Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет30/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
19билет

1. Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. . Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. ың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

2. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:

Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды

Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды.

Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды.

Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.

Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).

Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты.

Құрылтай- (мәслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады.



3. «Алаш» партиясы

«Үш жүз» партиясы

Басшылары

Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов

Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар.

Жетекшісі: Көлбай Тоғысов

Саяси қызметі

Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.

Қазақ революциясына көзқарасы

Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;

Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.

«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды.

Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет