47.Қазтуғанның «Бұдырайған екі шекелі» толғауына әдеби-теориялық талдау жасау
Өзіне арнаған мадақ жырында Қазтуған былай толғайды:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шәй жібек оққа кірісті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқа
Сүйінішұлы Қазтуған!
Таза далалық поэзия! Бұл жолдар қазақ тілінде ғана сұлу, қазақ оқушысына ғана түсінікті. Мұздай ызғарлы ауыр сауыт киген батыр көтермелеу үшін өзін номадтың түсінігіндегі ең әулетті, ең құрметті деген заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы, - алтын да, күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты, іріктеліп, екшелеп алынған образдар. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғандығы да аңғарылады. Ноғайлы цикліндегі жырлардың біразынан Қазтуған поэзиясының әсері байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған – қазақ эпосын жасаушылардың бірі.
Бұлыт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -
деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші қаншалық болғанын біз білмейміз, ал ақындығына келсек, оның мұндай сөздерді айтуға толық хақысы болғандығы көрінеді.
Қазтуған жырау “ Мадақ жыры”
Бұл толғау 7,9,13 буынды,2 бунақты,17 тармаққа құрылған.Бұл толғауда ұйқастың қара өлең,егіз,шұбыртпалы ұйқас түрлері кездеседі.
Эпитет: қызыл тіл,қасты орда
Теңеу: мұздай
Достарыңызбен бөлісу: |