Қыз бала тәрбиесі Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Қазақ халқының мақсаты — әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қыз Тәрбиесіне туралы мақалдар:
«Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға – сыршы күйеу.
Қыз назы қырық кісіні мас қылады.»
«Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.»
«Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.»
«Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыздың ұяты шешеге.»
«Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.»
«Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.»
«Қыз бала кісінің кісісі.»
Бала тәрбиесі туралы өлең: Қыз баланың сұлулығы Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында. Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде, Әдеппенен жымиып күлгенінде, Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып, Орынын қай жерде де білгенінде. Қыз баланың сұлулығы адалдығы, Жан-жағына тимесе жамандығы, Байқалмаса шық бермес сараңдығы, Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |