Жаңа сабақтың жоспары:
Сақтардың тарихы, мекендеген орны.
Сақтардың қоныстануы.
Тұрмысы , шаруашылығы.
Қоғамдық құрылысы.
Оқушыларды нөмірлеп үй тобына топтастырдым, сосын нөмірлері бойынша жұмыс тобына топтасады.
Жұмыс тобында әр топ берілген мәтінді мұқият жеке оқып шығып, жұппен ойын бөліседі, мәтін түсінігін плакатқа сызба немесе сурет түрінде түсіріп, түсінігін пысықтайды.
Жұмыстарын қадағалаймын.
Үй тобына оралған оқушылар кезекпен түсінігін ортаға салып, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.Ортадан бір оқушы плакатқа сызба немесе сурет ретінде түсірген түсініктерін қорғайды.
Сабақты бекітуде картамен жұмыс жүргізіп, жаңа сабақты бекіту сұрақтары арқылы қорытындылаймын
Достарыңызбен бөлісу: |