Қазақ халқының отбасылық ТӘлімдеуіндегі қыз балалардың сыр – сымбат тәрбиесі



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі175,81 Kb.
#10821

ӘОЖ 37.018.1:37.036 

 

    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ  ТӘЛІМДЕУІНДЕГІ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ 



 СЫР – СЫМБАТ ТӘРБИЕСІ 

 

                                               Т.М. Алсатов, А.З. Әліпбек 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ. 

 

Жастардың  эстетикалық  тәрбиесінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  тек  қана  мектептердегі 

ғана іс-әрекеттерге қатысты емес екені баршамызға мәлім. Ол жасөспірім ер бала мен қыз баланың 

отбасындағы  тәлім-тәрбиенің  жүйелі  болуына  да  байланысты.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың 

«Қазақстан  –  2030»  Қазақстан  халқына  жолдауында:    Жастар  тәрбиесі  отбасы  мен  мектеп 

қабырғасынан  басталады.  Ата-аналар  мен  мектеп  ұстаздары  бірлесе  отырып,  қоғамымыздың 

белсенді мүшелерін тәрбиелеу қажет»[1]. 

Бұл  стратегиялық  міндетті  шешудің  жаңа  жолдарының  бірі  қазіргі  отбасылық  тәрбиені 

жақсарту, ол үшін қазақ халқының отбасылық тәрбиесін ұлттық құндылық ретінде жандандырып, 

әрбір  отбасына  ендіру  қажет.  Қазақ  халқында  отбасылық  тәрбие  халықтық  педагогика  арқылы 

жүзеге  асырылған.  Отбасылық  тәрбие  –  ұлттық  тәрбиенің  негізі,  ал  ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ 

еңбекқор,  дені  сау,  білімді,  адамгершілігі  мол  өзі  де,  жаны  да  сұлу  да  сымбатты  азамат  болып 

өседі [2]. 

Міне,  осы  тұрғыдан  алғанда  отбасындағы  қыз  балалардың  сыр-сымбат  тәрбиесі  ерекше 

орын алады. 

Қазақ  халқы  әдептілікке,  тазалыққа,  әдемілікке  тәрбиелеуді  ең  алдымен  қыздың 

тәрбиесінен бастаған.   

Өйткені,  бүгінгі  бармақтай  қыз  бала  ертең  бой  жетеді,  тұрмыс  құрады    өзінің  балаларын 

тәрбиелейді. 

Қыз  баласын  дұрыс  сөйлеуге,  таза  киінуге  баули  бастайды.  Әсемдікті  тани  білумен  қатар 

құрметтеу үшін қыз баласына гүлге су құюға, кесте тігуге  апасы 4-5 жасынан үйретуге тырысады. 

Қызды  қырық  рудан    тыю  деп  болжамдаған  әке-шеше  қыз  баласын  көзден  таса  қылмай,  оның 

тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлуге  тырысады.  Қызды  шешеден  бұрын  сөйлемеуге  тәрбиелеген.  Осы 

тұста  біз  қазақтың  «Әке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»,-демекші  анасы  қызының 

шебер  тігінші,  аспаз  және  өнерпаз  болуымен  қатар  осы  тәрбиенің  сыр-сымбат  әрекетіне, 

үйлесімділігіне  ерекше көңіл бөлген.  

Қазақта әсемдіктің әр алуаны бар. Соның бірі – қыз көркі. Қызға тән әсемдікті бұрынғылар 

қалай пайдаланғанына аялдасақ, олар мыналар: 

Қазақ баланы кезінде «қыз» деп көп атамайды. «Қыз» деп көп айту ұзатылған соң, онда да 

балалы  болғанда,  егде  тартқанда,  тіпті  кемпір  болғанда  айтылады.  Мұнда  әсіресе  төркіндегілер, 

өте-мөте жеңгелер айтады. Кейбіреулер «Қыз екенін сен біледі екенсің» деп шамданады.  Бұнысы 

–  қыз  баланы  қаршадайыннан  қызғыштап  қорғағаны.  Қызға  деген  қызыл  көзден  күні  бұрын 

қорыққаны.  Келешекте кешікпей толысатын қыз бойындағы әсемдікті сұқтың көзінен тасалағаны. 

Сондықтан  да  өсе  бастаған  қыз  балаға  ана  көзі  тимесін  деп  алдымен  екі  ырым  жасайды.  Бірі  – 

күртесіне  қара  шұбар  маржан  тағу,  бірі  –  бала  өте  реңді  болса,  сыртқа  шығарарында  бетіне, 

маңдайына күйе жағу. 

Анасы  қолына  түскен  қызылды,  теңге  моншақты,  сақина  сырғаны,  шолпыны  қызының 

үстіне  жапсырып,  оны  күлтелейді,  қыз  баланың  тазалығына  ерекше  көңіл  бөледі.  Бетін  жұпар 

сабынмен,  шашын  бұзаушықпен  жуындыру,  бұрымын  тарау-кішкене  кезінде  анасына  міндет. 

Бойжете келе өзі  істейді.  Осы тұста айта кететін бір жайт, қазақ халқында қыздардың шашының 

ұзын болуын талап қоюмен қатар, бойжеткен қыздың шолпысының дене бітіміне қарай қонымды 

да, үйлесімді болуын қадағалаған. Ал сол бойжеткен бұлақ басынан шелекпен су алып келе жатып 

бөксесін  еңкейтіп жіберсе, шолпылары сылдырлап кетсе, оны  естіген үлкенді-кішілер  «ебдейсіз», 

«тәртіпсіз»  деп  сын  таққан.  Су  тола  шелекті  төкпей-шашпай,  денесін  сымдай  тік  ұстап 

шолпыларын  сылдырлатпай  өтсе,  «Ой  қандай  әдепті»,  «Керемет»  деп  риза  болған.  Ал  тағы  бір 

қырына  келсек,  осындай  талап  қыз  баласының  дене  мүсінінің,  яғни  бойының  тіп-тік  болып 

қалыптасуына да әсері болған  [3]. 

Әсемдіктің  дене  мен  киіміненде  басқа  түрлерінің  бірі  -  бұрым  бабы.  Қазір  амал  қанша, 

арқада тулап жүретін қайран екі бұрым, оның күміс күлкілі шолпысы тұлдаған байталдай, күзеген 

тайдай  тарақтан  қайран  болды.  Қазір  не  көп  «тоқал  шаш»  көп.  Абыройын  аша  жаздап,  қыз  жүр, 



орысша «білгішпін», «мәдениеттімін» деп он ауыз сөзді артық сөйлеп әйел жүр. Бұл да заманның 

ағымы  шығар,  дегенмен  қазақ  әйелі  болған  соң  әсемдіктің  бұрынғысына  да  ара-тұра  бұрылған 

теріс емес-ау. Егер сол бұрымдар бүгін болса, оған кімнің көзі түспес еді, жүрегі туламас еді ! 

Қазақ  қыздарындағы  әсемдіктің  ең  құдіреттісінің  бірі  –  мінез-құлық.  Ата-ана  баласын 

өзіміз  сөз  етіп  отырған  аржақ-бержағында  биязылыққа,  өте-мөте  ұяңдыққа,  нәзіктікке  баса 

тәрбиелеген.  Қазақ  қызындағы  ұяңдылықтың  өзі  әсемдіктің  бір  кереметі.  Ішкі  дүниесіндегі 

арпалысты аз сөзбен, дәл тауып қана, езіле, егіле айтып, әдеп сақтауының өзі байланысты адамын 

мұрат  ететін  құдырет  болған.  Сондықтан  қазақ  қыздары  «махаббат»  дегенді,  «сүйгенім»  дегенді 

бадырайтып  айтуға  ауыздары  бармай,  «қуатым»,  «қалқам»,  «қарғам»,  «құрбым»  деп  сыпайы 

айтқан.  Мұны  да  бет  әлпеті  айта  бермей  қысылғанда,  бастарына  күн  туғанда,  айырылысарда, 

боздап  тұрып  айтуға  ауыздары  әзер  барған.  Міне,  өстудің  өзінде  қаншама  әсемдік  жатыр 

десеңізші. 

Жігіттің  қалыңдығына  қашан  ұрын  барғанша  жолай  алмауының  өзі  бір  әсемдік  болған. 

Қазіргідей  бүгін  танысып,  ертеңіне  бас  салу  бұрын  болмаған.  Ұлы  сөздің  ұяттығы  жоқ,  қазіргі 

қейбір жастар неке аманатын күні бұрын атқарып тастап, тойға құрсақты болып келетіндер де жоқ 

емес. Бірен-сарандарымыз біреудің етегінен ұстағанша, талаймен әлекей-шүлекей болып үлгереді 

емес пе. Біз баста сөз еткен аналар осындай сұмдықты болдырмау үшін, қыз әсемдігін ақы иесіне 

аман тапсыру үшін қызын балиғатқа толысымен бақылады ғой. Бұл арада бұрынғылардың әдепті 

де,  әсемдікті  де  бүлдірмеу  үшін  күрескенін,  тәрбиелей  білгенін  мойындаған  жөн.  Қызға  қырық 

жерден аңдушы болатыны да осы әсемдіктен айырылмаудың бір әдісі. 

Қыз баланы бақылауына, баулуына алған ананың әсемдік жөніндегі бір бастамасы - кестеге 

үйрету. Кестені қыз алғашында шытқа, онан соң ержете  келе   түскиізге,   тақияға,   сандыққапқа   

тігіп,   оған   қосымша   сырмақтың, дөдегенің, бұйымдардың оюларымен жалғастырады. Былайша 

айтқанда, қазақтағы әсемдіктің қақ жартысы әйелдердің қолынан шыққан. 

Қазақ қызының сөйлеуінде  де, күлуінде де,  еркелеуінде де, тіпті ренжуінде де, ас ішіп, ас 

әперуінде  де,  отырысыңда  да  сұлулық,  әсемдік,  басқалық  болған.  Бұны  қызға  үйрететін  алдымен 

ана,  онан  соң  ауыл-аймақ,  қалыптасқан  салт-сана.  Бұрыңғы  қыздар  көптің  көзінше  күлуді, 

көсемсіп  сөйлеуді,  алдыда  жүруді,  қомағайлықты  жұрт  көзіне  көрсетпеген.  Бұның  бәрі  - 

болашақтағы келіннің, келешектегі ананың алдын күреу. 

Жалпы  қорыта  келгенде,  бұрынғы  казақ  қыздары  мектеп  пен  медреседе  этика  мен 

эстетиканы  мұғалімнен  дәріс  ретінде  оқымағанымен,  үйде  олардың  қазақы  қасиетін  анасы  мен 

ауылынан жеріне жеткізе тоқыған. Сондықтан да олар әдепті, әсем болды [4].     

«Ұлдың  ұяты  әкеге,  қыздың  ұяты  шешеге»  деп  қараған  халқымыз  ұл  баланы  тәрбиелеуді 

аталар  мен  әкелер  өз  қолына  алса,  ал  қыз  баланы  тәрбиелеуді  әжелер  мен  аналардың  ісі  болып 

саналған. 

Халқымыз  қыз  психологиясының  ерекшелігін  жақсы  түсіне  білген.  Әрбір  отбасы  әке-

шеше,  аға-жеңге  бойжеткен  баласын  ылғи  да  жібектей  мінезімен,  уыздай  тәтті  қылығымен, 

іскерлік-ұқыптылығымен, 

сыпайы-салмақтылығымен, 

әдетті-ізеттілігімен, 

иманды-

инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай 



сақтап,  әлпештеп,  мәпелеп  жаны  мен  арының  таза,  мінезінің  жайсаң  болуын  қадағалап  отырған, 

жас өспірім шақтағы олардың балқыған, шалқыған, еліктегіш қасиеттерін ескеріп отырған.  

Қыз  болып  қылтия  бастағаннан  «ақ  отауға»  енгенге  дейін  қызды  қаншама  сынақ  күтіп 

тұрады. Оларды ең алдымен алып-ұшпа сезімді тежей білуге дағдыландырады. Бұл, әрине, оп-оңай 

жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да ол үлкен сын. 

Халықтың дәстүрі қыз бала тәрбиесінде  ереже ұсынбайды, тек бағыт-бағдар береді, өнеге 

көрсетіп,  әдептілік  жөн-жосығын  нұсқайды.  Оның  барлық  сыры  мен  сынына  әдебі  мен  мінезіне, 

тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына орай өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. 

Ол  адал  мен  арам,  обал  мен  сауап.  Адам  үшін  ең  қымбат  түсінік  те,  жұмбақ  түсінік  те  жанмен 

сезіну,  ойлану,  толғану,  әсерлену,  әрекеттену.  Мұның  алғы  шартын  бақылай  білу,  кісінің  ішкі 

сырын  танып  ұғыну  арқылы  өзін-өзі  түсініп,  имандылық  пен  өнегені  бойына  сіңіріп,  шама-

шарқына қарай оны жүзеге асыра алу. Бүгінгі бойжеткен  ертеңгі  отбасы ұйытқысы, болашақтағы 

асыл  жар,  аяулы  ана,  ел  ардағы  ақылман  әже.  Олай  болса,  халық  танымындағы  бойжеткенге 

қажетті  сипат-имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,  әдептілік,  іскерлік,  биязылық,  мейірімділік. 

Бала  тәрбиелейтін  адамның  бойына  дарыта  алатын  болашақ  ұрпағымызды  ақылды,  артына  бір 

рулы  елін  ерткен  асыл  қадірлі  адам  етіп  тәрбиелейтін  де  осы  қыздар,  болашақ  аналар,  әйел  заты 

болғандықтан жақсы мінез-құлыққа баулып өсіреді. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді есіктегі 


күңнен де тыю» дейді халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, өмірге бейімділігі, 

әдептілігі, сезімтал да саналылығы биік болсын деген ойдан туған. 

Грек  ойшылы  Платонның  «Ұл  тәрбиелей  отырып,  жер  иесін  тәрбиелейміз,  қызды 

тәрбиелей  отырып,  ұятты  тәрбиелейміз»  деген  қанатты  сөзіне  біздің  халық  қаншалықты  лайық 

болғандығын айқындайды. 

Сұлулық  пен  сымбаттылықты,  шеберлік  пен  нәзіктікті  қажетсінетін  үй  ішіндегі  еңбекке, 

көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды -бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп 

білген.  Еңбек-өмірдің  тұтқасы,  тіршіліктің  көзі.  Еңбексіз  өмір  жоқ  екенін  терең  түйіп,  ой 

топшылаған  халық  «Еңбегі  қаттының  -  еңбегі  тәтті»,  «Еңбек  -  адамның  екінші  анасы»  деген 

мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүюге тәрбиелеген. «Еріншектің ертеңі көп» т.б. мақалдар 

арқылы оларды еріншектік, жалқаулықтан бойын аулақ ұстауға үйреткен. Осы жәйтті терең түйіп, 

еңбектің  бейнеті  мен  зейнетін  басынан  өткізген  халқымыз  қыз  баланы  еңбекке  тәрбиелеуді 

отбасынан  бастаған.  Қыз  баланың  еңбексүйгіш,  өнерлі  өнегелі  болып  өсуіне  ерекше  мән  берген. 

Қолөнерге икемі жоқ қыздарды  «өз үйінде  ою  оймаған, кісі үйінде тон  пішер»  деп келеке  еткен. 

Тіпті  шай  құю  мен  төсек  жинаудың  өзі  үлкен  сын  болған.  Осыған  байланысты  «Қыздың  жиған 

жүгіндей»  деген  теңеулер  текке  айтылмаған.  Халқымыз  еңбек  пен  өнерді  егіз  деп  қараған. Қазақ 

шаруасының күнделікті өмір тіршілігі тұтыну қажетімен тығыз байланысты. Халқымыздың негізгі 

кәсібі  мал  шаруашылығы  болғандықтан,  бар  тірлігі  сол  мал  өнімін  өңдеуге,  ұқсатуға  арналған. 

Жүн  иіру,  өрмек  тоқу,  киіз  басу,  үй  жабу,  ою  ойып,  сыру,  түскиіз  өрнектеу,  тері  илеу,  бас  киім 

тігу, сырт киім тігу қыздар үшін ерекше өнер болып саналған [5]. 

Қазақ  қыз  баланы  адалдыққа,  әділдікке,  имандылыққа,  таза  махаббатқа  тәрбиелейді.  Қыз 

бала  -  болашақ  ана,  аяулы  жар.  Қазақта  жат  жұрттыққа  жаралған  қыз  баланы  айрықша  мәпелеп, 

бұлғақтатып  әлпештеп  өсірген.  Қазақ  халқы  қыз  баланың  тәрбиесіне,  бой  түзеуіне  ерекше  мән 

берген. 


Қыз  баланы  жастайынан  үй-ішіндегі  тұрмыс-тіршіліктегі  кесте  тігу,  ою-өрнек,  киім  тігу, 

шай құюнан пісіру, түрлі тағамдар әзірлеу,  ет мүшелеу,  оны сақтау, үй ішін  күту т.б. сан алуан 

істерге  машықтанып,  бауланған.  Ұлан  ғайыр  даланы  мекендеген  қазақ  елінің  түрлі  аймақтарына 

жеке  ерекшеліктері  мен  өзгешеліктеріне  қарамастан,  қыздарды  адамгершілік  мінез-құлыққа 

тәрбиелеудегі халықтық дәстүрі ортақ [6]. 

Қыз тәрбиесінде халқымыз - күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, оларды 

мәпелеп  иландыру,  сендіру  әдістеріне,  үлгі-өнеге  көрсетуге  ерекше  мән  берген.  Осының  бәрі 

шешенің  міндеті  болып  жолы  жіңішке,  жаны  нәзік  қыз  баланың  оспадар  біреуден  тұрпайы  сөз 

естіп,  жүрегі  жараланып,  қорлық-зорлық  көрмеуіне  аға  өзін  жауапты  сезінген.  Аға  мен 

қарындастың арасында ерекше туысқандық сыйластық болған. Аға қарындасына қатты сөз айтпай, 

ұрсып-зекімей,  әрдайым  қабағына  қарап,  шынайы  еркелетіп,  ешкімге  зәбірлетпей  үнемі  қорған 

болып  жүрген.  Қалашылап,  базаршылап  қайтса,  шамасының  келгенінше  сүйкімді  қарындасына 

базарлық  –  қыз    балаға  қажетті  киім-кешек,  әшекей-бұйым,  керек-жарақ  әкелуді  ұмытпаған. 

Қарындасын  біреу  зәбірлесе  аямаған.  Тіпті  кісі  өлтіріп  қан  төгуге  дейін  барған.  Сондықтан  да 

жұрт ағасынан жасқанып жүретін болған. 

Тегіне  көз  салған  ата-бабамыз  «жақсы  болсын  тегі,  заты,  тұқымы,  пәк  ұяты  болсын 

жанның  тұнығы»  деп  орта  ғасырлық  ғұлама  Жүсіп  Баласағұн  айтқандай,  қыз  бойындағы  пәктік, 

тазалық, тәрбиелік, ар-ұяттың мөлдірлігі басты қасиет екендігін таразылаймыз [7].  

         «Елден – елді аралап, 

         Тектіден – текті саралап, 

          Нұсқасын байқап шамалап» - деп 

  Ақтанберді жырау жырлағандай, немесе, 

          Көріп алсаң көріктіні, 

          Таңдап алсаң тектіні 

          Сонда көңіл толмай ма?»- 

-  деп,  Абай  айтқандай  [8]  немесе  халықтық  түсінікте  қалыптасқан  «Тегіне  қарап  қызын  ал, 

соғуына қарап қару ал», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» , «Шешеге қарап қыз 

өсер»-деп,  мақал  сөздердегідей,  болашақ  жарының  тәрбиелі,  көргенді  болуы  қазақ  дәстүрінде  

басты  талап  болғандығын  түсіндіреміз.  «Қыз  кезінде  бәрі  жақсы,  жаман  әйел  қайдан  шығады» 

дегендей, бойжеткеннің ақылдылығы, зерделілігі, парасаттылығы таразыға түсіп отырған.  

Зерттеу  барысында  қазақ  халқының  қыз  баланың  сыр-сымбат  тәрбиесіне    байланысты 

тағылымдарын  жан-жақты  қарастыруға  тырыстық.  Облыстық  әйелдер  қоғамының    белсенді 

мүшелерімен  ақылдаса  отырып,  Төлеби,  Созақ,  Түлкібас  аудандарындағы  үлгілі  деген 


жанұялармен  кездесіп,  ондағы  әжелер  мен  аналардың  іс-тәжірбиелерімен  таныса  келе,  қазақ 

қыздарының  көңілге  қонарлық  тұлға  болып  қалыптасуы  кішкене  сәби  кезеңінен  басталатынын 

және  оның  тәрбиесіне  ата-әже,  әкесі,  анасы,  бауырлары  мен  жеңгелері  екеніне  тағы  да  көз 

жеткіздік.  Халқымыздың  қыз  баланы  тәрбиелеуінің  озық  тәжірбиелерін    бүгінгі  күнгі  тәрбие 

үрдісіне  жүйелі  тұрғыда  үйлесімді  пайдалану  ұлттық  педагогикамыздың  басты  мақсаттарының  

бірі. 


 

Әдебиет 

 

Назарбаев  Н.  Қазақстан  –  2030:  Процветание,  безопастность  и  улушение    благосостояние  всех 



казахстанцев: Послания Президента страны  народу Казахстана. – Алматы: Білім, 1998. – 96 с. 

Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288б. 



Сарыбекова Ж.Т. Қыздар тәрбиесін ұйыидастыру. – Астана, 2002.-50б. 

Ибраимов Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие: пед. ғыл. канд. дис.  -Тараз, 2006. 



Дайрабаева  А.Е.  Қазақтың  халық  педагогикасындағы  қыздардың  адамгершілік  тәрбиесі:  пед.  ғыл.канд.  

дис.- Алматы, 1993. 

Балибаева З. Қыздар сұлу көрінер. – Алматы: Қайнар, 1993. - 36 б. 



Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.  

Абай Құнанбайұлы  шығармаларының екі томдық толық жинағы.  Том І.  – Алматы: Жазушы, 2002. – 



296 б.  

 

Резюме 



 

В  традиционной  казахской  этнопедагогике  воспитанию  девочек  уделяли  большое  внимание. 

В  данной  статье  рассматривается  сущность  семейного  воспитания  в  формировании    личностных 

качеств  подрастающего  поколения.  Семейное  воспитание  является  ценностной  ориентацией 

современного  общества  и  формирует  эстетический  вкус,  взгляд  и  самосознание  детей.  Особое 

внимание  уделено  воспитанию  положительных  качеств  у  девочек  с  помощью  методов,  элементов  и 

средств казахской народной педагогики  и внедрению этого  опыта в  учебно-воспитательный процесс 

общеобразовательной школы.  

 

Summary 

 

In  traditional  Kazakh  этнопедагогике  education  of  the  girls  gave  the  large  attention.  In given  clause  the 

essence  of  family  education  in  formation  личностных  of  qualities  of  growing  up  generation  is 

considered(examined). The family education is ценностной orientation of a modern society(community) and forms 

aesthetic  taste,  sight  and  self-consciousness  of  children.  The  special  attention  is  given  to  education  of  positive 

qualities  at  the  girls  with  the  help  of  methods,  elements  and  means  of  the  Kazakh  national  pedagogics  and 



introduction of this experience in учебно-воспитательный process of a comprehensive school. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет