Қазақ халқы мәдениеті тарихи



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата10.12.2023
өлшемі4,81 Mb.
#135572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Презентация Кудайбергенов С.

Құйрық-бауыр
– су 30-35 градус жылығанда қазанға 
құйрық майын салып, отты баяу жағып, 15 минуттай 
қайнатады. Содан кейін бауыр салып, тұз, бұрыш, 
пияз қосып әбден піскенше қайнатады. Піскен 
құйрық-бауырды табаққа салып алып, суытады. 
Бұдан кейін бауырды жұқалап турап, оның үстіне, 
құйрық майын турап салады және дәміне келтіру 
үшін дөңгелектеп туралған пияз, бұрыш салған 
тұздық құяды. Құйрық-бауырды асқан еттен бөлек 
береді. Құйрық-бауырға: 600 г бауыр, 300г құйрық 
май, 1 бас пияз, жарты ас қасық қара бұрыш, 1 стақан 
сорпа, жарты ас қасық тұз керек. 



Айран –
ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған 
сүттен де ұйытуға болады. 

Қатық –
сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып 
әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады

Қойыртпақ –
қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. 

Шұбат –
түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне 
қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. 

Қымыз –
биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды 
сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті 
дастарқан дәмінің бірі. 

Құрт –
малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.

Сары май –
сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның 
не серкенің терісінен тігілген саба, торсықта не болмаса ағаш күбіде 
дайындалады

Сүзбе –
айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. 

Уыз –
жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт.


22 наурыз мерекесіне ғана 
тән, көпшілікке арналған 
тағам. Оны әр үй жеті дәмнен 
жасап, оған қазы шұжық 
сияқты сыйлы ет мүшелерін 
қосып, мерекемен 
құттықтауға келгендерге 
ықыласпен ұсынады. Наурыз 
көженің дәстүрлік, мерекелік, 
ұлттық тағылымы өте зор. Ол 
баршаны мейірімділікке, 
ізгілікке, бірлікке, татулыққа 
шақырады.
НАУРЫЗ КӨЖЕ


Қазақтың зергерлік 
бұйымдары:
Жүзік
Сырға
Алқа
Қапсырма
Білезік
Тұмарша 
Қазақ халқының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет