Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
Міндеттері
1.Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерімен танысу ;
3.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін талдау арқылы оқушылардың бойына сіңіріп, жауапкершілікті сезіндіре отырып, моральдық қасиеттерді алуға баулу.
4. Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі рухани –мәдени құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарыту ,адамгершілік идеяларын таныту.
Өзектілігі
Қазіргі таңда қыз балаларды тәрбиелеуде ,оның ішінде өзге ұлт өкілдерін қазақ халқының салт-дәстүрлерін үлгі-өнеге ету
Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлеріндегі өсиеттерді жастарға үлгі-өнеге ету
Ғылыми жобамыздың жаңашылығы:
Қазіргі заманғы өзге ұлт құрбыларымның қазақ халқының үздік салт –дәстүрлерін ,тәрбиелі қыз тәрбиелеуде, қазігі заманда оларды орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Қазақ халқының қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерін үлгі етуге, құрметтеуге шақырамын.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақтың қыз тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері әлі де үздік тәрбиенің символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім. Сонымен қатар құрбыларымның қыз тәрбиесі бойынша салт-дәстүрлер жайлы ойлары белгілі болды.
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді», - деген.