Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуатын нығайту мәселелері болды. Сондай-ақ, жыраулар шығармаларында әміршіге тікелей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толғаныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптырмас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік және психологиялық параллельдер арқылы баяндаған. Бұл туындылардың Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор деп білеміз. Пайдаланылған әдебиеттер - Абдижапар Абдакимов. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): «Казахстан», 2002. С. 19.
- О.Сулейменов. « Аз и Я». Алматы, 1992, С. 36-42.
- Аманжол Кузембайулы: «Почему мы не прививаем чистоту помыслов молодым?» Коста-найские новости, № 148 (22590) 24 октября 2015 г.
- https://qamshy.kz/article/7447-qazaq-khandyghy-dgane-dgyraular-poeziyasy
Достарыңызбен бөлісу: |