Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет32/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
21билет

1. Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік, монғол және ислам мәдениеті дәстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазбаша (қолжазба-кітаби) әдебиет және музыкалық-поэтикалық өнер трінде болып, дамып отырған.
Фольклор. Ауызекі халықтық-поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәдениетінің негізгі бөлігі болды. Оның ежелден келе жатқан және тамыры терең дәстүрлері бар. Рулық құрылыс пен Түрік қағанаты дәуірінде пайда болған көптеген фольклорлық сюжеттер феодалдық қоғам жағдайларының өзінде-ақ одан әрі жетілдіріле береді. Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз-әңгімелер кең таралды, олардың бір бөлігі жаңартылып, өзгертіліп отырды, ал басқа бір бөлігі басқа жанрлардың құрамына кірді, не бәз-баяғы күйінде жасай берді. Ертедегі туындылармен қатар, сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған оқиғалар туралы, оларға белсене қатысып, жалпы алғанда Шыңғыс ұрпақтары, жекелеп алғанда Жошы ұрпақтары мемлекетінің одан әрі өмір сүруінде тағдырлы рөл атқарған жеке адамдар туралы эпикалық жаңа туындылар жасалды.
Мифтерде алғашқы адамдар мен жануарлардың жарық дүниеге қалай келгені, таулардың, көлдердің, өзендердің және басқа да Жер объектілерінің қалай пайда болғаны туралы да баяндалды, хайуандардың түрі, мінез-құлқы неліктен сондай екені түсіндірілді. Рулар мен тайпалардың мифтік тарихы да баяндалып, олардың генеалогиясын жануарлармен, тотемдік бабалармен байланыстарға апарып тірейді. Бұл мифтердің бәрі өзінше бір “танымдық-ақпараттық” міндет атқарады және дүниенің құрылысын, табиғат құбылыстарын, адамның іс-әрекеттері мен хайуандардың қылықтарын аңғалдықпен, кейде теріс түсіндірді. Сонымен бірге монотеистік ислам діні ықпалының артуына байланысты ертедегі мифология ыдырай берді. Ислам діні жағдайында бұрынға нанымдар күпірлік деп жарияланып, қуғынға салынды, соның салдарынан көптеген көне мифтер жүйеге түсіріліп және фольклорлық циклге енгізіліп үлгірмеді. Олар бұзылып, басқа жанрларға айнала бастады, бұл орайда өзінің танымдық міндетін толық жоғалтқан жоқ. Бұл мифтер көркемдік міндеті басым сындарлы жүйе құрған жоқ, мұның өзі ертедегі құл иеленушілік мемлекеттердің мифологиясына тән болатын.

2. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қол­да­уы арқылы шеш­пекші бол­ды. Әбілқайыр хан­ның мақсат­та­ры:Қал­мақтар мен башқұрттар­дың Қазақ жерін ша­бу­ыл­да­уын тоқта­ту.Пе­тер­бург би­ле­ушілеріне арқа сүйеп, аға хан­дыққа та­лас­та қар­сы­лас­та­рын жеңу.Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзен­дері бойын­дағы қазақтар­дың мал жайылым­да­ры үшін бейбіт өмірді сақтау.Қазақ жері арқылы өтетін ке­ру­ен жол­да­рының қауіпсіздігін қал­пы­на келтіру.Ең бас­ты мақса­ты – жоңғар­ларға қар­сы күрес­те Ре­сей­мен бай­ла­ныс ор­на­ту. Кіші жүз ақсүйек­тері мен Әбілқайыр­дан ант қабыл­дау үшін Ре­сей­ден сыртқы істер кол­ле­ги­ясы­ның тілмәші, дип­ло­мат А. И. Тев­ке­лев бас­таған елшілік жіберілді.

1731 жы­лы қазан­да орыс елшілері Ырғыз өзені бойын­дағы Әбілқайыр ор­да­сына кел­генде, қазақ ақсүйек­тері ара­сын­да ала­уыз­дық бар екені анықтал­ды. Ба­рақ сұлтан, Бөген­бай ба­тыр топ­та­ры Кіші жүзді Ре­сей­ге қосу жөніндегі ша­ралар­ды аяқсыз қал­ды­руға ты­рысқан­мен, бұл қар­сы­лық сәтсіз аяқтал­ды.

1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 стар­шы­ны Ре­сейдің қол ас­ты­на кіру­ге ант берді.

3. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет