«Домбыра» атауының
шығуы жайлы таластар
көп. Солардың бір қатары:
«
Дембира»
деген қыз
атынан шыққан болуы керек деп те топшалайды,
себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге
немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін
беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті
шертпелі асап үнді халықтарында
«
тампура»
деп
аталады. Ішекті шертпелі аспап
«
пандура»
гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан
шыққаны әзірге белгісіз.
Шертер
– ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты
ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ
сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп,
сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек
тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді,
шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі.
Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда
қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған.
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын
ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.
Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді.
Шаңқобыз
-
қазақтың көне музыкалык
аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен
жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға
жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту
арқылы ортасындағы тілше тербеліп
дыбыс шығарады. Ол ашалы сым
темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз
арасына бекітілген тілін саусақпен шалып
тарту арқылы орындалады. Негізгі
дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне
байланысты. Дыбыс көлемі бір октава
шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да
түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде
орындаушылар саусақтарына коңырау іліп
алып та ойнайды.
Асатаяқ
– қазақ халқының ежелгі музыкалық
аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған.
Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның
үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу
тәсіліне қарай "күмбезде, "жалпақ басты", "ай
басты", "жылан басты", "сопақша", "қалақша", т.б.
болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап
ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана
секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі
салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір
салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.
Тұяқтас
– қазақтың музыкалық
аспабы. Бұл аспап өзгелерден
қарапайым тұрпатымен
ерекшеленеді.
Аспаптың өзіне ғана тән ерекше үні
бар.
Тұяқтас
шығармалардың
орындалу барысында аспап мал
тұяғынан шыққан дыбысты нақты
жеткізеді.
Қобыз
— таңқаларлық пішінді және
ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз екі
шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген
ысқышы бар аспап.
Жетіген
– қазақ халқының көп ішекті
шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша,
жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа
тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін
ойықтары салынады. Аспаптың құлақ күйі
осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы
келтірілген. Ішек сандары жетеу
болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
ҚАЗАҚТЫҢ
КИІЗ ҮЙІ
Киіз үй
— Орталық және Орта
Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге,
яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең
бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста
жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да,
туристер де пайдаланады. Киіз үй жер
сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен
бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап
шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер
апарып жүрді.
•
Кереге
– киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі,
талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге
көздерінің көлеміне қарай: тор көзді (кішкене)
кереге және жел көзді (үлкен) кереге болып, екіге
бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас,
жел көзді керегеде 17 бас болады. Кереге жасайтын
жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде
кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан
соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған
кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді.
Бұдан соң оларды бір-бірімен қосып, түйенің,
өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен
көктейді, жосамен бояйды. Ауқатты адамдар
керегені әр түсті бояумен сырлатып, басын ішкі
жағынан
сүйекпен, күміспен
әшекейлеткен. Жиюлы
керегенің биіктігі 2 м-дей, ені 75 см-дей болады.
Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2 –
2,5 м-ге дейін созылады. Кереге өзара таңғышпен
байланыстырылады. Кереге санына қарай киіз үй 4,
6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының
кереге саны 30-ға дейін жеткен
1. Кереге
2. Уық
3. Шаңырақ
4. Сықырлауық
|