Бірінші топқа шығыс елдерінен келген сюжеттерге құрылған
шығармалар жатады. Екінші топты, қазақтың өз жерінде пайда болған
сюжеттер бойынша шығарылған дастандар құрайды.
Бұл екі топтың
әрқайсысы іштей өзіндік түрлерге бөлінеді. Мәселен,
шығыстық сюжетке
құрылған дастандарды
хикаялық, ғашықтық, діни, қаһармандық
деп,
ал
қазақтың
өз
сюжетіне дастан үлгісінде жырланған шығармаларды
әлеуметтік-сүйіспеншілік
және
ертегілік
дастандар деп топтауға болады.
Әрине, бұл топтаудың өзі белгілі дәрежеде шартты, өйткені аталған
түрлердің ешқайсысы саф таза күйінде кездеспейді, әсіресе шығыстық
дастандар көп жағдайда бір-біріне ұқсас болып келеді. Оларды көбіне
кейіпкер мен сюжеттің тақырыбы және кейбір өзіндік эпизодтары мен
мотивтері бойынша даралауға тура келеді. Жалпы, бүкіл фольклорлық
жанрлардың таза күйінде болмайтынын ескерсек, бұл – таңғаларлық жәйт
емес. Керісінше, бұл – фольклордың заңдылығы десе де болады. Қазақтың
282
топырағынан өнген дастандарда да мұндай жағдай біршама байқалады, бірақ
бұларда ежелгі халық эпосының поэтикасы молырақ пайдаланылған және
бұл дастандар ұлттық жазба әдебиетінің әсерінен тыс қалмаған.
Дастан жанрының түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады
дедік, олардың қайсысын болса да таза бір жанрға жатқызу қиын. Айталық,
ғашықтық пен діни дастандарда қаһармандық іс-әрекеттер аз емес, бірақ
шығарманың мазмұны мен сюжеті, кейіпкердің алдына қойған мақсаты
мен тағдыры, қимылы, оның жанрлық белгісін анықтауға негіз
болады. Сол сияқты, хикаялық пен ертегілік дастандар да оқиғалар
тізбегімен, кейіпкерлердің басынан кешкен жәйттерімен өзара ұқсас
болып келеді. Бұл жағдайда да ертегіге не тән, хикаяға не тән, олардың
басты сипаты не екендігіне мән беріледі.
Қазақ дастандары сюжеттік негізі мен құрамы жағынан да әралуан.
Мұнда ежелгі шығыс елдерінде айтылып жүрген авторы жоқ хикаяттар
және атақты классиктердің шығармаларының жекелеген тараулары мен
сюжеттері, сондай-ақ жергілікті ескі қазақ аңыздары мен әпсана-ертегілері,
шығыс пен қазақ сарындарының қосынды түріндегі шығармалар да
кездеседі. Бұл қатарға тағы да Құраннан алынған сюжеттер бойынша және
қазақ өмірінде болған оқиғаларға негізделген дастандарды да жатқызуға
болады. Олардың бәріне ортақ белгілермен бірге әрқайсының өзіне тән
ерекшеліктері де жоқ емес.
Ғашықтық дастандардың
мазмұны, әдетте, біртектес болып келеді.
Оларда бірін-бірі сүйетін екі жастың қайғылы тағдыры баяндалады. Мұндай
тақырып қазақтың өзінің махаббат туралы жырларында да әңгімеленеді.
Бірақ дастанның сюжеті мен құрылысы, поэтикасы басқаша. Дастанда
кейіпкерлер бір-бірін түсте көріп, ғашық болады, кейде бір-бірі жайында
біреуден естіп, я болмаса суреттерін көріп, махаббат сезімі оянады да,
жігіт сұлу қызды іздеуге шығады. Алайда, ол бірден сапар шекпейді. Ол
ғашық дертіне ұшырап, сырқаттанады, немесе дүниені тәрк етіп, тентіреп
кетеді, я болмаса қызды тағы да түсінде көргенше, тосып жүреді. Кей
жағдайда ол өзінің махаббат отына өртеніп жүргенін көп уақытқа дейін
жасырып жүреді, ата-анасына да айтпайды. Баласының сағыныштан
сарғайып жүрген түрін көріп, әке-шешесі неше түрлі ем қолданады, әр алуан
балгерлерді шақырады. Содан кейін ғана кейіпкердің не себепті ауырғаны
ашылып, ата-анасы оған жолға шығуға рұқсат береді.
Дастанда бас кейіпкердің сапарға дайындалуы кең баяндалады. Ол
Қозы мен Төлегендей емес, қызды жалғыз іздеп шықпайды. Оның қасында
ондаған, жүздеген нөкерлері және міндетті түрде өзімен бір күнде туған
сенімді досы болады. Осы досы оның барлық тауқыметін бірге көріп, көп
жағдайда оны қиын жағдайлардан құтқарады. Досы оған әрі ақылшы, әрі
кемекші, әрі қызметші рөлін атқарады.
Дастандағы ғашық қызды іздеген жігіттің жол сапары да өзгеше. Ол
тұлпар таңдамайды, атпен шөлден өтіп, дала кезбейді. Дастанның кейіпкері
жүздеген қызметші алып, бірнеше кемеге мінеді, теңізде жүзіп, басқа
қалаларға, аралдарға тап болады. Сапар барысында ол қилы-қилы
оқиғаларды бастан кешіреді. Кемелері апатқа ұшырап, қасындағы серіктері
283
түгел опат болады да, бас кейіпкер жалғыз қалады. (Досы басқа жерде
қалып, артынан оны тауып алады). Кейбірде қасында аз ғана нөкері тірі
қалып, төресінің тағдырын бөліседі, олар оны аман-есен іздеген шаһарына
жеткізеді. Сол шаһарда неше түрлі айла-әрекетпен төресін қызға
жолықтырады.
Дастандағы бұл жігіт қазақ эпосындағы жігіттерден басқа мінез
көрсетеді. Ол Қозыдай, Төлегендей саяқ жүрген, өзіне ғана сенген азамат
емес. Барлық іс-әрекетті нөкерлерімен бірге атқарады, немесе өзі Құдайға
сиынып, мінажат етіп, Құдайдың, пірлердің көмегі арқылы қиындықты
жеңеді. Сонымен қатар қызға жолыққанда да ол өзгеше көрінеді. Қызға
өзінің көрген жол азабын айтып, мүңын шағады, тіпті көзіне жас та алады.
Ғашықтық дастандардың мазмұны осымен ғана аяқталып қоймайды.
Қызды тауып, уағдаласқаннан кейін дастанға тағы бір шытырман сюжет
қосылады. Әртүрлі себептермен жігіт қыздан айырылып қалады, немесе қыз
ғайып болып кетеді, т.т. Осыдан былай қарай жаңа оқиғалар тізбегі
басталып, дастанның құрылымы күрделене түседі. Мұндай жалғасудан пайда
болған қосымша сюжетте кейде кейіпкер екінші әйел іздеп, сапар шегеді.
Ал,
Достарыңызбен бөлісу: |