7. 1930жылдары С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, М. Әуезов т.б. көтерген мәселелер:
А) халықтың тіл байлығын, сөз саптау мәнерін; фольклордағы сюжеттер, фольклорлық образдарды пайдалану, т.б.
В) қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихы, тегі, түркі халықтар әдебиетімен түбі бірлігіне, т.б.
С) халық ауыз әдебиетінің халықтығына, партиялығына және таптығына
D) халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау
Е) фольклор үлгілерін жанрларға жіктеу
8. С. Мұқановтың 1931 жылы жариялаған «Қазақтың пролетариаттық әдебиеті туралы» зерттеуінде айтылатын ой
А) Социалистік жаңа заманды, екпінді құрылыстар, адамдардың еңбегін шабыттана жырлау үшін қазақ ауыз әдебиетіндегі «жыр» өлшемін ұсынады
В) Қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеу, бағалау мәселелеріне көңіл бөлуді ұсынады
С) Ескі мәдени мұраның бәрін «халықтық» деп жарияламай, тек олардың ішінен ең асылдарын, идеялық және көркемдік сапасы жоғарыларын тек еңбекші таптың мүддесіне сай келетіндерін ғана таңдап алу мәселесін ұсынады
D) Идеология майданында таптық күрес, фольклордың тарихи және оның қоғамдағы рөлі жайында
Е) Қазақ фольклорының әртүрлі жанрларының өзіндік жеке ерекшеліктерін ажырату,саралау, сараптау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |