12. Лиро – эпос жанрына қандай жырлар жатады?
А) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан», т.б.
В) «Орақ-Мамай», «Қарсай, қазы», «Бекет батыр», т.б.
С) «Қобыланды», «Алпамыс», «Едіге», т.б.
D) «Алдаркөсе», «Ер Төстік », «Аяз би», т.б.
Е) «Жар – жар», «Той бастар», т.б.
13. «Әбубәкір ақсақалдың еңбегі бір адамның өміріне татарлық.Әбубәкір ақсақал қырық жыл бойына қазақ – қырғыз елінің ауыз әдебиетін, жол – жорасын жинаған», – деген пікірдің авторы кім?
А) М. Жұмабаев
В) М. Дулатов
С) А. Байтұрсынов
D) С. Сейфуллин
Е) І. Жансүгіров
14. «Қобыланды», «Алпамыс», «Едіге » жырлары қандай жанрға жатады?
А)Эпос жанрына (батырлар жырына )
В) Лиро-эпос жырларына
С) Ертегі жанрына
D) Тұрмыс салт жырларына
Е) Тарихи жырларға
15. Қай ғалым эпос жанрына батырлар жырын жатқызудың себептерін әдебиеттану талабы тұрғысынан дұрыс түсіндірген?
А) Қ. Жұмашев
В) М. Бөжеев
С) Б. Шалабаев
D) Б. Бисенбин
Е) Ә. Марғұлан
Достарыңызбен бөлісу: |