімдар адамдарының бірі болған. 1903 жылға дейін ол әуелі ауыл молдасынан, содан кейін мұғалімнен сабақ оқиды. Бұдан кейінгі жылдары Уфадағы медресе Ғалияда дәріс алады, орыстың маңдай алды оқу орындарында білімін толықтырады. 1913-1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын,1923-1926 жылдары Москваның Әдеби көркем институтын бітіреді. Өз өмірі жайынан сыр айтып жазған « Жан сөзі» (1920) өлеңіне қарағанда, Мағжанның жасөспірім шағындағы күй-жайы бұла өскен бай баласының көл-дария тұрмысына ұқсамаған. 1913 жылы Қазан қаласында М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жиырманың табалдырығын енді ғана аттаған жас ақын бірден жұртшылық назарына ілікті. әсіресе қазақ жастарының арасында Мағжан атағы кең жайылды. Олар ақын айналасына жинала бастады. Омбы қаласында «Бірлік» деген қолжазба журналына редактор болды. Ақындық сапарының ілкі қадамында ол ағартушылық дүниетанымының аясында толғанды. Мұның өзі түсінікті де еді. Мағжанның ең күшті поэмасы – «Батыр Баян». «батыр Баян» жанры жағынан лирикалық поэиа. Шығармада махаббат пен борыш сезімдері үйлеспей, осының арты трагедияға айналады. Мағжанның ақындық күші, сөзге еркіндігі, суретшілдігі толық көрінеді. Ол 1927 жылдың 19 август күні партиялық « Еңбекші қазақ» газетінде «Тоқсанның тобы» атты поэмасын жариялайды. Тоқсан деген сөзді ақын бірінші рет «Толғау» атты өлеңінде қолданады. Шартты түрде езілген көпшілікті жүздің тоқсаны атайды да, оған қарама-қарсы ат төбеліндей қанаушы тапты «он» деп бейнелейді. Бұл басым көпшілік я азшылық деген сөздерге балама ретінде алынған сөз.Мағжан жаңа тақырыпты ұзағырақ поэмаларда да игеруге тырысты. Москвада жүріп, «Өтірік ертек», «Жүсіп хан» («Шын ертек») деген екі поэма жазды. Балалар үшін жазылған, бірақ үлкендер құлағына да арналған «Өтірік ертек» поэма-ертегісі «Жаңа мектеп» журналының 1926 жылғы алтыншы санында жарияланады. Ертек болғасын жерде, мұнда шарттылық та көп.1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 30 октябрь, 2 ноябрь күндеріндегі санында «Шын ертек» (түбі иран елінің ертегісі ) деген атпен, кейін Москва қаласындағы Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан «Жүсіп хан» деген атпен 1928 жылы шыққан поэма-ертегі М.Жұмабаевтың жаңа ізденістерінің бағыт-бағдары мөлшерлеуге көмектеседі. Әшейіндегі ертегідей мұнда игілік күштердің жеңілуімен, мұратқа жетуімен аяқталмайды. Творчествосының үшінші кезеңінде Мағжан Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлгенін айтуымыз керек. Жоғарыда талданған ертектер өз алдына. М.Жұмабаев балаларға арнап көп еңбегін сарп еткен, сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан-алуан кітап шығарған. Балаларға арнаған өлеңдері өз алдына бір төбе. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шағы», «Қарағым», «Мен сорлы» атты өлеңдері жарияланды. Енді Мағжан Жұмабаев аудармасы туралы бір-екі ауыз сөз. Ақын жаңа заманға бет бұрғанда аудармамен көп шұғылданған. Өлең аудару – жарысқа, айтысқа түскенмен бірдей екенін кезінде В.Жуковский ескерткен. Өйткені өлең-жырға балама табу жеткіліксіз. М.Жұмабаев тәржімасында орыс тілін делдар етіп, басқа тілдердегі ақындарды аударған. Сонымен қатар орыс тілінен тіке аударып отырған. Лермонтовтың «Сарғайып келген егін толқынданса» деген өлеңін аударған жас Мағжан табиғат пен адам жарастығын жыр етеді. Орыс ақынның өлеңіндегі жанды сурет, жарқын бояу қазақ ақынының жырынан сол бұзылмаған қалпы көрініп тұр.Өлмейтұғын өлең жазғандар халық жүрегінде мәңгі сақталмақ. Бұл заңдылық Мағжанға да қатысты. Мағжан поэзиясы жарты ғасырдан аса ел көзінен таса жерде ұсталды. Тіпті Қазақстаннан да әрі үзатылып жіберілді. Олай дейтінім ақынның 3 жинағының үшеуін де Алматы кітапханаларынан таба алмай, Москва, Ленинград кітапханаларына баруға тура келді. Тілеуің бергір, солар ғана ақын мұрасын сақтап қалыпты. Қазақ әдебиетіне Мағжан әкелген жаңалық хақынжа жоғарда біз де біраз ой айтуға тырыстық. Тіпті тақырып жаңалығының өзі қаншалық және соның бәрі кездейсоқ қаламға іліне салған дүниелер емес. Терең ой жүйесінің сілемдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет