Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет75/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122
Байланысты:
фольклор

«сәулем-ай» 
емес, 
«дүние-ай» 
деген сөз айтылуға тиіс. 
Тағы бір мысал. «Ақбақай» әнін орындаушылар былай айтады: 
Ат қайда Ақбақайдай-ай шаппай, желген, 
Қыз қайда құдашадай-ай көзі күлген. 
Алыстан ат арытып-ай келгенімде, 
Шақыртпай еш адамға-ай, 
сәулем-ай
, өзі келген. 
Әннің мазмұнына қарасаң, жігіт құдашасына өте риза, оның өзі 
келгеніне сүйсінеді, тамсанады, қуанады. Осындай сезімді ол 
«сәулем-ай»
емес, 
«шіркін-ай»
деп білдірсе керек еді. Ол қызға айтып тұрған жоқ қой. 
Өзіне, немесе біреуге айтып тұр. Ақбақай атына, құдашасына қатты риза 
екенін хабарлап, үшінші жақтан қызды да, атты да сипаттап, жоғары бағалап 
отыр. Осы эмоцияны «Шақыртпай еш адамға-ай, 
шіркін-ай
, өзі келген» деп 
айтса, дәл берген болар еді. 
Мұндай мысалдар көп. 
Қазақ әндері мәтіндерінің бұзылуының тағы бір себебі – орындаушылар 
әндегі жер атауларын өзгертіп, өз аулының атауын енгізуі. Және кейбір ескі 


123 
сөздерді, мағынасын түсінбегендіктен бе, әлде мән бермегендіктен бе, жаңа 
сөздермен, ұғымдармен ауыстырады. Бәріміз білетін «Елім-ай» әнінің 
«Қарындастан айырылған қиын екен»
деген бұрынғы тармағы 
«Ел-
жұрттан айырылған жаман екен»
[11], – деп өзгертілген. Осындағы 
«қарындас» 
деген сөз бүгінгі мағынада емес. Бұл жерде қыз туралы сөз 
болып тұрған жоқ. Орта ғасырда «қарындас» деп бірге туған аға-ініні, 
(единоутробный) бауырын айтқан. Жырауларда солай. Ал, ауызекі сөзде 
«жаман екен» 
дегеннен гөрі 
«қиын екен» 
деп айтылатын дәстүр бар. 
(«Жаман кісі» демей, «қиын кісі екен» дейді). 
«Қиын екен»
– тіркесі 
поэзиялық әрі эмоциялық қасиеті жағынан әлдеқайда әсерлі естіледі. 
Адамның ішкі сезімін, психологиялық жағдайын, көңіл күйін білдіріп тұр. 
Сонымен, ойымызды қорытар болсақ, қазақ әндерін текстологиялық 
тұрғыдан арнайы түрде зерттеп, әр әннің тұрақты (канонды) мәтінін анықтау 
қажет. Олай болмаған жағдайда әркім әртүрлі сөз қолданып, әндердің 
мазмұны мен эмоциялық күші әлсірейді, ал бұл әннің құдіретін азайтады. 
Қазіргі шақта жүріп жатқан музыка саласындағы үдеріс пен үрдістер ұлттық 
әніміздің әуеніне ғана емес, мәтініне де мұқият болуды міндеттейді. Әр әннің 
мәтінін тарихи тұрғыда зерделеп, әр дәуірдің өзіне тән сөзі мен сөз саптауын 
анықтау және оны орнымен қолдану қажет. Сонда біз әннің, оның сөзінің қай 
дәуірде туғанын, оның қалай дамып, қаншалықты өзгеріске түскенін білуге 
қол жеткіземіз. Осы жүзеге асатын болса, ән мәтіндерін орынды-орынсыз 
өзгертуге жол берілмес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет