Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары туралы түсінік



бет2/16
Дата07.01.2022
өлшемі137 Kb.
#20109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары туралы түсінік
Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан табатын өнер”, - деген екен. Ал қазіргі заман талабына сай сапалы да саналы білім беру үшін жаңа технологияларды қолданып, білім беру үрдісін түрлендіріп отыру қажет.

Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру. Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.

Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болуда.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет