Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет39/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
фольклор

 
 
 
 


53 
ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ 
 
Фольклорлық жанрдың табиғаты 
Жалпы фольклортану ғылымында әлі күнге дейін толық зерттелмей келе 
жатқан мәселенің бірі – жанр теориясы, жанрдың табиғи қызметі. Аса 
көрнекті орыс фольклорисі В.Я.Пропп сонау 1946 жылы фольклорлық 
жанрларды жеке алып зерттеудің қажеттілігін атап көрсеткен еді. 
«Фольклортанудың алдындағы міндеттердің бірі, – деп жазды ол, – жанр 
категориясын бөліп алып, жеке зерттеу...» [1]. Бұл біздің алдымызда да 
келелі міндеттің бірі болып тұр. 
Жанр – өнердің, әдебиет пен фольклордың, бір жағынан, жалпы, көп 
қырлы (универсалды) категориясы да, екінші жағынан, нақтылы 
категориясы. Көп қырлы болатыны – онда әр түрлі әдістер мен тәсілдер 
көрініс табады, ал нақтылы болатыны – шығарма белгілі бір жанрдың 
аясында туады. Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, заңдары болады. Оларды 
білмейінше өнердің, фольклор мен әдебиеттің табиғатын, сырын түсіну 
мүмкін емес, сондай-ақ шығарманы дәл танып, терең талдап, әділ бағалау да 
қиын. 
Әдебиеттегі, өнердегі жанр туралы жазылған еңбек аз емес. Оларда 
жанрға берілетін анықтама да әр алуан. Ал фольклордағы жанр туралы, оның 
өзіндігі жайында жалпылама түрде айтылады да, нақты анықтама беруге 
келгенде әдебиетте қабылданған ережелер қолданылады. 
Шындығында, әдебиеттегі жанр жайындағы ойлар мен тұжырымдар, 
негізінен, профессионалды көркем өнерге, дәлірек айтқанда, жазба 
әдебиетке қатысты айтылған. Ал, фольклор жазба әдебиетпен бірдей емес.
Ол да сөз өнері екені рас, бірақ оның әдебиеттен оқшауландыратын өзіндік 
сипаттары да аз емес. Ендеше жазба әдебиеттегі жанрлар мен фольклордағы 
жанрлар табиғатында да айырмашылық бары күмәнсіз. Біздің міндетіміз – 
осы айырмашылықты анықтап, соның негізінде фольклорлық жанрларды 
сипаттауға, олардың өзіндік белгілерін анықтауға талпыныс жасау. 
Жанрды фольклортанудың аса маңызды категориясы ретінде танып
оны жеке даралау жалпы фольклор табиғатының коллективтік екенін және 
дәстүрдің тарихында руханият басым рөл атқаратынын мойындауымызға 
негізделген. Жанрдың табиғатын, әлеуетін және туыстас жанрлармен 
қатынасын зерттемейінше біз дұрыс қорытындыға келе алмаймыз. 
Жанрды жеке-дара бөліп, шектеу үшін, сөз жоқ, оның жалпы теориясы 
болуға тиіс. Әлі күнге дейін фольклортануда әдебиеттану ғылымының
терминдері пайдаланылатыны белгілі. Түптеп келгенде, бұл заңды да, 
өйткені фольклор да, әдебиет сияқты, сөз өнеріне жатады. Сонымен қатар 
фольклорды әдебиеттен ерекшелендіріп тұратын өзіндік қасиеттері де 
баршылық. Олай болса, фольклорды зерттегенде осы қасиеттері еске алыну 
керек, оған әдебиеттанудың терминдері мен әдеби ұғымдар үнемі 
механикалдық түрде телінбеуге тиіс. Бұл, әсіресе, фольклорлық жанрларды 


54 
анықтағанда, оларды ғылыми тұрғыдан саралағанда басты шарттардың бірі 
болуы керек. Фольклор жанрларын зерттегенде екі нәрсе қатар ескерілуі 
қажет. Олар: а) фольклордың сөз өнері ретінде әдебиетпен туыстығы, 
жақындағы; ә) фольклорды әдебиеттен алшақтататын ерекшеліктер. 
Фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерттеу мүмкін емес.
Этнографиялық материалды пайдалану жанрлардың шығу тегін анықтау 
үшін ғана қажет емес. Этнография фольклорлық жанрлардың ерте замандағы 
сипатын, алғашқы даму жолдарын зерттеуде өте пайдалы. Себебі 
жанрлардың да, сюжеттер мен мотивтердің де пайда болуы ғана емес, 
сондай-ақ олардың өмір сүруі мен өзгеру, даму жолдары да тұрмыспен, 
болмыспен тікелей байланысты. Бұл жерде біз екі нәрсені анықтап алуымыз 
қажет. 
Бірінші – фольклор мен әдебиеттің бірдей еместігі. Мұның себебі 
олардың пайда болуы мен өмір сүру түрінің өзгешелігінде. Бұл өзгешелік 
оларды зерттеу әдістерінің де екі түрлі болуын талап етеді. 
Екінші – ұғымдар мен терминдеріміздің мағынасын дәлме дәл анықтау. 
Мысалы, біраз еңбектерде әдеби жанрларға байланысты «баяндау тәсілі» 
(«способ изложения»), «бейнелеу әдісі» («способ изображения»), «хабарлау 
амалы» («способ передачи») сияқты тіркесті ұғымдар қолданылады. Енді 
осылардың қолдану түріне көңіл бөлейік: «баяндау тәсілі», «хабарлау 
амалы», «бейнелеу әдісі». Біреу (субъект) баяндайды, хабарлайды
бейнелейді. Фольклорда ол – жыршы, ертекші, не өлеңші. Әдебиетте ол – 
жазушы, ақын, драматург. Сонда жанрды анықтау үшін біз осы күнге дейін 
шығарманың өз ішінен, табиғатынан шықпай, оған сырттан келіп жүрген 
сияқтымыз. Дұрысы шығармадағы оқиғаның «баяндалу тәсілі», «бейнелену 
әдісі» болу керек қой. Демек, сюжеттің берілу, өрілу тәсілі деп айтуымыз 
керек. Олай болса, жанр дегеніміз – шығармадағы сюжеттің баяндалу
бейнелену, өрілу тәсілдері болуға тиіс. 
Бұл әсіресе фольклорлық шығармада айқын көрінеді. Фольклорда 
алдымен сюжет пайда болады. Сюжет – бір оқиға. Мәселен, айтушы өз 
басынан өткен бір қызық оқиғаны ағайындары мен жолдастарына жай ғана 
айтып беруі мүмкін. Бірте-бірте бұл әңгіме біреуден-біреуге жетіп, тұрақты 
сюжетке айналады. Уақыт өткен сайын ол әрленіп, көркемделіп айтылады. 
Сөйтіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет