Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет83/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
АҢЫЗ 
 
 
Аңыз жанрының арғы түбірі сөз жоқ ежелгі ру-тайпалық қауым кезінде 
жатыр. Оның көмескі көрінісін рулардың шығу тегін баяндайтын шежірелер 
мен тайпалардың соғысы туралы әңгімелерден табуға болады.
Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасады. 
Алайда, аңыз аясында тарихи факт әр дәуірдегі айтушылар мен 
тыңдаушылардың түсінік-пайымына, ұғымына сәйкес өзгереді. 
Рулар, тайпалар арасындағы дау-жанжал, ұрыс-соғыс туралы аңыздар 
ауызекі (ауызша) хроника іспеттес, онда шамамен болған оқиғаның мезгілі 
көрсетілуі мүмкін, сол оқиғаға қатысқан адамдар міндетті түрде аталады. 
Мұндай аңыздардың бейнелеу құралдары жұпыны ғана, ал дәріптеу мен 
көркем жинақтау мүмкіншілігі ертегі мен эпостан әлдеқайда аз. Рулар, 
тайпалар соғысы туралы аңыздар – батырлық ертегі мен қаһармандық 
эпостың тағы бір қайнар көзі. 
Аңыз өмірде болған елеулі оқиғалар, ертеректе өмір сүрген көрнекті 
адамдар және белгілі бір жер-су, мекен жайлы баяндайды. Сондықтан ел 
арасында аңыздағы айтылатын оқиғалар мен іс-әрекеттер ақиқат нәрсе деп 
қабылданған. Жұрт үшін аңыз – ертегі емес, онда көркемделген қиялдың, 
көркем шарттылықтың белгісі аз. Әрине, объективті түрде қарайтын болсақ, 
аңызда да қиял (вымесел) бар, бірақ ол ертегідегідей, я болмаса эпостағыдай 
көркемделмеген. 
Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның 
түп негізі – тарихи шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын 
растайтын дерек ретінде жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, я болмаса 
жыл мезгілі аталып отырады. Үшіншіден, аңыздың айтылу мәнері 
тұрақтанған, ол ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады. 
Аңыздың түпкі мазмұны өмірдің танылған бір фактісі болып келеді. 
Әрине, ауыздан ауызға, біреуден біреуге айтылып жүргенде бұл фактінің 
кейбір детальдары, болмаса ол туралы жалпы хабар өзгеріске ұшырауы 
мүмкін, тіпті кейде жалған болып шығуы да ықтимал. Бірақ соның бәрінде де 
ол факті туралы хабар шын болып есептелінеді, өйткені дәстүр бойынша 
айтушы оны ғажайыпты нәрселермен түсіндіру керек деп ойламайды. 
Басқаша айтқанда, аңызда ешқандай кереметтілік, ғажайыптық сыр 
болмайды, өмірден тысқарғы фантастикалық кейіпкерлер көрінбейді. 
Аңыздың тағы бір ерекшелігі – онда баяндалатын оқиға тек ұлттық 
сипатта болып, белгілі бір жерге ғана байланысты болып келеді. Яғни, 
аңызда тек жергілікті тарихтың ғана оқиғасы әңгімеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет