Қазақ халқының салт- дәстүрлері



бет4/7
Дата14.12.2022
өлшемі79,33 Kb.
#57253
1   2   3   4   5   6   7
Ұлттық қадір-қасиеттер - ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.
Қазақ халқы өз үрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.
Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақ- жайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық т.6.
Әдептілік — әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік — ізеттік, кішіпейілдік, кішілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі — аттергеу, кісіге қосымша ат кою.
Аттергеу — бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, күрметтеу, қадір түту: “Ақ бөпем”, “Үкім”, “Тэмпіш танауым” т.б.
Балалар да жанындай жақсы көргендерін “Ақ әжем”, “Мырза әжем”, “Аппақ апам” деп атаған.
Қазақ эйелдері кайыны, қайын сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, “Ак жігіт”, “Сал жігіт”, “Еркежан”, “Шырайлым” т.б.
Қонақжайлылың. Меймандостық — ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді түрлерінің бірі. Қазак меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері түрған. Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі түрмысы. Ен далада кеңжайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.
Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі — ең дэмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мэн берген. Сыйластық осы дэм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.
Дэм тату дәстүрлері: ерулік, көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.
Қонақжайлылық, сыйластық салтын бүрынғы ата- бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нүр үстіне нүр болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет