Қазақ халқының тарихында 1930-33



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі148,66 Kb.
#1744

30 

Қазақ халқының 

тарихында 1930-33 

жылдарда болған 

қырғын аштық тура-

лы біз көпке дейін 

айтпай келдік.Ке-

шегі Совет зама-

нында, Коммунистік 

партияның үстемдік 

етіп тұрған кезінде 

ол сұрапыл опат ту-

ралы жазуға мүмкін-

дік болмады. 

Ал сол жылдары еліміздің біраз жерінде, 

атап айтқанда, Украинада, әсіресе, Қазақс-

танда болған аштық көптеген адамның өмі-

рін қиған болатын. Бұл туралы шындықты біз 

тек Совет Одағы таратылып, еліміз егемен-

дік алғаннан кейін зерттеп жаза бастадық. 

Жыл сайын 31 мамырды ұлттық аза күні ре-

тінде еске алатын болдық. Тіпті бұл күн Қаза-

қстан Республикасы Президентінің 1998 

жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен «Саяси 

қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні бо-

лып бекітілді. 

Сол жылдардағы қырғынның қандай си-

патта болғанын, сол нәубеттің себептерін, 

баяғы бұлдырсыз саяси тұжырымдардың, 

ызғар ескен цифрлардың астарында қандай 

сыр жатқанын бүгінгі ұрпақ біле қоймайды. 

Оны еске салу, ол туралы тарихта әлі ашыл-

маған ақтаңдақтарды жазу, әсіресе, тарих-

шылардың төл міндеті. 

Қазақстан тарихындағы 1930-1933 жыл-

дарда болған аштық Кеңес өкіметі құрылған-

нан кейінгі екінші аштық еді. Бірінші аштық 

1921 жылдары, яғни бірінші дүние жүзілік 

және азамат соғысының аяқталған кезінде 

болды. Қазақ халқының басына түскен бұл 

ауыр кезең объективті себептерден тумаған, 

қолдан жасалған қайғылы қасірет еді. Өйтке-

ні ол жоғарыда көрсетілгендей, сол кезде 

қалыптасқан режимнің озбырлығы, әкімші-

лік-әміршілдік жүйе үстемдігінің зардабы. 

Жылдарда өтер, ұрпақтар да алмасар, бірақ 

сол озбыр заманның зобалаңы ұмытылмақ 

емес. 


Осы қолдан жасалған, яғни 1931-1933 

жылдарда болған қасіретті зерттеуге арнап 

1992 жылы Республикамыздың Жоғарғы Ке-

ңесінің төралқасы арнайы мемлекеттік ко-

миссия құрған болатын. Осы комиссияның 

сол жылдың желтоқсан айында жарияланған 

қорытындысында былай делінген: 

«XX ғасырды тебіренткен сұмдық қасі-

реттердің жан түршігерлік тізімінде больше-

виктердің шаруаларды жазалау шаралары, 

«украиндық аштан қыру», халықтарды ста-

линдік жер аудару, «маолық» мәдени рево-

люция, полпотшылық сияқты адамзатқа қар-

сы қылмыстармен қатар, қисапсыз қасіретті 

бастан кешірген Қазақстан халқы жөніндегі 

қырып-жою әрекеттері де ешқашан естен 

шықпақ емес» 

Сол жылдарғы Қазақстандағы зобалаң 

ауқымының ғаламаттығы сонша, біз оны ге-

ноцид саясатының көрінісі деп білеміз. 

Өйткені, бұл кезде еліміз бұрын-соңды бо-

лып көрмеген әлеуметтік тәжірибе жүргізе-

тін алып полигонға айналдырылған еді. Бұл 

туралы Республика Президенті Н.Назарбаев 

1998 жылдың 16 қаңтарында жарияланған 

«Бірлікті нығайту және естелікті сақтау » атты 

еңбегінде атап өткен. (Қараңыз: «Егемен 

Қазақстан», «Казахстанская правда» газет-

тері—16 қаңтар 1998 жыл) 

Қазақстанда бұл саясатты «артта қалған 

халықтардың капитализмге соқпай, социа-

лизмге өту мүмкіндігі туралы» маркстік жо-

рамал арқылы жүзеге асырмақ болдық. Бұл 

идея жағынан революциялық утопиямен жал-

ғасқан теория болатын. Жоғарыда айтылған 

қорытынды құжатта көрсетілгендей, рес-

публикамызда 30-шы жылдары болған бұл 

қайғы-қасіреттің түп-төркіні біздің қоғамдық 

санамызға әлі де болса толық жетпей, оны 

тек 1931-1933 жылдары болған сұмдық ашар-

шылықпен және күштеп ұжымдастырумен 

ғана байланыстырып келдік. Ал оның алға-

шқы қадамы 20-шы жылдардың аяқ кезінде 

болған жағдайларға байланысты еді. Мыса-

лы, 1927 жылы қараша айында Қазақстан-

ның алтыншы партия конференциясы бай-

ларды экспроприациялау туралы мәселені 

талқылап, «ірі байлардың малы мен құрал-

саймандарының бір бөлігін тартып алуға жол 

беруге болады, мұның өзі ауылды орташа-

ландырып, оның өндіріс күштерін дамытуға 

және пролетариаттың ауылдағы еңбекші 

бұқарамен одағын бұрынғыдан да нығайта 

түсуге жеткізуге тиіс» деп санады. Сол жыл-

ғы желтоқсан айында ірі байларды тәркілеу 

(конфискация) туралы Заңның жобасы дай-

ындалып, ол Заң БКП (б) Орталық Комитеті 

мен Бүкілодақтық Орталық Атқару комите-

тінде мақұлданған еді. 

Ал сол жылдың 27 тамызында Қазақстан 

Республикалық Орталық Атқару комитеті 

мен Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілі-

сінде «Байлардың шаруашылықтарын тәр-

кілеу туралы» қаулы қабылданды. (Қараңыз: 

Систематическое издание Законов Казахс-

кой АССР. 1930, Алма-Ата, с.247) 

Республика аймағында тәркілеу жөніндегі 

комиссарлар құрылып, жергілікті жерлерге өкіл-

дер жіберілді. Науқан қорытындылары туралы 

сол кездегі деректерге қарағанда, аз уақыт 

ішінде республика бойынша 700 бай тәркіле-

ніп, олардың 619-ы өздері тұрған жерден тыс 

ауданға жер аударылған, олардан 145 мыңға 

жуық мал тартып алынған. Бұл қазақ елі арасын-

да «ұлы кәмпеске» деп аталды. 1928 жылы елі-

мізде астық дағдарысы етек алды. Бұл ауыл ша-

руашылығының артта қалуына, оның материал-

дық базасының нашарлығына, техниканың жо-

қтығы және егіс көлемінің азаюына байланыс-

ты болатын. Оған қосымша осы жылдары елі-

мізде индустриаландыру саясатын жүргізу үшін 

қаржы іздестіру мақсатында мемлекет салық 

тәртібін күшейтті. Оның үстіне ішкі рынокта ас-

тықтың бағасы арзандатылды. Шаруалар астық 

сатудан бас тартты. Мүның өзі «ұсақ буржуази-

ялық стихияның пролетарлық мемлекетке және 

жұмысшы табына шабуылы» деп бағаланды. 

Тіпті 1929-30 жылдары Қазақстанның біраз 

жерлерінде егін шықпай, жұт болды. Осыған 

қарамастан сол жылдары ауыл шаруашылығы 

өнімдерін дайындау жөніңдегі науқан мен салық 

зобалаңы басталып кетті. Мысалы, 1928-29 

жылғы астық тапсыру жоспары 1,15 миллион 

тонна болып бекітілді, бұл нақты мүмкіншілік-

терге үйлеспейтін еді. Астық дайындау мен са-

лық төлеудің ауыр батпаны Қазақстанның ауыл-

дары мен селоларының берекесін кетірді. Ал 

қазақтардың жеке шаруашылығына соққы бо-

лып тиген бір жағдай осы кезде малшы көш-

пенділер мен жартылай көшпенділерді отырық-

шыландыру деп аталатын саясатқа көшу бол-

ды. Бұл саясатты («Кіші Октябрь саясаты») Қаза-

қстанда жұргізуші 1325- І9ЗЗ жылдар арасында 

республиканың партия ұйымын басқарған И.Го-

лощекин болатын. 

Басқаша айтқанда, бұл қазақ шаруалары 

мен мал өсірушілерді егіншілікке немесе тұрақ-

ты мал шаруашылығына көшіру еді. Бұл малмен 

айналысатын аймақтарға жаңа соққы болып 

тиді. Мына цифрға көңіл аударайық: мысалы, 

1928 жылы Қазақстанда 1 миллион 187 мың ша-

руа болса, оның 522 мыңы—отырықшылар, ал 

665 мыңы—көшпелі мал шаруашылығымен ай-

налысатындар. (Қараңыз: «Казахстанская прав-

да» 30 мамыр 1992 жыл), 

Отырықшыландыру науқаны уақыт жағынан 

индустриаландыруды қолға алу саясатымен 

ұштастырылды. Оның өзі кездейсоқ болмай-

тын. Өйткені, отырықшыландыру саясаты арқ-

ылы мемлекет астық мәселесін тиянақтау, сол 

арқылы индустриялық прогресс үшін қор жина-

уды көздеді. Бұдан кейін үздіксіз күштеу акци-

ясымен жалғасқан есеңгірету жағдайынан ес 

жиып үлгермеген Қазақстанның ауылдары мен 

селолары ұжымдастыру, яғни коллективтендіру 

саясатына көшіп кетті. Мұның қорытыңдысын-

да егер 1928 жылы республикада барлық шару-

алардың екі проценті ұжымдастырылса, 1931 

жылдың күзінде— 65, ал Орал, Петропавл округ-

тарында одан да асты. Сол кезде республика 

бойынша 122 ауданның 78-інде орталықтанды-

рылған аудандардың жалпы саны 70-тен 100 

процентке жетті. (Қараңыз: М.Қозыбаев, 

Ж.Әбілғожин, К.Алдажұманов «Қазақстандағы 

ұжымдастыру: шаралар трагедиясы». Алматы, 

1992). 


І930 жылдың басында Сталиннің «Табыстан 

бас айналу», «Колхозшы жолдастарға жауап» 

деген белгілі мақалалары жарияланды. Бұл ең-

бектер ұзақ уақыт бойы тарихи жылнамаларда 

колхоздастыру қозғалысын қалыпқа келтіру-

дегі кезеңдік құжаттар ретінде қаралып келгені 

мәлім. Бірақ елімізде, оның ішінде Қазақстан-

да «көсем даусы» естілгенмен, істің барлығы 

бұрынғы қалпында қалды. Сөйтіп, әкімшілдік-

төрешілдік террор жалғаса берді. Голощекин 

бастаған Қазақстан өлкелік Комитетінің 1931 

жылы мамыр-тамыз айларының ішінде қабыл-

данған Қаулыларында ешқандай дүдәмалсыз 

малды аудандарды коллективтендіруді бұрын-

ғыдан да жоғары қарқынмен жүргізу міндеті 

қойылды. Ал мал шаруашылығын ұжымдастыру 

шараларының нәтижесінде көп кешікпей рес-

публикадағы колхоз шаруашылықтарының 87 

проценті және жеке меншік шаруалардың 51,8 

проценті өз малдарынан түгел айырылып қалды. 

Себебі ортаға түскен малды бір жерде бағып-

қағу мүмкін емес еді. Өйткені ол кезде оларға 

қысқа дайындалған жем-шөп, тіпті қора-қопсы 

да жоқ болатын. 

Сөйтіп, бір жерге күшпен жиналған мал қыс-

тан шыға алмай , қырылып қалды. Оның үстіне 

жеке меншік шаруалар малдарын соя бастады. 

Соның нәтижесінде 1928 жылы республикада 6 

миллион 509 мың бас ірі қара болса, 1932 жылы 

небары 965 мың бас қана қалған. Ал 18 миллион 

556 мың қой-ешкіден 1 миллион 386 мыңы ғана 

аман сақталды. Сондай-ақ З,5 миллион мөлше-

рінде болған жылқыдан 3 миллионы жоқ болып 

шықты. Біздің өлкеміз үшін дәстүрлі түйе малы 

1928 жылы 1 миллион 42 мың бас болса, 1935 

жылға қарай небары 63 мыңы ғана қалыпты. 

(Қараңыз: «Қазақстан 50 жылда». Алматы, 1971, 

82-83 б.б). Түйе шаруашылығы мүлде жойылу-

ға айналды. Міне, сөйтіп, негізінен мал шаруа-

шылығымен айналысқан, сонымен күн көрген 

қазақ халқы жойқын аштыққа ұшырады. Елішін-

де басталған бұл аштық көп кешікпей қалаға 

да келіп жетті. 

Сол кезде елімізде болған мұндай ауыр апа-

тқа қарсы басқа жерлердегі тәрізді, Қазақстан-

да да наразылық көрсетілді. Ол қарсылық бір-

сыпыра жерлерде шаруалардың қарулы бас 

көтеруіне ұласты. 1929-1931 жылдары Қазақс-

танда 372 көтеріліс болған және оларға 80 мың-

ға жуық адам қатысқан. Ол көтерілістердің не-

гізгі болған жерлері—Созақ, Қастек, Балқаш, 

Маңғыстау, Шемонайха, Бұқтырма, Ырғыз, 

Қазалы, Қармақшы, Самар, Батпаққара және 

басқа аудандар. Ал Қарқаралы округінде Абы-

ралы (Бақты көтерілісі), Шыңғыстау, Шұбартау 

аудандарын қамтыды. 

Бұл бас көтерулердің аяғы шаруаларды 

жаңа қасіретке әкеліп соқтырды. Көтерілісші-

лерді басу, қудалаудың арты халқымыздың 

республикалардан тыс жерлерге, әсіресе, шет 

елдерге үдере көшуімен жалғасты. Соның сал-

дарынан 1930-1931 жылдары Қазақстан жерінен 

үш жүз мыңға жуық шаруа көшіп кетті. Олардың 

көпшілігі Қытай, Иран, Монғолия, Түркия, Ауған-

стан жеріне ауды. Барлығы осы ашаршылық 

жылдары республикамыздан тысқары жерге 

кеткендер саны 1 миллион 130 мыңға жетіп, 

олардың 600 мыңнан астамы біржолата сол жа-

қта қалды. (Қараңыз: Н.Назарбаев. Жоғарыда 

көрсетілген еңбек, 7-бет) 

Бұл қасірет республика халқын бұрын-со-

ңды болып көрмеген ірі демографиялық апа-

тқа ұшыратты. 

Осы жылдардағы ең ауыр жағдай—ел ішін 

жайлаған ұлы нәубет, яғни аштық болды. Бұл 

жылдары қандастарымыздың жартысы тікелей 

аштық пен жұқпалы аурудан қырылды. Оның 

ішінде тек қана мал өсірумен айналысқан Арқа 

өңірінде қазақтар көп шығынға ұшырады. Осы 

тұжырымды нақты деректер мен цифрлар бұл-

жытпай дәлелдейді. 

1937 жылы Қарқаралы округінің басшылары 

сотталды. Айыпталғандардың ішінде Мансұр-

Ғатаулин де болған (ол 1932 жылы өлкелік ко-

митетте аштыққа әкеліп соқтырған коллектив-

тендірудегі асыра сілтеу туралы хат жазған 

«бесеудің» бірі, өлкелік комитет басшыларының 

бірі). 


Ғатаулинге соңғы сөз берілгенде, ол айып-

тылар орындығында отырған жолдастарын 

қолымен көрсетіп былай депті: 

«Бұлар халық жауы емес. Жау—мен. Сонды-

қтан мені ғана соттаңдар. Мен де халық жауы 

емеспін, мен халық жауларының жауымын. Он-

дай ойға 1932 жылы Кентке жол сапармен бар-

ғанда келдім. 

... Машинадан шықсам ешкім жоқ, тек ұзын 

мал базы ғана тұр. Есігін ашсам, іші толған мүр-

де. Даладай қораның іші қатарлап қаланған өлі 

адамдар. Кейбіреулерінің тіпті көзі ашық, бірақ 

енді-енді үзіліп кеткелі жатыр. Мен қайта дала-

ға шықтым. Біреулер айқайлап жатыр екен. 

Қарасам, кілең есінен айырылған әйелдер шо-

ферды пышақпен айнала қуып, қолдарына түс-

се парша-парша етуге даяр. Мен аспанға мыл-

тық аттым. Олар жан-жаққа қашып кетті. 

Байқап қарасам, жақын маңда от жанып 

жатыр. Оған үлкен қазан қойылыпты. Ішінде бір-

деңе пісіріп жатыр. Қақпағын ашсам, ішінде бүл-

кілдеп жас баланың аяғы мен қолы қайнап жа-

тыр, әр жерден өкшелері көрінеді. 

Міне, сонда мен халық жауларының жауы 

болдым...». (Қараңыз: В.Михайлов.«Үлкен жұт-

тың хроникасы», аударма. «Орталық Қазақстан» 

газеті, 1991 жылы 8 наурыз). 

Бұл адам естіп-білмеген сұмдық болатын. 

Мынадай да ақпарат бар: Қарқаралы өлкелік 

отырықшыландыру комитетінің сол кездегі 

мәліметінде Қарқаралы ауданының орталығын-

да күн сайын 40-50 адам өледі екен. Енді мына 

кестеге көңіл аударайық. 

Қарағанды облысы бойынша санақ қоры-

тындылары 

Қу ауданы мен Қарсақпайда адам саны-

ның өте төмендеп кетуі тек аштықтан ғана 

қырылып қалмай, ондағы халықтардың жан-

жаққа босып кетуіне байланысты болған 

(Құжаттар автордың архивінен алынған). 

Осы сұрапыл жылдар құрбандарының 

саны туралы тарихшы-демографтар арасын-

да әр түрлі деректер кездеседі. Бірақ Н.На-

зарбаевтың жоғарыда көрсетілген еңбегінде 

мына цифрлар берілген: 1926 жылғы санақта 

республикамызда қазақтар саны 3 миллион 

963 мың болса, 1939 жылғы санақта 3 мил-

лион 100 мың. (Бірақ бұл цифр артықайтыл-

ған,—дейді Н.Назарбаев). Ал 1932-1933 жыл-

дардағы аштықтың құрбаны 1 миллион 750 

мыңға жеткен, яғни бұл қазақ халқының сол 

кездегі санының 42 проценті еді. (Қараңыз: 

Н.Назарбаев. «Казахстанская правда» газе-

ті, 1998, 16 қаңтар). 

Бұл жылдардағы қасірет сол кезде рес-

публикада болған басқа халықтарды да шар-

пығаны мәлім. Ашаршылық жылдары Қазақс-

тандағы украиндықтар орта есеппен жүз мың 

(11 процент), орыстар—85 мың (6 процент), 

өзбектер—20 мың (8 процент), ұйғырлар—10 

мың (8 процент), татарлар—10 мың (10 про-

цент), белорустар—3 мың (10 процент), қыр-

ғыздар—3 мың (25 процент) адамынан ай-

ырылған. (Қараңыз: ҚРЖК төралқасының 

Қаулысы Орталық Қазақстан» газеті, 1993, 

5 қаңтар). 

Қолдан жасалған осы апатты жоғарғы 

өкімет, партия орындары білді ме, білсе неге 

тиісті шаралар қолданбады?—деген сұрақ 

туады. Сөз жоқ, мұның бәрін олар білді. Оған 

айғақ ретінде сол кездегі қазақ халқының 

зиялы азаматтарының қарсылығын айтуға 

болады. Мысалы, сол кезде РСФСР Халық 

Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынба-

сары Тұрар Рысқұлов Сталинге жазған ха-

тында: «...Мұның бәрі кездейсоқ жайт емес, 

белгілі бір дәрежеде өлкелік партия комите-

тінің бұрынғы басшылары жүргізген бағыт-

тың салдары. Қазақстанның өкілдері Мос-

кваға талай келіп жүріп Қазақстанда болып 

жатқан жағдай туралы (аштық туралы—Ә.Ж.) 

бірде-бір рет орталықтағы Кеңес органда-

рының алдарына ресми түрде мәселе қой-

ған емес. ( 9 наурыз, 1993 жыл). (Қараңыз: 

М.Қозыбаев, Ж.Әбілғожин, К.Алдажұманов. 

«Қазақстандағы ұжымдастыру: шаруалар 

трагедиясы. Алматы, 1992). О.Исаевтың, 

1920 жылдан партия мүшесі, Қостанай облы-

сы Жетіқара ауданындағы «Красный Ок-

тябрь» совхозынан Коломейцтің хаты, тағы 

басқа арыздар Москва мен Алматыға түсіп 

жатты. Ал 1932 жылдың жаз айында Қазақ 

өлкелік комитетіне белгілі бесеудің ашық 

(Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, Дәулетқалиев, 

Алтынбеков, Қанышов) хаты да түскен бола-

тын. Бірақ сол дабылға жоғары орындар дұ-

рыстап қарамай, қайта хат иелерін кейін ұл-

тшылдар деп айыптаған. 

1933 жылы желтоқсанның төрті күні 

«Правда» газетінде басылған мақаласында 

Сталин: «Өмір сүру жақсарды, халқымыздың 

тұрмысы жақсарды, олардың саны көбеюде, 

қазір бізде жыл сайын халық саны үш милли-

онға көбейіп отыр»,—деп қорытынды жасаған 

болатын. Әрине, ол кезде халық саны көбе-

юдің орнына азайып жатқан еді. 

Міне, отызыншы жылдары қазақ халқын 

аштыққа ұшыратқан, қолдан жасалған апат-

тың қорытындылары осындай болатын. 

Халқымыздың басынан өткен осындай 

тарихи зардаптарды біз еш уақытта ұмыту-

ға тиіс емеспіз. 

Бұған Қазақстан Республикасы Прези-

дентінің 1997 жылдың 10 желтоқсанындағы 

Жарлығымен 1998 жылды «Халық бірлігі және 

ұлттық тарих жылы» деп жариялауы және 

Қарағанды облысы Әкімінің 1998 жылдың 13 

ақпанындағы Президенттің осы Жарлығын 

орындауға байланысты шешімі негіз бола 

алады. 


Ә.ЖҮМАСҰЛТАНОВ, 

тарих ғылымының докторы. 

Орталық Қазақстан.- 1998.- 24 наурыз.- 6 б. 

А у д а н д а р 

1. Қарқаралы 

2. Ворошилов (қазіргі 

Бұқар жырау) 

3. Қу—Егіндібулақ 

4. Шет 


5. Қарсақпай 

6. Қоңырат 

7. Қарағанды облысы 

бойынша 


X а л ы қ 

1926 


50402 

23994 


32778 

48311 


24442 

29921 


312365 

саны 


1939 

10849 


17637 

5684 


12583 

3034 


9898 

183263 


Ж Ы Л Д А Р 

Қ А С І Р Е Т І 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет