Қазақ хандығындағы жыраулар мұрасы Жер қойнауының сырын ашқан атаулар



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата12.03.2017
өлшемі5,34 Mb.
#8857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ержан Шеруенов,

«Қазақстан» рТрк­ның атырау 

облыстық филиалының 

қызметкері

 Сырнай сазы



Нарын өңіріндегі әр ауылға өнер қонған  десек артық айтқанымыз емес. 

Домбыраның күмбірі де, қобыздың қоңыр үні де, төгілген жыр-терме де, шалқыған 

ән де  ежелден әр ауылға сән беріп келеді. Исатай ауданы, оның ішінде Тұщықұдық 

ауылы әртүрлі саз аспаптарында ойнайтын өнерпаздарымен де ерекшеленеді. 

Сырнай (баян) аспабының хас шеберлерінің есімі өнерсүйер қауымға жақсы таныс.

көзқарас


Тіпті, Елбасы айтпаса да әр қазақ-

тың көкейіндегі жанды мәселе – 

ұлттық тіл дің шұрайын сақтау, оны 

дамыту. Сон  дықтан ұлттық мәртебесі 

бар  уни вер ситеттердің  филология 

факультеттері жа нынан ақындығын 

т а н ы т қ а н   ж ә н е   а у  д а р м а ш ы л ы қ 

жұмысқа қабілеті бар жас тар үшін 

Әдебиет институты ашылғаны жөн.

Ресейдегі құзіретті М.Горький 

атын дағы Әдебиет институтындай 

мықты шығармашылық институт бізге 

де артық болмас еді. Дегенмен, менен 

де бұрын бұл туралы айтқан аға буын 

бар. «Хабар» арнасы ұйымдастырған 

шоу-айтыс тан кейін ҚР Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын 

Ұлықбек Есдәулеттен Мәскеудегі 

М.Горький атындағы Әдебиет ин-

ституты сияқты шығармашылық ин-

ститутты Жазушылар одағы жанынан 

ашу туралы ойын білгім келгенде: 

«Бұл көптен бері айтылып келе жатқан 

мәселе. Бірнеше рет мен де көтердім. 

Роллан Сейсенбаев кезінде Елбасы-

на да айтқан. Бірақ бәрі қаражатқа 

тіреледі. Жазушылар одағының ондай 

институт ашуға қаржысы жоқ, мемле-

кеттен көк тиын алмайтын қоғамдық 

ұйым. Сондықтан оның жолы өзің 

айтқандай, үлкен ЖОО-ның бірінен 

ашу» деген болатын. Енді көп болып, 

осы мәселенің шешілуін қамтамасыз 

е т у   қ а ж е т .   Ә д е б и е т   и н с т и т у т ы 

ашылған жағдайда, тек қана халық 

таныған, мойындалған ақындар ғана 

дәріс беруі тиіс. Еліміздегі айтыстарды 

ұйымдастыру және оған әділқазылық 

етуді ақындардың өз тізгініне беріп, 

сол төрешілер жеңімпаз деп таныған 

ақындарға жағдай жасауға күш салса, 

ұлттық тілдің шұрайын қадірлейтін жа-

старды тәрбиелесе, билікке ұмтылған 

шенеуніктердің санасына қазақ деген 

халықтың, мемлекетті құраушы ұлттың 

өз құндылықтары бар екенін еске са-

лып тұрса, айтысты қолға алған «Нұр 

Отанның» партиялық қамқорлығы 

осындайда танылар. 

Ә й т п е с е ,   қ а з а қ т ы ң   ж а н ы н 

кіргізетін дәстүрлі өнер – айтыс 

«Қойшы көп болса...» дегенді еске 

салатындай жағдайға жетті. Астанада, 

Қазақ ұлттық өнер университетінде 

айтыскерлік мамандық ретінде 

оқытыла бастады, идея дұрыс, оған 

еш қарсылық жоқ. Дегенмен, айтыс 

мамандарын дайындау міндетті түрде 

филолог мамандығын алған жастарға 

қосымша мамандық ретінде оқытылуы 

керек. Ал бұл шығармашылық ин-

ститут арқылы дамытылғанда ғана 

оң нәтиже береді. Өйткені мектепті 

бітірген бойда айтыс маманы етіп 

дайын дау «үмітсіз-шайтан» деп қана 

өз-өзімізді алдау болады. Бұрын жур-

налистика факультетіне талапкерлерді 

іріктегенде еңбек етіп, өмір көріп, 

ысылып келгендерге басымдылық 

берілетіні бар еді, осы −  дұрыс. Өйткені 

сары ауыз балапандарды жинап алып, 

«Мен сендерден ақын жасаймын» деу, 

қанша дегенмен, оңай емес. «Оқуға 

түскенде бәрі ақын еді, оқу бітіргенде 

бәрі прозашы болып шықты» деген де 

бар, ақындық мамандық емес, ерек-

ше қабілет, қасиет. Бұл қасиетті төрт 

жылда егу қажет болса, бір Құдіреттің 

қолынан ғана келер. Он алтыдағы 

жасөспірімнің ақын болғысы келетіні, 

оның ұмтылуы, әрине, жақсы, деген-

мен, «дос жылатып айтады». 

Оның үстіне мектепті бітіре салып, 

айтыс маманы деген қатырма қағаз 

алғанымен, жұмысқа қайда бармақшы? 

Айтыскер маманы ауылдардағы Мә-

дениет үйлерінде жұмысқа тұра ала 

ма? Онсыз да мәдениет саласында 

қызмет етуі керек адамдардың басқа 

салада жүргендері белгілі, өйткені 

жалақысы аз. Сондықтан Астананың 

төрінде оқып, ауылға бармай қалуы да 

ғажап емес, олай болса, айтыс өнерін 

дамытудың алғы шартын жасадық 

дей аламыз ба? Филолог мамандығын 

а л ғ а н н а н   к е й і н   а қ ы н д ы ғ ы   б а р 

адам айтыс сахнасына еркін бара-

ды, мұндай жағдайда оның отбасын 

асырар байлаулы қызметі болады, 

айтыстың ұйымдастырылуын күтіп, 

оған шақырылар-шақырылмасын 

білмей, жалтаңкөз де, ешкімге тәуелді 

де болмайды. Дұрысы, жоғары білім 

беру са ласында ақындықты нақты 

мамандық бе ретін өзге салалармен 

шатастырмаған абзал.

Өткенде «Хабар» арнасы ұйым дас-

тырған «Жұлдыздар айтысады» атты 

шоу-айтыста: «Сендерге керегі шоу 

ма, шоуды Аққанат жасады» деген 

Бекболат Тілеуханның сөзі де көңілге 

демеу бола алмайды. Осы орайда 

«КТК» арнасындағы «Наша казаша» 

бағдарламасы есіңізде ме? Кезінде 

жұрт оны да шоу сияқты қабылдады. 

Бірақ «Сынықтан өзгенің бәрі жұғады» 

демекші, тіпті, ұлттық тілдің майын 

ішкендердің өзі бабаларымыздың 

ардақты ұлттық тілін шұбарламай, таза 

сөйлеуден қалып барады. Сонда бұл 

шоу-айтыс та жұртты жеңіл күлкімен 

алаңдатып, сөз өнерінің құдіретін, 

көркемдік талапты ұмыттыруға ықпал 

жасамай ма? 

Жанр – қатып қалған нәрсе емес, 

ол қоғаммен бірге дамиды, өзгереді, 

алайда, сайқымазаққа айналатын 

өнер түрі айтыс емес. Қазақта жыр 

қанша шырқау шегіне жетті десек 

те, оны ешкім шоуға айналдырғанды 

қаламайды, айтыс та сондай қадірлі 

болуы керек. 

«Әркімнің-ақ өлеңге бар таласы» 

дегенмен, ақындық мамандық емес. 

«Ақын болу міндет емес, азамат болу −  

міндетің» дегенде азамат бол деген ой 

ғана жатқан жоқ, мұнда ақын болу кез 

келгеннің шамасы келе бермейтінін, 

сондықтан шамаңды біл деген де 

астарлы әдемі ойды сыйғызған. 

Е г е р   т а з а   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ 

б а ғ ы т т а ғ ы   Ә д е б и е т   и н с т и т у т ы 

ұйымдастырылса, төл әдебиетіміздің 

м а р ж а н д а р ы н   ш е т   т і л д е р г е 

тәржімелеуші кәсіби аудармашылар-

ды да дайындаудың мүмкіндігі ашылар 

еді. Аудармашыларды кәсіби негізде 

дайындау туралы Мәжіліс депутаты 

Алдан Смайыл ұсыныс жасаған бола-

тын. Сондықтан айтыс өнерін дамыту 

үшін де, аудармашылықты кәсіби 

деңгейде көтеру үшін де Үкімет та-

рапынан қолдау қажет. Қолымызда 

бар құндылықтарымызды таныта 

білмесек, ақыл оздырар заманда кімді 

немен таңғалдырмақпыз?! Әрі өскелең 

ұрпақтың да мемлекетімізді, ұлттық 

құндылықтарымызды тануға деген 

құлшынысы қайдан пайда болмақ?

Сондықтан дәстүрде бар тамырлы 

өнерімізді сақтаймыз десек, нақты 

шараларды қолға алу керек. Қазірдің 

өзінде сөздің шұрайын, әдемі бейнелі 

ойды аңсайтын болдық. 

Осы күні әуесқой ақын, әуесқой 

композитор, әуесқой әнші «жұлдыз» 

болып, сахна мәдениетіне нұқсан 

келіп жатқаны аз айтылып жүрген 

жоқ. Тыңдарманның, көрерменнің 

әртүрлі деңгейде болатынын ескерген-

де де тыңдаушының естісі болып, асыл 

өнерімізді арзан күлкіге айырбастама-

уымыз керек.

Қорыта айтқанда, дуальді білім беру 

қолға алынып жатыр, бұл әр салалық 

министрлікке жоғары оқу орындарын 

үлестіріп беру деген сөз емес, ақылмен 

шешетін мәселе, бізге керегі – сапа. 

Ендеше айтыскерлікке бейімдеу, ау-

дармашыларды кәсіби деңгейде дай-

ындау шығармашылыққа шыңдаудың 

қажетті сатысы ретінде филолог 

мамандығын алып шыққаннан кейін 

жалғасуы қажет.



риза ӘЛМҰханова, 

Қазақ ұлттық өнер университеті 

Қорқыт атындағы ғылыми­зерттеу 

институтының бас ғылыми қызметкері, 

филология ғылымының докторы

АСТАНА


Әдебиет 

институты керек



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» 

Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп атал ған 2012 

жыл ғы желтоқсанның 14-і күнгі Жолдауында: «Қазақстанның болашағы – қазақ 

ті лінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, 

кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деп атап көрсетілген. Осы 

Жолдауда көрсетілген 2025 жыл соншалықты алыс емес, ал оны орындау қажет. 

Жылау менен қоштасу...

Келер ме қайтып ол күндер» сынды 

өлеңнен, шынында да, Қо быландының 

Дайырқожа өліміне де, елдің қара 

орнынан қозғалуына да қаншалықты 

болғанда да қатынасы барлығын 

аңғарғандаймыз. Өйткені бұл жырдың 

ғасырлар бойы елдің жадында жүруіне, 

Қыдан тайшының жоқтауын тікелей 

Дайырқожа өлімімен байланыстыру-

ына қарағанда аталмыш оқиға негізсіз 

емес. Бұл турасында белгілі мемлекет 

қайраткері С.Сейфуллин Қобыланды 

батыр туралы, оның Тоқтамыс ханның 

Алтын Ордаға билік еткен заманындағы 

тоғыз ерінің бірі болғандығына на-

зар аударатын зерттеуінде, жоғарыда 

Ш.Құдайбердіұлы мен М.Әуезов 

еңбектерінде айтылатын жайларға 

төмендегіше тоқталады: «Қобыланды 

батыр – тарихта болған адам. Орын-

бор архив комиссиясының мағлұматы 

бойынша, Елек қорғанынан Ойылға 

қарай жүретін қара жолдың үстінде 

«Қобыланды» деген бекет бар. Соның 

жанында «Қобыландының бейіті» 

дейтін бейіт бар дейді, – деп Қыдан 

тайшының баласын жоқтаған жы-

р ы н   к е л т і р е д і   д е ,   –   а қ ы р ы н д а 

Қобыландыны осы жырды айтқан кәрі 

ақын – Қыдан өлтірген дейді» деп ой 

қорытады.

Демек, батырлығына күмән жоқ, 

бір елдің санаулы қолбасыларының 

бірегейі саналып, үлкен эпостың 

басты қаһарманы ретінде белгілі 

Қобыландының Елек бойындағы 

зиратына дейін (М.Әуезов. Аталған 

еңбегі. 48-б.) жүздеген жылдар бойы 

қастерлеумен келген халқының оның 

ерлігін ғана дәріптеп қоймай, аяғын 

мүлт басқан тұсын да ұмыта алмағаны 

деп білеміз. Өйткені тарихи тұлға 

неғұрлым ірі болған сайын, оның мінін 

де елі ескергіш келеді. Бұл әңгіменің 

өміршең болуының сыры осында. 

Ал алда-жалда осы жайға қол сілтеп 

сенбеймін дегеннің өзінде де әңгіменің 

ұзын-ырғасын бұл уақытқа дейін солай 

қабылдап келген халықтың бірнеше 

буын өкілінің өздерімен кеткен ила-

нымын ешкім де өзгерте алмақ емес. 

Әдебиеттегі тарихилық дегеннің, 

фольклордағы тарихилық дегеннің 

құдірет-күші негізінен осындай жер-

лерден көрінеді.

Тегінде авторлығы жоғалмаған 

шығарма әманда туынды иесінің қай 

кезде өмір сүргендігін, ол кездегі 

жыраудың немесе ақынның елінің 

хал-ахуалын, билеушісі кім екендігін 

анықтауға жәрдемін тигізетіндігінде 

дау жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде 

халқының тағдырын өзінен бұрын 

өмір кешкен Қорқыт атасы секілді көп 

ойлап, уайым жегендіктен Асан қайғы 

атанған, тек бір ғана қазақ халқы ғана 

емес, көршілес қырғыз жұртына да 

белгілі: Әз-Жәнібек, Керей хандар-

мен бірге Әбілқайырға қарсы күрестің 

басында болған қарт жыраудың 

орны айрықша. Бүкіл саналы тірлігі, 

кейінге қалдырған әдеби мұрасы қазақ 

жұртының өмірінен ажыратып алғысыз 

болып келетін оны қазақ жырауы емес 

еді деуге ауыз бармайды. Сондықтан 

да Құрбанғали Халидұғлының Құдабай 

ақыннан жазып алған:

Асанның асыл түбі Ноғай деймін, 

Үлкендердің айтуы солай деймін. 

Бұл сөзге анық-қанық емес едім, 

Естігенім тақсыр-ау былай деймін. 

Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір, 

Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. 

Орманбет хан ордадан шыққан күнде,

Асан ата қайғырып айтыпты жыр, –

дейтін туындыдағы оны Ноғай етіп 

көрсетіп, қазақ пен ноғайдың арғы 

жағы бір дейтін деректемеде де 

пәлендей қайшылық жоқ деп білген 

орынды. 


Өйткені ол тұста қазіргі қазақ 

ұлтын құрайтын, кезінде Жәнібек пен 

Керейдің Әбілқайырдан бөлінуіне се-

бепкер болыпты дейтін Дайырқожа мен 

Қобыландының аталастары Арғын мен 

Қыпшақ рулары әлі де болса Дешті-

Қыпшақ ұлысының қарамағынан 

толық шығып кете қойған жоқ-ты.

М.Әуезов сөзімен айтқанда, бұл 

– XIII-XV ғасырлардағы қазақ рула-

рының «Алтын орда, қазан хандығы, 

н о ғ а й л ы ,   ө з б е к   б і р л і г і   с и я қ т ы 

хандықтардың бәріне де кірген, со-

лармен бірге ыстығына күйіп, суығына 

тоңып ірі тарихи оқиғаларды баста-

рынан бірге кешіріскен» тұстары 

болатын-ды.

Тегінде мұндай атышулы бедел 

иелерін өзім деп, өзге деп бағамдауда 

халық өте турашыл келеді. Ол көсемім, 

ақылгөй азаматым аз еді деп, жат елдің 

аруағы асқан абыройлы перзентін 

өзінікі етуге тіптен де тырыспайды. 

Өйткені қабырғалы халыққа өлермен 

даңғойлық жат. Жаттан жақын жасауға 

оның елдік ар-намысы жібермейді.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ, 

Құлан қайтіп күн көрер? 

Аяғы жоқ, қолы жоқ, 

Жылан қайтіп күн көрер?

Міне, осы жырды қазақ халқы Асан 

қайғынікі дейді. Қазақта жырау аз ба? 

Ақылман аз ба? Солардың кез келген 

біреуіне осы туындыны қия салуға бо-

лар еді ғой. Жоқ, мұнда да сол кеңінен 

ойлайтын, кемел ақыл, үлкен адамның 

сөзі еді деп, оның пікірін, аруағын 

сыйлап, елдік тұрғыдан принциптілік 

көрсетеді. Бүгінгі заман адамының 

түсінігімен алғанда қоршаған ортаның 

фауна, флорасының қамын толғаған, 

толғаудың бір үзігіне солай қарағанда 

халық оның ел басы Жәнібек ханға 

арнап айтқан туындысын одан әрмен 

қорғаштап аялары хақ:

Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, 

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар. 

Аймағын көздеп көрмейсің. 

Қымыз ішіп қызарып, 

Мастанып қызып терлейсің. 

Өзіңнен басқа хан жоқтай, 

Елеуреп неге сөйлейсің? 

Қорған салдың бейнет қып, 

Қызметшің жатыр ішіп-жеп... 

Мұны неге білмейсің?... 

Әй, Жәнібек ойласаң, 

Қилы-қилы заман болмай ма?

Әлгінде бүкіл дүниедегі жан иесінің 

жағдайын ойлап тұрған кемеңгер, 

бұл жолы Әз-Жәнібекке халқыңның 

қамын неге ойламайсың, қымыз ішіп 

қызынып, елеуреп сөйлеу не теңің, 

істеген ісіңнің оңып жатқан бірі жоқ, 

келешегің, еліңнің ертеңі не болмақ, 

деп күйіне тіл қатады.

Бір ғажабы, Асан қайғы авторлы-

ғымен сақталған жырлар мен ол туралы 

айтылатын аңыз-әңгімелердің маз мұн-

дарында пәлендей айырмашылық жоқ. 

Мәселен, сондай аңыздың бірінде:

« Б ұ р ы н ғ ы   з а м а н д а   Е д і л   м е н 

Жайық тың арасында бір үлкен пат-

шалы жұрт болған. Ханы Жәнібек хан 

деген екен. Оның жұртында бір Асан 

қайғы деген жұрттың қамын ойлаған 

данышпан адам болыпты. Өзінің 

ақылдылығы сондай екен, ілгеріде 

не болатынын болжап, күні бұрын 

халыққа айтады екен, сондай-сондай 

болады деп... Жәнібек хан дегеніне 

жетіп тұрған кезінде Асан қайғы 95-ке 

келген кезі екен»... – делінеді де, одан 

әрі Жәнібектің сарай салдыру үшін 

Ресейден орыс шеберлерін алдырып, 

ғимаратты бітіртіп той жасататындығы, 

кейін Қарашаш атты күңін некелеп, 

әйелдікке алып, құладын құсты баулып, 

оған аққу ілдіріп, осылардың бәріне той 

өткізіп, соларға Асан қайғының риза 

болмай, сарайың оны салған орыстарға 

бұйырар, күңді әйел еткенің тұқымың 

хандықтан айрылар, құландынға қудың 

олжа болғаны көліңнің, жеріңнің шын 

иесінен айырылып, жау жұрттыққа 

бодан болатындығына көрінер деген 

болжамдары әңгімеленеді.

Екінші аңыз да ocыған ұқсас. Тек 

онда Әз-Жәнібек ханды «ойлы кісі 

екен» деген тіркес бар. Сосын бұл 

әпсанада Асан қайғының қазаққа ко-

ныс етер жайлы мекен іздеп, 17 жыл 

болсақ, тегінде бұл аңызды негізсіз 

деуге келмейді. Асан қайғы сөзі де 

соны тірілтіп тұр. Соған қарағанда 

қандай ғимарат болса да қазақ ханы 

Әз-Жәнібектің әйтеуір елеулі бір 

құрылыстарды орыс шеберлерін алды-

рып салдыртқаны шындыққа келеді.

Ал орыс шеберлерімен, олардың 

билеушілерімен Жәнібек тұсында ба-

рып-келу араласы болды ма екен деп 

көңілге күмән жүгіруі мүмкін десек, 

бұл күдікті сейілтерліктей дәлелдер 

жеткілікті. Біріншіден, Асан қайғының 

Әз-Жәнібекке ақыл-кеңес айтып 

отырған мезгілі – Жәнібектің Керей-

мен бірігіп 1456 жылы Моғолстанға, 

Хантауы на, елді бастап келген уақы-

тында емес, 1465 жылы оларға теперіш 

көрсеткен Ақорда-Дешті Қыпшақ 

б и л е у ш і с і   Ә б і л қ а й ы р д ы ң   ө л і п , 

Жәнібектің кері қайтып Астраханда 

хандық құрып тұрған кезіне сәйкес 

келеді. Одан басқаша жорамал жасауға 

аңыздар мен Асан қайғы өлеңдерінің 

мазмұны мүмкіндік бермейді.

Екіншіден, «Орманбет хан Ордадан 

шыққан күнде, Асан ата қайғырып ай-

тыпты жыр» деп Құдабай ақын жырлаған 

Орманбет есімін Тоқай-Темір тұқымы 

ұлығ Мұхамед хан деп есептейтін (1419-

1432 жылдардағы Алтынорда билеушісі) 

Шәкәрім Құдайбердиев, тарихшы 

Құрбанғали Халидұғлы, Қ.И.Сәтбаев, 

М.Мағауин, Ш.Ыбыраев пікірлеріне 

ден қойсақ, оның Орыс хан шөпшегі 

Кіші Мұхамедтен тізе бүккеннен кейін 

Солтүстікке барып тәуелсіз Қазан 

Хандығын құрғаны мәлім. Ал бұл Орыс 

мемлекетінің іргесі. Асан қайғы біраз 

жыл бұрынғы билеушісін қимай, соның 

соңына ерген халқымен ілесіп ол бетте 

де болып қайтқан. Орыс жұртының 

құлқын да, сол кездегі жыл өткен сайын 

қайраттанып келе жатқан күшін де ел 

басшысынан әрмен біліп отырғандығы 

сондықтан.

Әз-Жәнібек хан – қазақ халқының 

тарихында есімі ілтипатпен еске алына-

Еділ деген қиянға, 

Еңкейіп келдің тар жерге, 

Мұнда кеңес қылмасаң, 

Кеңестің түбі нараду... 

Ақылды белден алдырдың, 

Көңілді жаман қалдырдың... 

Нәлет біздің жүріске! 

Еділ менен Жайықтың, 

Бірін жазға жайласаң, 

Бірін қысқа қыстасаң, 

Ал қолыңды маларсың, 

Алтын менен күміске!

Жоқ, көріпкел жырау Еділден 

бастап жылжып жайлы мекендерді 

кейінге қалдырып келе жатырмыз деп 

қайғырып, қапаланбайды, керісінше, 

Шығыстан Батысқа қарай беттеген жол-

дарында ордалы жұрт болып орнығуға 

лайықты Ойыл, Жем секілді сулардың 

бойындағы шұрайлы атыраптардан 

тоқтамай өтіп, бір қиыр шеттегі Еділ 

атты тар жерге келгендігінен, егер осын-

да байырқамаса шаруаның түбі берекелі 

болмайтындығынан хабардар етеді. 

Көшпенді елге Жайық пен Еділді тастап 

әрмен барғанда береке табар жөн жоқ, 

енді осында аялдағын деп кеңес береді. 

Аңызда да солай: Жәнібек ханның 

жұрты Еділ мен Жайықтың арасында 

болған дейді. Демек, бұл жерде жаңсақ 

айтылған пікір жоқ. Бұл сөздер шын 

мәнісінде 1465 жылы Әбілқайыр өліп, 

сол кезде қазақтардың баяғы өздерінің 

ата жұртына оралған кезеңінің көрінісі 

деп қорытынды жасауға толық негіз бар. 

Жырдың айтылған тұсы қалай болғанда 

да 1465 жылдан кейінгі мезгіл: шама-

мен оны 1465-1470 жылдар арасы деп 

межелеуге болатын болар. Олай дейтін 

себебіміз: Жәнібек осы жұртта кейін 

қарамағындағы халқының саны өсіп, 

қарашысы көбейіп, хандық пәрмені 

төңірегіне түгел жүретіндей дәрежеге 

жетіп, әбден нығайған тұста, айрықша 

саят құрып (құладынға қу ілдіріп), төсек 

жаңғыртып, сарай (қорған) салдырып 

бірсыпыра шаруалар істейді. Ол толғау 

Асан қайғының Еділ мен Жайықтың 

Демек, Әз-Жәнібек ұлысының 

Еділ-Жайық атырабында саны өсті, 

әлеуетті елге айналды, малы көбейді. 

Жаны өсіп, малы өскен елге қоныс 

тарлық етті. «Бір жігіттің қайратына 

қырық жігіт мас болар» дегендей, Әз-

Жәнібек енді байтақ ұлыстың билеушісі 

болып алғаннан кейін Қырымға көз 

алартты. Бірақ Қырымдағы тұрақты 

жұртты ығыстыра отырып көшпелі 

халыққа қонысын кеңейтердей далиған 

жайылым табу мүмкін емес еді. Оның 

үстіне бұндай тұста әліптің артын 

аңдып, ағайынды қауым араздаса 

қалса, өз пайдасына асырмақ болып, 

бағумен отырған Ресей жұртының да 

мұндай кезде қарап қалмасы ақиқат еді. 

Осының бәрін Асан қайғы жырау көре 

білді. Және соны Жәнібекке ескертті. 

Ханның қалың жұрты береке табу 

үшін қонысты басқа жақтардан іздеп 

кеңейту керек деп түсінді. Сондық-

тан өзінің желмая мініп, жер шолып, 

егер қоныс тапса, күн сайын аумағы 

өсіп бара жатқан елін сол бетке апа-

ру керек деп білді. Бірақ ол ойын 

Жәнібек қош алмаған. Сонан кейін 

жырау ашуға мінеді. Бұл атырапқа енді 

қайырылып соқпайтындығын, ханның 

бетін көрмейтіндігін кесіп айтады. 

Яки, Жәнібекпен атқұйрығын үзіседі.

Әрине, Асан қайғы жырау халық 

аңызында желмаяға мініп, есіл-дерті 

жайлы қоныс тауып берем деп, әбігерге 

түсіп жүргеніне қарап, оны ел кезген 

кейуана дәруіш деп ойлауға болмай-

ды. Ол соңынан ерер қабырғалы елі 

бар, берісі ру басы, әрісі кіммен қатар 

тұрса да өзі ешкімнің де көлеңкесінде 

көрінбей қала алмайтын дағуалы пікір, 

үлкен билік иесі. Сондықтан да оның 

қимылдары адуын, жалтақтықты 

білмейді. Шоқан Уәлиханов, Әлкей 

Марғұлан және басқа ғалымдардың 

зерттеуінше, XV ғасыр басында Сарай, 

кейін Қазан қаласында, бертін келе 

Жәнібек маңында болған ақсақалдың 

ақырғы тұрақ етіп тепкен қонысы – 

ересек кісі болып шығады.

Бір ескеруге тұрарлық жәйт: тарих-

шы Құрбанғали Халид Асан қайғының 

«өз аты Хасан, оны халық Асан Ата 

деп кеткен» деп жазады. Сондай-

ақ, Тоқтамыс ханның басынан бағы 

қайтып 1393 жылы 20-майда Поль-

шаның королі Ягайлаға жазған Жар-

лығында аттары көрсетіліп, елшілікке 

жі беріліп отырған Котлубаға, Асан 

(Хасан) есімді адамдар бар екенін 

білеміз. Ол құжатты А.Казембек, 

И.Березин, Д.Банзаров, Ш.Уәлиханов, 

В.Радлов, секілді ғалымдардың тарих 

ғылымының игілігіне айналдырғанына 

талай уақыт өтті.

Бірақ елшілікте жүретін Асанды 

қазақтың тарихына қатынасы бар адам 

емес пе екен деп ойлауға кейінге дейін 

заманның, заңның қабағына қарап 

келгендіктен ғалымдарымыз тәуекел ете 

алмай келді. Тіпті, оны былай қойғанда 

Асан қайғының жыраулық бетін 

танытқан Әз-Жәнібеққе айтқан ақыл 

сөздерінің өзін кертартпа феодальдық 

рухтағы тоңмойын кісінің лебізі еді 

деуге мәжбүр болды. Өйткені дәуірдің 

күрзісі – талай ғұламаны солай сөйлеуге 

душар етті. Ал шындығында осы кезге 

дейін Асандікі болып келген сөздердің 

бәрі де сонікі. Ягайлаға елші болып 

баратын екеудің біреуі де – сол Асан 

ақсақал. Өйткені 1393 жылы біздің 

жырауымыз Асан қайғы Сәбитұлы 

ақсақал жиырманың ішіндегі жігіт. Ал 

бүкіл алты ғасыр бойы ел есінде жүруге 

лайықты ақылға, көшелі сөзге ие да-

нышпан азамат жиырманың ішінде 

өз қатарынан озып шығып, елінің 

елшілігіне жүретін екеудің біреуіне 

жарамайды, оған алысты болжар 

кемеңгерлік кейін қонған деп оңынан 

ойлайтын ешкім де дауласпақ емес. 

Демек, осыған қол қойсақ Асан қайғы 

Сәбитұлы есімді абыз жырау шама-

мен 1370 жылы дүниеге келіп, 1470 

жылдары жүздің төңірегінде жүз жас 

жасап, өмірден көшкен болып шығады. 

Қысқасы, Алтын Орда заманынан ба-

стап өле-өлгенше елінің, соның ішінде, 

қазақ қауымының мұңын мұңдап, 

жоғын жоқтап өткен тарихи тұлға 

Асан қайғының халқымыздың елдік 

тарихындағы сұңғыла жырау, мемлекет 

қайраткері ретіндегі алар орны ерекше. 

Ол 1022 жылы орыс князі Мстислав 

Владимировичпен соғысып жүрген 

кезінен бері белгілі қазақ ұлысының 

(арғы жағын айтпағанда) есіктегі ба-

сын төрге шығарсам деп күреспенен 

күні өткен өзінің ұстазы Сыпыра жы-

рау секілді мемлекет қайраткері. Ал 

көмейінен жыр төгілген осындай дана 

тұлғаның елдік туралы жыры – ол 

елдің шежіресі. Біздің бұл еңбегімізде 

сөз болып отырған, Қыдан тайшы мен 

Асан қайғы туындыларының, бүгінгідей 

Қазақ хандығының құрылғандығына 

550 жылдығы әспеттеліп аталып отырған 

тұста, ерекше назар аудартатындығы да 

осындай қастерлілігіне байланысты... 

Ж

әнібек «Қобыландыны 



шариғат бойынша қы-

с а с   қ ы л ы п   ө л т і р у г е » 

Әбілқайырдың келісімін сұрайды. 

Ондай қадам жасауға Әбілқайыр қалың 

қыпшақтың қабағынан қаймығады 

да, үш кісінің құнын алып бітісуге 

шақырады. Қарсы жақ оған көнбейді. 

А ғ а й ы н   ж ұ р т   е к і г е   а й ы р ы л а д ы . 

Сол кездерде Дайырқожаның жасы 

тоқсандарға келіп қалған әкесі Қыдан 

тайшы, көкірегіндегі шерін мынандай 

жырмен сыртына шығарған:

Қара Қыпшақ Қобыландыда, 

Нең бар еді құлыным?

Сексен асып,

Таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай, 

Үзілді ме жұлыным?!

Адасқанын жолға салдың,

Бұл ноғайлы ұлының.

Аққан бұлақ, 

Жанған шырақ,

Жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобыландыда,

Нең бар еді құлыным?!

Бұл жолдардан біз Қыдан тайшының 

әрі жырау екендігін, әрі оның шамамен 

1370 жылдардың мөлшерінде дүниеге 

келген азамат екендігін аңғарамыз. Ал 

осындағы Дайырқожаны Қобыланды 

өлтірді ме, ел іргесі соған бола сөгілді ме 

деген мәселеге келсек, әрине, Жәнібек 

бастаған топтың Әбілқайырмен 

билікке бола араздасып жүрген басқа да 

себептері болуы мүмкін, бірақ, қазіргі 

уақытта авторы белгісіз деп жүрген, 

сол кезден бүгінге дейін, ноғайлы-

қазақтың айырылардағы жыры деп 

айтылатын:

«Жылау, жылау, жылау күй, 

Жылаған зарлы мынау күй.

Қазақ пен ноғай айрылды. 

Қазақ сартқа қайрылды. 

Ноғайлының ну елі, 

Күңіренді, қайғырды. 

Қара Қыпшақ Қобыланды, 

Қара орнынан айырды, 

Ел қанаты қайрылды. 

Зор күн туды, зор күндер, 

Кетті күлкі мол күндер.

қазақ даласы. Оның ішінде Жетісу 

өлкесі, Ұлытау бойы болып суреттеледі. 

Мүрдесі бірде Ыстықкөл жағасында, 

бірде Ұлытау бойындағы Ақмешіт 

әулие қорымына жерленген болып 

әңгімеленеді. He болғанда да осынау өз 

атымен бүгінге шығармасы жеткен, елі 

үшін жанын шүберекке түйіп, от пен 

суға түскен аруақты қазақ жырауы 1470 

жылдардан кейін Еділ бойына қайтып 

оралмаған. Сол беті дүниеден көшкен.

Жыраудың осы күнге дейін өмір 

сүрген кезеңі туралы айтқанда, жо-

балап та болса ол қай кезде туып, қай 

тұста дүниеден өтті деген мәселеде көп 

күмілжитініміз аян.

Ол заңды да. Бірақ бір нәрсеге ден 

қою керек сияқты. Егер Асанның осы 

мезгілге жеткен шығармаларының 

өзінікі екендігін, оның Әз-Жәнібекке 

айтқан сөздерінің деректілігін мойын-

дар болсақ, сол шығармалардағы бар-

ша мәліметтерді Әз-Жәнібек пен Асан 

қайғы туралы әпсаналар жарыса баян-

дап, көмескіліктің пердесін ысырып 

отыратындығы тегіннен-тегін емес деп 

білу керек. Сөйтіп, әпсананың берер 

дерегін мойындасақ, Әз-Жәнібектің 

абыройы-беделі дәуірлеп тұрған тұс 

1460 жылдардың ақырында Асан қайғы 

95 жаста. Демек, көпті көрген көне 

көз жырау 1360 жылдардың соңы, 

берісі 1370 жылы дүниеге келген аза-

мат болып шығады. Сонда ол 1432 

жылы Алтын Орда тағынан тайып 

«Орманбет хан ордадан шыққан күнде, 

Асан Ата қайғырып айтыпты жыр» 

деп Құдабай ақын жырлайтын Тоқай 

Темір тұқымы Ұлығ Мұхамед (Өр 

Мұхамбет, Өрмәмбет, Орманбет ата-

нып кеткен) ханның Орыс хан шөпшегі 

кіші Мұхамедтен тізе бүккен кезінде 

ғана емес, оның алдындағы Едіге мен 

Темір-Құтлық, Тоқтамыс кезінде де 

өмірде бар, ат жалын тартып мінген 

бойына көшіңді кідіртіп, халқыңды 

орнықтыр дегенді айтатын, біздің 

қазір ғана сөз етіп отырған жырдан 

басқа. Оны ілгері жақта келтіргенбіз. 

Тегінде осы жырдың мазмұнына іштей 

үңіле түссек бұл тұс аңызда айтыла-

тындай: «Жәнібек хан дегеніне жетіп 

тұрған кезі. ...Асан қайғының 95-ке 

келген шағы». Бұл толғаудан Асан 

Атаның «Тіл алсаң іздеп қоныс көр, 

Желмая мініп жер шалсам, тапқан жер-

ге ел көшір, Мұны неге білмейсің?... 

Қош, аман бол, Жәнібек, енді мені 

көрмейсің!» деп Жәнібектің жоғарыда 

аталған үш қылығына риза болмай, 

басқа жақтан қоныс іздейтіндігіне, хан 

бұған ермесе, өзінің оған жолдас бола 

алмайтындығын айтып ат құйрығын 

шорт кескендігіне куәлік табамыз.

Шындығында, мұны қалай деп 

білуге болады? Әбден билігі нығайған 

хан Жәнібекке 95 жастағы қария Асан 

Ата риза емес. Heгe? Сол уақыттан 4-5 

жыл ғана (әрине, мұның бәрі болжам 

ғой) осы тұсқа еліңді орнықтырсаң 

дұрыс болады деп отырған жан неліктен 

Жәнібектен шошынады? Мейма-

насы тасқандығынан ба, ақылының 

қашқандығынан ба? Оны дәйектерлік 

қандай дерек бар?

Біздіңше, бұл да тарихи шындықтан 

онша көп алшақ кетпейтін жай. 

М.Тынышбаев өзінің белгілі еңбегінде 

сол дәуірді зерттеген тарихшылар 

еңбегіне сүйене отырып, 1465 жылы 

Әбілқайыр өлісімен Жәнібек пен 

Керейдің Моғолстанда жүрген жұрты 

кері қайтып, оларға Әбілқайырдан 

қалған қазақ рулары қосылып, айбыны 

асқандығын, кейін Астраханьды би-

леген Жәнібектің 1477 жылы Қырым 

хандығына пәрменін жүргізгендігін, сол 

жақтан Ресей жұртына барып ақыры 

сонда қаза тапқанынан құлағдар етеді 

(М.Тынышбаев, аталған еңбек, 131-бет).

тын хандардың бірі. Оның Әз-Жәнібек 

атануы да содан. Әбілқайырдан елін 

бөліп алып шыққан да өзіндей еңбек 

сіңірген деп есептелетін онымен бірге 

туған бауыры Керей хан туралы не 

Асан қайғы, не басқа жыраудың бір 

ауыз лебіз білдірмей, разы болса да, 

наразы болса да тек қана Жәнібектің 

жырлануында көп мән бар. Өйткені 

тарихи тұлға атаулының бәрі – әдеби 

кейіпкер бола бермейді. Ауызша жыр-

ланатын әдебиетте бірнеше ғасыр бойы 

есімі жоғалмай жүру үшін кейіпкер де, 

авторда сол халыққа айрықша еңбегі 

сіңген үлкен бедел иесі болуы керек.

Демек, қазақ ұлысының Жәнібекті 

де, ол хандық құрған кезеңді жырлаған 

Асан сөзін де ұмытпауында осындай 

сыр бар.

Біз Асан қайғының Әз-Жәнібекке 

а й т қ а н   с ө з д е р і н   қ а з а қ   ж ұ р т ы 

Шу бойын да жүргенде емес, Әз-

Жәнібек Астрахань хандығын өзіне 

қаратып тұрған кезде шығарылған 

деп есептейміз. Шынында, осы 

жаңылыс пікір емес пе екен? Мүмкін, 

Моғолстандағы Иса-Бұға ханға келе 

жатқан бетте айтылған шығар? Міне, 

осының бәрін анық-қанығын анықтау 

үшін жырау сөзіне құлақ тосу қажет:

Қырында киік жайлаған, 

Суында балық ойнаған. 

Оймауыттай тоғай егіннің, 

Ойына келген асын жейтұғын. 

Жемде кеңес қылмадың, 

Жемнен де елді көшірдің. 

Ойыл деген ойыңды, 

Отын тапсаң тойыңды. 

Ойыл көздің жасы еді, 

Ойылда кеңес қылмадың, 

Ойылдан елді көшірдің. 

Елбең-елбең жүгірген, 

Ебелек отқа семірген. 

Екі семіз қолға алып, 

Ерлер жортып күн көрген. 

дүние жүзін кезетіндігі сөз болады. Ал 

осы жайларды Асан қайғы былайша 

жырлаған:

Қорған салдың бейнет қып, 

Қызметшің жатыр ішіп-жеп... 

Мұны неге білмейсің? 

Қатын алдың қарадан, 

Айрылдың хандық жорадан, 

Ел ұстайтын ұл таппас, 

Айрылар ата мұрадан, 

Мұны неге білмейсің? 

Құладын құстың құлы еді, 

Тышқан жеп жүнін түледі. 

Аққу құстың төресі 

Аңдып жүрген көп дұшпан, 

Елге жау боп келеді. 

Құладын қуды өлтірсе, 

Өз басыңа келеді! 

Құлың кеп сені өлтірер 

Осыны Асан біледі, 

Мұны неге білмейсің?

немесе:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 



Заман азып, заң тозып жаман болар. 

Қарағайдың басына шортан шығып, 

Бабалардың дәурені тәмам болар. 

О күнде қарындастан қайыр кетер, 

Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, 

Ұлың, қызың орысқа бодан болып, 

Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?... 

Аңызбен жырау сөздерін өзара 

с а л ы с т ы р ғ а н д а   б і р і н д е   а й т ы л а -

тын ой екіншісінде түгелдей дерлік 

қайталанады. Және көріпкел жанның 

айтқандарының кейін барлығының да іс 

жүзінде дәл солай болып шыққандығы 

таңғалдырады. Шынында, тарихта 

Әз-Жәнібек қандай сарай салдырды, 

оны дәлелдерліктей біздің қолымызда 

дерек жоқ. Бірақ қазақ аңызы Астра-

хань шаһарын Жәнібек салдырған 

деп есептейді. Ал тарихта Астрахань 

хандығының XV ғасырдың ақырында 

Алтын Орданың күйреуімен байла-

нысты өмірге келгендігін ескерер 

жыраулар мұрасы

хандығындағы

ҚазаҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет