48. Шалкиіз жыраудың «Аспанды бұлт құрсайды» толғауын талдау
Жыраудың Би Темірге арнаулары ең алдымен, көңіл күй құпиясын құдіретпен ауыздықтаған үздік өлең, әлемдік деңгейдегі поэзия. Тұнып тұрған теңеу айдарлы сөз. Шалкиіз сөзге көңілдің бар күйін: сесін де, кегін де, айбарын да, ақыл өсиетін де, өзі мен өзгеге берер бағасын да, ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады.
Аспанды бұлт құрсайды-
Күн жауарға ұқсайды,
Көлдерде қулар шулайды-
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды,
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды-
Күйбеңдескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Жыр-арнаулар тұтастай троптардан тұрады десе болардай. Жыраулар поэзиясының барша көркемдік кездері, шарты мен салты көрініс беріп жатқан өлең. Арабы торым, алдаспаным, қағбамсың алтынсың, жібексің, сұлтансың, сұңқарсың.
Достарыңызбен бөлісу: |