Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет23/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
bilet 1-30-1

15билет

1. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. 1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қратай хан сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін  Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.
2. Соғыстын алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді:
- Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
- Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
• Майданға жақын өнілерден 220 зауытпен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет жүргізілді:
1941 жыл аяғы – 1942 жыл басы;
• 1942 жылғы 24 тамыз – Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің
«Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады;
- Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамассыз ету.
- Шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу.
Қарағанды облысындағы ФЗО желісі үш есе, оқушылар саны бес есе көбейді.1943 жылы 18 мың адам кеңші мамандығын алды.1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында Екінші Қарағанды пайда болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді:
- Атырау мұнай өндеу зауытын, Кәаспий Орск мұнай құбырын
салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.
- Ембіге Азербайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
• Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат-Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Пешной аралы – Шарин құбыр жолы,Атырауды теңіз порты мен мұнай өндеу зауыты, «Комсомол» кәсіпшілігі т.б.
• 1942 жылғы қазан –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші кезегінің іске қосылатын мерзімі белгіленді.
• 1943 жылы ақпан – Ақтөбе фероқорытпа зауыты іске қосылды.
• 1943 жылы сәуір қайта өндейтін Қарағанды металургия зауытын салу туралы шешім қабылданып Қазметаллург стройтрессі ұйымдастырылды.
• 1943 жылғы сәуір- Жекзқазған комбинаты құрылды.
1942 жылы күзде Баку мұнайы Каспий-Орск мұнай құбырымен тасымалданды.Ерең еңбектері үшін Ембі мұнайшыларына мемлекетік қорғаныс камитетінің туы 12 рет тапсырылды.1943 жылы маусымда Құлсары кәсіпшілігі, Атрау машина жасау ұжымдары көшпелі Қызыл Туды жеңіп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет