Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет117/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
фольклор

қаһармандық дастандар 
шығу мезгілі жағынан ежелгі батырлық 
эпостан кеш пайда болған. Бұл жанр дастанның кейбір түрлерінен де 
кенже тәрізді. Егер ғашықтық және хикаялық дастандар орта ғасырдың ерте 
тұсына сәйкес келсе, қаһармандық дастан орта ғасырдың соңында 
қалыптасқан болу керек. Бірақ соған қарамастан бұл дастанда көне сюжеттер 
мен кейінгі заман мотивтері аралас жүреді. Сол себепті кейбір 
шығармаларды нақты қаһармандық дастанға жатқызу қиын. Бұларда 
батырлардың ерлігі мен басқа да іс-әрекеттері кейде діни, кейде жаудан кек 
қайтару, кейде сүйген жарын азат ету түрінде болып келеді. Демек, 
қаһармандық дастан таза батырлық сипатта болмайды. Мұнда 
кейіпкердің ерлігінен гөрі басынан кешкендері көбірек әңгімеленіп, 
оның қаһармандығы елге шапқан жаумен шайқаста емес, оған кездейсоқ 
кездескен қауіпті жандарды, немесе айдаһар, дию, дәу сияқты мақұлық-
құбыжықтарды өлтірген тұста көрінеді. Осы жағынан алғанда бұл дастандар 
классикалық батырлар жырына емес, батырлық ертегілерге ұқсайды. Мұны 
кейіпкердің іс-әрекетінен ғана емес, дастандардың сюжетінен де байқауға 
болады: олардың сюжеті, негізінен, ертегілік болып келеді. Сондықтан 
қаһармандық дастанды кейбір зерттеушілер жеке дараламайды, оны 
новеллалық немесе ертегілік дастанға жатқызады, я болмаса діни 
дастандар құрамына енгізеді, өйткені ондағы батырлар кейде исламның 
атақты қайраткерлері болып келеді. Алайда, соған қарамастан дастанның бұл 
түрін қаһармандық деп бөліп алуға болады, себебі оның баяндалуы, жалпы 
поэтикалық болмысы батырлық эпостың табиғатына жақын. 
Кеңес өкіметі тұсында тыйым салынып, жарияланбай да, зерттелмей де 
қалған мол дүниенің бірі – 
діни дастандар. 
Бұл шығармалардың мазмұны 
мен тақырыбы ислам дініне, оның пайғамбарлары мен сахабаларына 
арналған, ал күллі поэтикасы, кейіпкерді бейнелеу тәсілдері, сюжеттік 
құрылымы – бәрі дәстүрлі эпостың және дастанның аясында, солардың 
шартына сәйкес. Діни дастандар қазақ арасына, әсіресе, XIX ғасырда өте кең 
тараған ("Қисса-и әнхәзрәт-и Расүлнің Миғражға қонақ болғаны", "һаза кітап 


284 
Мұхаммед-Ханафия", "Қисса-и Зарқұм", "Абу Шахма", "Қисса-и Салсал", 
"Қисса и Сейітбаттал", т.б.). Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады: а) таза 
дінді уағыздайтын дастандар; ә) мұсылман пайғамбарлары мен әулиелерінің 
өмірін, кейбір кезеңдерін баяндайтын туындылар. Бірінші топтағысы – 
көркемдігі жоғары, сюжеті қызғылықты, эстетикалық әрі эмоциялық әсері 
күшті шығармалар. Ал, екінші топтағылары, негізінен, ғұмырнамалық, бірақ 
соның өзінде де фольклор поэтикасын жақсы пайдаланған, керкем қиялды да 
ұтымды қолданған. 
Жалпы, діни дастандардың басты мақсаты – исламды уағыздау әрі 
мұсылмандық өмір салтын орнықтыру. Осы тұрғыдан алғанда, оларды 
былайша топтауға болады: 1) исламның ерекше-шарттары мен тыйымдарын 
және оларды бұзғаны үшін қолданатын жазаларын баяндайтын дастандар; 2) 
исламның батырлары туралы, олардың мұсылман дінін тарату жолындағы 
ерлік істерін көрсететін шығармалар; 3) Мұхаммед пайғамбардың, одан 
кейін 4 халифтің исламды орнықтырудағы іс-әрекеттерін суреттейтін 
туындылар. 
Шығыстық сюжеттегі дастандармен қатарласа туған қазақтың 
әлеуметтік-сүйіспеншілік 
және 
ертегілік дастандары 
жеке бір топ 
құрайды. Олар өзіміздегі ежелгі сюжеттерді, діни-кітаби хикаяттарды 
пайдаланумен қатар өмірде болған оқиғаларды да жырлайды. Әсіресе, ХVШ-
ХІХ ғасырларда қазақ даласының әр түкпірінде орын алған тарихи оқиғалар 
мен әлеуметтік-сүйіспеншілік мәселелер дастан мазмұнына айналады да, 
ондай шығармаларда махаббат қана емес, тарихи және әлеуметтік сарындар 
пайда болады. Мұндай дастандардың қатарына "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-
Кебек", "Айман-Шолпан", "Ақбөпе-Сауытбек" сияқты шығармаларды 
жатқызуға болады. Бұлардың біразының авторы болған, бірақ сол 
авторлық дүниелер ел арасына тарап, бірте-бірте фольклорлық сипат 
қабылдаған. Соның нәтижесінде олардың халықтық варианттары пайда 
болған. Сондай шығармалардың ішінде, әсіресе, елге кең тарағандары – "Құл 
мен қыз", "Назымбек пен Күлше", "Талайлы мен Айымқыз" сияқтылар. 
Бұл дастандарда екі жастың махаббаты әлеуметтік мазмұнда баяндалады. 
Олардың сюжеттік желісі, әдетте мынадай болып келеді. 
I.
Қыз бен жігіт бір-біріне ғашық болады, жігіт – кедей, қыз – бай 
тұқымы. Бірақ қызды басқа біреуге атастырып қойған; 
II.
Жастар қосылу жағдайы болмаған соң бірге қашып кетеді; 
III.
Оларды қуғыншылар тауып алады, кейде екі ру дау-дамайға түседі; 
IV.
Жігіттің руы айып төлейді, немесе екі жасты қызды даулаған рудың 
еркіне тапсырады; 
V. Екі жасты өшіккендер өлтіріп тынады, кейде оларды ажыратып, 
қызды атастырған жұрты алып кетеді. 
Осындай типтік сюжетке құрылған шығармалар қазақ қоғамының 
болмысын, рулардың ара-қатынасын барынша шыншылдықпен 
көрсетуге тырысады. Бұларда пәлендей бір архаикалық сарын, 
мифологиялық ұғым кездеспейді, қиял-ғажайыптық жағдайлар да жоқтың 
қасы. 


285 
Ертегілік қазақ дастандары 
ескі әпсаналар мен хикаяларды негізге 
алады да, сол сюжеттерді дәстүрлі эпос пен шығыс дастанының 
поэтикасын ұштастыра жырлайды. Мұндай дастандар, негізінен, XIX 
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған, ал 
мұның өзі қазақтың фольклорлық, әсіресе эпикалық дәстүрі кеңес өкіметі 
кезінде де өшпегенін айғақтайды. Осындай шығармалар деп "Құбағұл", 
"Жаскелең", "Құламерген", "Аяз би", "Қыдыр, ақыл, бақ", "Жетім мен уәзір" 
сияқты дастандарды атауға болады. Бұлардың қиял-ғажайып сипаттағысы 
XIX ғасырда, ал тұрмыс-салт сипатындағылары XX ғасырда дастанға 
айналған. Алғашқылары көбінесе батырлық эпос үрдісінде болса, кейінгілері 
хикаялық (новеллалық) дастанға жақын. Мәселен, XIX ғасырда пайда болған 
ертегілік дастандардың мазмұны әртүрлі болғанымен бәріне ортақ, мынадай 
типтік сюжетті анықтауға болады; 
I. Перзентсіз ата-ана, кейіпкердің ғажайып тууы мен өсуі; 
II. Қыз бен жігіттің бір-біріне түс көріп, ғашық болуы; 
III.
Жігіттің қызды іздеуі, қыздың ауылына келуі, екеуінің кездесуі; 
IV.
Жігіт пен қыздың қашуы, қуғыншылардың жетуі; 
V.
Қуып келген қолмен жігіттің шайқасуы, жеңуі, еліне аман-есен келуі. 
Дастандар қыз бен жігіттің қосылып, ұлан-асыр той жасауымен 
аяқталады. 
Хикаялық сипаттағы ертегілік дастандарда түпнұсқаның сюжеті 
толық дерлік сақталады, сол себепті оларда ортақ типтік сюжет 
байқалмайды, оның есесіне ертегінің көптеген белгілері бой көрсетеді, 
әсіресе, жағымды кейіпкерлердің ізгілікті қасиеттері мен іс-әрекеттері 
төркінімен ұқсас болып келеді. Мұнда қазақтың төл фольклорына тән 
далалықтар өмірі шаһармен қатарлас көрінеді. Оқиғалар далада басталып, 
қалада жалғасады, хандық мемлекеттің нышандары көрініс табады. 
Сонымен, күллі мұсылман жұртына тараған дастан жанры қазақ 
топырағында да кең қанат жайып, ұлттық фольклорымыздың құрамында 
толыққанды дербес сала ретінде орнықты. Шығу тегі мен мазмұнының 
сюжеттік негізі және кейіпкерлердің алуан түрлі болғанына қарамастан 
дастандар қазақ фольклорлық дәстүріне сәйкес жырланып, ұлттық 
фольклордың поэтикасы мен көркемдік әдісіне, жалпы заңдылығына 
бағынған. Соның арқасында шығыстан енген сюжетті баяндайтын 
дастандар "қазақыланып", төл туынды ретінде қабылданған. Дастанды 
тудырған белгісіз ақындар мен жыршылар шеттен келген шығармаларға 
ұлттық сипат пен қазақ рухын сіңірген. Сөйтіп, олар ел арасына қазақ 
дастандары болып тараған. 


286 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет