Қазақ филологиясы


Қазақ тіліндегі сөйлеу атауын білдіретін есім негіздер



бет25/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Қазақ тіліндегі сөйлеу атауын білдіретін есім негіздер. Біз қазақ тіліндегі процесс, сөйлеу атауы мағыналы есім негіздерінің лексикалық құрамына талдау жасадық. Бұған төмендегідей сөздер жатады:

айқай, айтыс, алғыс, ақыл, бұйрық, дау, дауыс, дыбыс, ерегес, ескертпе, жала, жад, жоба, зар, кеңес, керіс, кешірім, күбір, күңкіл, кінә, қалжың, қарғыс, қаусет, қорытынды, леп, мазақ, масқара, мақұл, мұң, мысқыл, сын, мін, ойбай, өсек, өтірік, өтініш, серт, сөгіс, сұрақ, сыбыс, сыр, талқы, тұжырым, түсінік, тіл, уһ, ұрыс, үгіт, үн, шағым және т.б.

Сөйлеу мағынасындағы бұл сөздер сөйлеу етістіктерін жасауға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге туынды жаңа сөз жасалымдарының семантикалық мәнін құрайды.

Мысалы:

Жамантайдың баласы Көжек деген,

Әркімге өсек тасып безектеген.

Досын келіп досына жамандайды,

«Шіркінде ес болсайшы «сезед» деген (Абай).

Кешке таман Әмірқан екеуміз қостың алдында қаз жүндеп, жұмыртқа асып отырып әңгіме құрдық (Ж.Аймауытов). Есілбай колхоз жұмысына жаны ашыған болып, ылғи ақыл айтып отырады (Ғ.Мүсірепов). Ауыл салтында келе жатқан келіншектің көшінен күйеу озып кетіп, ауылына бұрын келіп хабар берер еді (С.Мұқанов). Осылардың ішінен астына құла қасқа дөнен мінген қызыл шырайлы бойжеткеннің ашық даусы саңқ етті (Ғ.Сланов). Ақырында Тоқаш ойын қоштап, жеке ел болайық деген тұжырымға тоқтады (З.Шашкин). Екеуі де босады, бірақ біріне бірі білдірмеуге тырысты. Қолдан келер қайран жоқ, әке бұйрығы екі болмайды (С.Талжанов). Кішкенеден кейін жар бойындағы қырқадан аяқ сылдыры білініп, көмескі күбір естілді (Ә.Сараев).

Мысалдардағы сөйлеу атауы мағыналы есім негіздер белгілі бір толық мағыналы етістіктермен және көмекші етістіктермен тіркесе отырып, айтылу процесін білдіреді де, сонымен бірге оларға түрлі модальдық-эксрпессивтік реңк береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет