Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет22/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
bilet 1-30-1

3. Наймандар – VIIІ ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралағында өмір сүрген

Керейіттер-тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер деп атаған. Жазба деректерде керілер тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.

Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады.

14билет

1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.
XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық және музыка өнерін дамытуға Махамбет ӨтемісұлыҚұрманғазы СағырбайұлыДәулеткерей ШығайұлыТәттімбет ҚазанғапұлыБіржан сал ҚожағұлұлыЖаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.

2. 1917 жылы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани діни мәселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы – «Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер «Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс қалыптасты.

3. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, ақылды дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет