Қазақ халқының моноэтникалық ҚҰРАМының Өзгеруі



Дата03.12.2023
өлшемі4,41 Mb.
#132909
түріСабақ


Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары (3 сабақ)
Қазақстан тарихы, 10-сынып

Оқу мақсаты:

Оқу мақсаты:

  • 10.2.2.8 – туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану
  • Сабақтың мақсаты:

    Мәдени-генетикалық код ұғымымен танысу және оның маңызын түсіну

Бүгінгі сабақтың тірек сөздері

Мәдени-генетикалық код

Өркениет

Ұлт

Ұлттық дәстүрлер

Ұлттық нышан

Технократиялық жаңғырту

Әрбір этностың мәдениетінде тек өздеріне гана түсінікті және солар- ды ғана біріктіретін идеялар мен түсініктер, нышандар мен белгілер жүйесі болады. Этностың бүл ішкі әлемі этностың көзге көрінбейтін, «құпия» (ягни, бөгделер үшін жасырын) мәдени-генетикалық коды ретінде өмір сүреді

Мәдени-генетикалық код -этнос (ұлт) мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар. Бұл биологиялық өзара байланыс (шығу тегі ортақ генетикалық жад), тарихи өзара байланыс (ортақ тарих жэне тарихи жад), әлеуметтік өзара байланыс (ортақ қағидалар, өнегелі құндылықтар мен дәстүрлер) болып табылады.

Мәдени код – мәдениеттің осы берілген типін түсінудің кілті: бұл халыққа ата-бабадан қалған қайталанбас мәдени өзгешеліктер, бұл мәдениетке тиесілікті анықтауға мүмкіндік беретін қандай да формада жасырынған ақпарат.


Ұлттың генетикалық коды – бұл ұлттық рәмізді де білдіреді, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде дәл соның өлшемдері шоғырландырылған. Мемлекеттік ту. Мемлекеттік тудың басты элементі оның ашық көк түсі болып табылады. Бұл аспан мен судың, тазалықтың түсі. Мемлекеттік тудың бір түстілігі елдің тұтастығы мен халықтың мәдени-этностық бірлігін бейнелейді. Геральдика заңы бойынша туда бейнеленген күннің кескіні байлық пен молшылықтың рәмізі болып саналады. Қанатын самғаған қыран еркіндіктің, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке ұмтылыстың, келешекке самғаудың рәмізі болып табылады.

Мемлекеттік елтаңба да бейнеге бай. Оның негізін өмір бойы көшіп-қонумен өтетін көшпендінің тұрағы, оның үйі – киіз үйдің негізгі элементтерін құрайды. Киіз үй – жолаушының мекені, ошақ басы. Елтаңбада шаңырақ, уық, кереге өз бейнелерін тапқан. Елтаңбадаға ерекше орын қанатты тұлпар – пыраққа тиесілі. Елтаңбадағы бесбұрыш – барлық бес құрылыққа бет бұрудың рәмізі. Елтаңба құрылымындағы алтын тәрізді және көгілдір түс байлық пен үйлесімділік береді.

Топтық жұмыс. Сабақты тереңдете меңгерту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма беріледі. «Постер» әдісі

Топтық жұмыс. Сабақты тереңдете меңгерту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма беріледі. «Постер» әдісі

1-топ Мәдени-генетикалық код ұғымы

2-топ Мәдени-генетикалық кодты сақтау үшін тілдің маңызы

3-топ қазақтардың Мәдени-генетикалық кодының бұзылуы

Топтық тапсырмаларды орындау үшін берілетін критерийлер:

- тарихи деректерді қолданады;

- оқиғаның тарихи құндылығын анықтайды

- деректерге жаңаша көзқарас ұсынады

Жеке жұмыс. «Мәдени-генетикалық кодты сақтау ­ жарқын болашақ кепілі» 50-70 сөзден тұратын эссе жазу

  • Жеке жұмыс. «Мәдени-генетикалық кодты сақтау ­ жарқын болашақ кепілі» 50-70 сөзден тұратын эссе жазу
  •  
  • Дескрипторлар:
  • - Мәдени-генетикалық кодты сақтаудың маңызын анықтау;
  • - ұллтық мәдениетті дәріптеудің маңызын айқындау

Қорытынды

  • Мәдени-генетикалық код этникалык сана-сезім үшін маңызды түсі- ніктерді қамтиды, этностың ерекше белгілерін көрсетеді және үлттық мүратқа сәйкес келеді. Бүл түсініктердің ішінде жалпыадамзаттық, мәселен, адамгершілік қағпдалары мен қүндылықтары да бар. Сондай- ақ тіл, Отан, мифтік және эпикалық бейнелер, халықтык музыка сияқты өзіндік және түрақты түсініктері де болады. Халыктың өз өткенін қалай көретіні, осы шақты қалай қабылдайтыны, болашақты қалай болжайтыны және дәл казіргі сәтте қандай мүратқа үмтылатындығы туралы түсініктері бар

Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет