Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудың тарихи маңызы иманғалиев А. Т., Абдуразақов М. Ф



жүктеу 59.74 Kb.

Дата22.12.2016
өлшемі59.74 Kb.

 

36 


УДК 94 (574) 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУДЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ 

 

Иманғалиев А.Т., Абдуразақов М.Ф. 

(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) 

 

 

 

Өткенді  білмей,  болашақты  болжау  мүмкін  емес,  деген  халық  даналығы  бар. 

Тарих  –  бұл  халықтың  бүгіні  мен  болашағын  айқындайтын  бірден-бір  маңызды 

көрсеткіш. Тарих – тұтас халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға тән табиғи заңды құбылыс. 

Әр халықтың маңдайына біткен тағдырлы жолы осы тарих қойнауынан тамыр тартады. 

Сондықтан  да,  төл  тарихын  ұлықтап,  ата-бабалар  салған  сара  жолды  ұстанған  халық 

қана  кемел  келешекке  нық  сеніммен  қадам  басары  анық.  Бабалар  мұратын 

жалғастырып,  ел  аманатын  арқалап  келе  жатқан  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  «Нұрлы  Жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолдауында  айтылған 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын,  Ұлы Жеңістің 

70  жылдығын,  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  атап  өтетіндігімізді,  ал  бұл  ұлттық 

таным-тарихымызды  терең  зерделеп,  құнды  жәдігерлерімізді  ел  жадында  қайта 

жаңғырту  және  де  бүгінгі  күннің  бедері  –  сан  ғасырлық  тарихи  кезеңдердің  дәйекті 

жалғасы екендігін атап көрсетті [1]. 

Қазақ  хандығының  биыл  550  жылдығы  тойлануда,  осындай  тарихи  оқиғаға 

байланысты ел аумағында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өткен уақытта 

Қазақ  хандығы  басынан  қайғыны  да  қуанышты  да  өткерген  болатын.  Қазақ 

хандығының  негізін    қалаушылар,  Керей  мен  Жәнібек  осы  хандықтың  байрағы  биік, 

босағасы  берік  болсын  деп  қолдарынан  келгенше  аянбай  күресті.  Қазақ  хандығының 

негізін  қалаған  хандардан  кейінгі,  яғни  1480  жылдардан  бергі  тақта  отырған  хандар 

күштерін  халқы  үшін  аямаған.  Тарихымыз  бірнеше  томдық  болып  жазылатын 

еңбектердің  беттерінде Қасым, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар жайлы мәліметтер көп. 

Олардың  барлығы  Қазақ  хандығының тыныштығы  үшін  жан  аямай  күрескен.    Бүгінгі 

таңның  жас  ұрпағы,  өмір  сүріп  жатқан  зайырлы,  ең  бастысы  тыныштығы  орнаған 

мемлекеттің  іргетасы  осы  ата-бабаларымыздың  арқасында  мықты-берік  болып 

қаланғанын  ұғыну  қажет.  Оны  түсіну  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  жандар  үшін  әсте  қиын 

емес. 

Биыл  Қазақ  хандығының  отауы  көтерілгеніне  550  жыл  толып  отырғаны  белгілі. 



Таулы да тасты , ойлы да қырлы кезеңдерді артқа қалдырып,  бүгінгі таңда біз ертеңгі 

күніне нық қадам баса алатындай Қазақ елінде өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен біз бұл 

күнге қалай жеткенімізді ешқашан ұмытпақ емеспіз. Бұл мерейтой аясында жасалатын 

іс-шаралар сол тарихи ауыр кезеңдердің мәнін тағы ұқтырмақ. Осылайша біз кешегісі 

мен бүгінгісін  және де болашағын қоса ала жүретін  жандар болдық және бола береміз. 

Өз тарихын терең ұғынған азамат қана өзін патриот ретінде сезіне алады.  

Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің қайнар көзі болып табылады. Біздің бұған 

дейінгі  түркі  әлемі,  тіпті,  сонау  сақтардан бастау  алған тарихымыз бар. Алайда Қазақ 

хандығының  ерекшелігі  ол  біздің  ұлттық  сипаттағы  алғашқы  мемлекетіміз  екендігіне 

күмән келтірмейміз. 

Қазақ  хандығы  құрылғаннан  бастап  «қазақ»  сөзі  саяси  термин  ретінде  тарихқа 

алтын  әріптермен  енді.  «Қазақ»  атауының  қалай  шыққаны  жөнінде  ел  ішінде  сонау 

ертеден  келе  жатқан  көптеген  аңыз-деректер  және  жазба  деректер  бар.  Соның  ішінде 

кейбіреуі  аңызға айналып оқиғаға байланысты алдымен  «қаз-ақ» немесе  «қыз-ақ» сөзі 



 

37 


пайда  болып  [2],  онан  ру-тайпа  атына  айналғаны  жөнінде  әңгіме  шертсе,  ал  кейбір 

аңыздарда  алдымен  «Алаш»  қауымы  және  «Алаша  хан»  жөнінде  әңгімелер  айтылып, 

онан  соң  жалпы  халық  аты  «қазақ»  келіп  шыққаны  жөнінде  айтылады.  Отандық 

тарихшыларымыздың жазба тарихи деректерді талдай келе, ертеде түскен «аса», «кісә», 

«хаса»  сөзіне  сияқты  рулық-ұлыстық  елдер  атауын,  үйсіндердің  атына  байланыстыра 

қараса,  Кеңес  Одағының  кейбір  зерттеушілері  қазақ  ұлтының  атауын  орыс 

казактарының  атымен  байланыстыра  зерттеді.    Бірінші,  «қазақ»  атауының  шығуы 

жөнінде әуелде-ақ көп ізденіп, халық ішіндегі аңыздарды молынан жинаған адам А.И. 

Левшин деуге болады. Ол өзінің 1832 жылы жарияланған «Қырғыз-қазақ далаларының 

сипаттамасы»  атты  еңбегінде  қазақ-қырғыз  атауының  қалай  шыққаны  жөнінде  жеті 

түрлі  аңызға  тоқтала  келе,  соның  ішінде  ең  негізгісі  -  Алаша  хан  жөніндегі  аңыз 

делінген болатын. Бұл дерекке дәлел ретінде осы аңызды Шоқан Уәлиханов та «Қазақ 

шежіресі» атты еңбегінде жазған [3. 26].  

Қазақ  ғалымдарының  ішінде  Абай  Құнанбаев  «Біраз  сөз  қазақтың  қайдан 

шыққаны  туралы»  деген  шығармасында  былай  деп  жазады:  «Қашан  моңғолдан 

Шыңғысхан  шыққанда,  қазақтар  құтты  болсынға  барыпты,  бірақ  қай  жерде  барғаны 

мағлұм емес, сөйтсе де осы Шыңғыс тауында әскері Қарауыл өзенінің бойында жатып, 

он  екі  рудан  он  екі  кісі  моңғолдың  өз  заңы  бойынша  «Хан»  деген  үлкен  биіктің 

басында, ақ киізге Шыңғысты отырғызып, хан көтерген дейді… сол он екі кісінің бірі 

қазақтан  Майқы  би  деген  кісі  екен».  Осыған  орай,  Шыңғысты  хан  көтеруге  қазақ 

ұлыстарының да қатынасқанын қазақтан Майқы би деген кісінің қатынасқанын жазады 

[3,  144].  Бұл  көне  тарихымыздағы  мемлекетілігіміздің  республика  көлемінде  тұңғыш 

тойлауымыз.  Сондықтан  «Қазақ  хандығының  550  жылдығының»  тарихи,  рухани 

маңызы орасан.  

Қазірде  Қазақстан  әлем  халықтарының  назарын  аударып  отырған  Орталық 

Азиядағы бірден-бір дамыған, тұрақты елдің бірі. Сол себепті бұл елде болып жатқан 

оқиға  әлем  елдерінің  назарында.  Сондай-ақ  осы  жылы  Қазақстан  халық 

ассамблеясының  20  жылдығын  атап  өту  біздің  татулығымыздың  көрінісін  айғақтап 

берсе,  айталық,  Ата  заңның  20  жылдығы  тойлау,  ол  біздің  құқықтық 

тұрақтылығымыздың кепілін көрсетеді. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, 

ол  еліміздегі  бірліктің көрінісі.  Бұл  әрине,  қазақ  елінің халықаралық  деңгейдегі  рөлін 

нығайта түсетіні анық. 

Билеуші  топ  арасындағы  алауыздық  сол  мемлекетті  екіге  бөледі  немесе  сол 

билеуші әулет арасында күрес жүреді. Нәтижесінде бұл күрес мемлекеттің әлсіреуіне, 

содан  кейін  құлдырауына,  жойылуына  алып  келеді.  Кез-келген  ұлт,  кез  келген  халық 

өткен тарихындағы әлсіз жақтарын дұрыс пайдаланып, үнемі назарда ұстап, алауыздық 

болдырмай,  ел  бірлігін  сақтаса  ол  ұлы  халыққа  айналады.  Бірлік  тілдік  жағынан  да, 

діни  жағынан  да  сабақтасуы  тиіс.  Яғни,  саяси  бірлік,  әлеуметтік  бірлік,  экологиялық 

бірлік, діни бірлік барлығы жиыла келе мемлекеттік нүктесінде ұштасқанда ғана қазақ 

елінің  дамуы  одан  ары  қарыштай  береді.  Сондықтан  біздің  болашақ  дамуымыздың 

негізі осы бірлік идеологиясы болып табылады. 

Тарихы  терең  қойнаулардан  бастау  алатын  қазақ  жұртының  мемлекеттілігінің  

тарихы    қазақтың    тұңғыш  хандары  Керей  мен  Жәнібектің  1465  жылы  «Қазақ 

хандығын» құруынан басталады.  Қазақстандық  тарихшы-профессорлар, зерттеушілер 

осы  Қазақ хандығының құрылуына байланысты көптеген пікірлерді алға тартады. Осы 

тарихи    құбылысты  зерттеумен  айналысатын  белгілі  ғалым  т.ғ.д.,  профессор  Б.Б. 

Кәрібаев  өзінің  еңбектерінде  былай  деп  мәлімдейді:  XV  ғасырдың  ортасынан  бері 

қарай бір ғана мемлекет атауы - Қазақ хандығы  түпкілікті қалыптасады. Қазіргі кездегі 

еліміздің  ресми  атауы  -  Қазақстан  Республикасы,  кешегі  Кеңес  дәуіріндегі  -  Қазақ 


 

38 


Кеңестік  Социалистік  Республикасы  деген  атаулардың  негізінде  XV  ғасырдың 

ортасына пайда болған «қазақ» атауы тұр». 

Негізінен,  Қазақ  хандығының  құрылуы  туралы  ежелден  келе  жатқан  жалғыз 

құнды  дерек  Мұхаммед  Хайдар  Мырза  Дулаттың  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегіндегі 

мәліметтер.  Моғолстан  тарихына  арналған  бұл  шығармада  осы  елмен  бірге  бүкіл 

Орталық  Азиядағы  елдер  мен  халықтардың  тарихына  қатысты  құнды  мәліметтер 

баяндалады.  

Профессор  Б.Б.  Кәрібаев  еңбектерінде  Қазақ  хандығының  құрылуының  

алғышарттарын  көрсеткен болатын.  Олар: 

1)  Қазақ  хандығының  құрылуы  -  ең  алдымен,  Қазақстан  аумағында  қола 

дәуірінен  бері  үздіксіз  жалғасып  келе  жатқан  этникалық  процестердің  заңды 

қортындысы болып табылады 

2)  Қазақ  хандығының  құрылуы  -  XIV-XV  ғасырлардағы  Қазақстан  аумағында 

болған мемлекеттік құрылымдар мен көршілес аймақтардағы мемлекеттердің ішкі және 

сыртқы саяси қатынастарының нәтижесінде жүзеге асады. 

3)  Қазақ  хандығының  құрылуы  -  Қазақстан  аумағында  бері  дегенде  сақтар 

заманынан  бері  үзбей  дамып  келе  жатқан,  этникалық  процестермен  қатар  жүрген 

мемлекеттілік дамуының да нәтижесі болып есептеледі. 

Осылайша  Қазақ  хандығының  құрылуы  мемлекеттік  тұрғыдан  алғанда  ұлттық 

сипатқа жол ашқан, қазіргі кезеңдегі этникалық ұғымдардың бастауы болған,  сондай-

ақ XV ғасырға дейінгі тарихтың қортындысы және XV ғасырдан кейінгі тарихтың жаңа 

кезеңінің бастауы болған күрделі оқиға деп есептейміз [4, 530-532].  

Ал Батыстық зерттеулерде көбінесе қазақ халқының қалай құрылғандығы туралы 

бірізді пікірдің жоқтығы айтылады және де көптеген мәліметтерде орыстардың күштеп 

кіріп  жаулап  алған  тұсында  қазақтармен  араласқан  орыс  эмиссарлары  мен  ресми 

адамдардың  қалдырған  шолулары  мен  баяндамаларынан  тұрады  деп  мәлімделген. 

Мысалы, Колгейт университетінің профессоры (АҚШ) М.Б. Олкотт өзінің еңбектерінде 

былай  деген:  «Шынтуайтында  қазақ  халқы  немесе  қазақ  ұлты  моңғол  империясына 

бағынып  келген  Ақ  Орда  ханы  Барақтың  ұлдары  Жәнібек  пен  Керей  өзбек  ханы 

Әбілқайырдан  бөлініп  шыққан  кезде  -  он  бесінші  ғасырдың  ортасында  қалыптасты. 

Яғни,  «қазақ»  атауын  ерте  дегенде  он  бесінші  ғасырдың  астам  аяғына,  дәлірек 

айтқанда,  он  алтыншы  ғасырдың  ортасында  осынау  аймақтың  тұрғындары  пайдалана 

бастады. Он тоғызыншы ғасырдағы тағы бір түсініктеме бойынша «қазақ» сөзі түріктің 

«ақ»  және  «қаз»  сөздерінен  шыққан,  өз  кезегінде  қазақ  атауын  дүниеге  келтірген 

даланың патшайымға айналған ақ қазы туралы қазақтың кең тараған аңызы да бар» [5. 

48-49]. 


Бүгінгі таңда, яғни 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына 

орай еліміз  ұлы салатанат құрып тойлап отыр. Бұл тойдың, бұл жеңістің елімізге оңай 

келмегені  баршамызға  аян.  Қаншама  қиын-қыстауларды  басынан  өткерген,  қандай 

қиындық болса да жарқын болашаққа сеніммен қараған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ 

елі қазіргі таңда мәңгілік салтанат құратын ұлы ел болып қала бермек. Идеологиялық 

тұрғыда  бұл  біздің  халқымызға  қажетті  мереке.  Сөзсіз,  ел  боламыз  десек,  бесігімізді 

түзеуіміз  керек.  Тарихтың  өткен  оқиғалардан  сабақ  алып,  олардың  кемшіліктері  мен 

қателіктерін қайталамауға, түзетуге үйрететіні белгілі. Сондықтан да, баршамыз қазақ 

елінің,  хандығының,  жерінің,  тілінің,  ділінің  және  салт-дәстүрінің  қалай 

қалыптасқанын білгеніміз, жадымызда сақтағанымыз абзал.  

Алғашында  аталмыш  мереке  Қазақ  мемлекеттігінің  550  жылы  деп  аталынды. 

Жалпы,  мемлекет  деген  ұғымға  республика,  монархия,  қағанат,  империя,  хандық, 

әмірліктің  бәрі  жатады.  Қазақстан  жеріндегі  мемлекеттіліктің  тарихына  3000  жылдан 

аса  уақыт  болған.  Сонау  скиф  тайпалары,  сақтар,  ғұн,  үйсін,  қаңлы  осы  ұлыстардың 



 

39 


бәрінде  мемлекет  болды.  Соларда  этникалық  процес  пен  мемелекеттік  даму  қатар 

жүріп  отырды,  бірін-бірі  толықтырып  отырды.  Сондықтан  біздің  бұған  дейінгі  түркі 

әлемі, тіпті, сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. 

Ал, Қазақ хандығы өзінің тарихын осы ежелгі сақ, ғұн, түркі тайпаларынан алады. 

Қазақ  хандығы  өз  кезегінде  өзге  ортағасырлық  хандықтар  секілді  шабуылдарға  төтеп 

берді.  Қазақ елі  жүзге, ру-тайпаларға, болыс-билерге бөлініп, мемлекеттік құрылымы, 

заңы (мәселен Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»), жауынгерлері, территориясы, тілі, салт-

дәстүр,  әдет-ғұрпы  бар  хандық  болған.  Қазақ  хандығы  өзінің  тіршілігін,  тәуелсіздігін 

барынша сақтауға тырысып отырған жауынгер халық  болатын. Тағдырдың  тәлкегінен 

жоңғар сынды халықтан қорғану мақсатында Ресейдің қол астына кірген еліміз тағы да 

қиын қыстауға тап болған.      

Қазақстан  халқы  өзінің  ғасырлар  бойғы  тарихында  әлденеше  рет  өз  тағдырын 

таңдауына  тура  келді.  Ең  негізгі  таңдау  осыдан  23  бұрын  жаңа  ғасырдың  қарсаңында 

жасалды.  Бұл  еліміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткізу  еді.  Бұл  тарихи  бетбұрыс 

Республикамыздың  тұңғыш  президенті  Назарбаев  Нұрсұлтан  Әбішұлының  атымен 

тікелей байланысты. 

Біздің  президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  -  қазіргі  саясаткерлердің  ішіндегі  өз  елінде 

ғана  емес,  бүкіл  әлем  танып,    үлкен  беделге  ие  болған  тұлға.  Президент  ұлтаралық 

араздықтың  алдын  алуға  бар  жігерін  жұмсады.  Президенттің  шешімімен  еліміз  жаңа 

ғасырға  қадам  басар  тұста,  астананы  Алатау  баурайынан  байырғы  Сарыарқа  өңіріне 

көшірілуі  теңдессіз  тарихи  оқиға  болды.  Қазір  бұл  шешімнің  өміршеңдігі  күн  өткен 

сайын дәлелдене түсуде.  

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, саяси, 

экономикалық  және  әлеуметтік  жедел  жаңару  жолына  түсті.  2050  жылға  дейін 

қарқынды  дамуды  қаматамасыз  ететін  стратегиялық  бағдарлама  қабылданып,  әлемнің 

дамыған елдерінің қатарына қосылу міндеті тұр [6. 5]. 

Жәнібек  пен  Керей  бастаған  қауым  әлемге  «Қазақ  хандығы,  қазақ  мемлекеті» 

келгенін көрсетті. Сол заманнан бері Қазақ есімі тарихи санаға, басқа елдерге танымал 

болды.  Қазақ  хандығы  қазақ  халқының  ұлттық  сипаттағы  алғашқы  мемлекеттілігінің 

бір көрінісі болып табылады.  

Тарихымызға  тереңірек  үңіліп,  біздің  жерде  орналасқан  мемлекеттердің  тікелей 

мұрагері  қазіргі  Қазақ  Елі  екенін  халыққа  жеткізуге  көңіл  бөлуіміз  қажет.  Қазақ 

халқының тарихи санасы мықты болып, рухы өсетін болса, мәңгілік ел бола аламыз. Ең 

алдымен  өткен  тарихын  қазақтың  өзі,  жас  ұрпа  терең  сезінуі  қажет.  Сонда  ғана 

патриоттық сезім қалыптасады. Біз сол кезде ғана әлем таныған ел бола аламыз. Қазақ 

хандығының 550 жылдығы арқылы еліміздің аса бай тарихын   жан-жақты насихаттау, 

оны  санаға  сіңіру  аса  қажет!  Өйткені,  бұл  біздің  болашағымыз,  еліміз  және  мәңгілік 

тәуелсіздігіміз!  

 

 

 



Әдебиет: 

1.

 



«Егемен Қазақстан», 2015.  21ақпан. 

2.

 



Халид, Қ. Тауарих хамса: бес тарих / Қ. Халид; аударған: Б. Төтенаев, А. Жолдасов.- Алматы: 

Қазақстан, 1992.- 304 б. 

3.

 

Мырзаханов  Ж.  Тарих  қойнауынан.  Тарих  очерктер.-  Алматы:    «Жалын  баспасы»  ЖШС, 



2004.- 26б.,144б.,160-161бб.,52б. 

4.

 



Нәсенов  Б.  XV  бөлім  -  XX  кітап.  Қазақтардың  тарихы.    Хандар.    Алматы  –Новосибирск, 

наурыз 2012.- 86 б., 530-532 бб. 

5.

 

Есмағанбетов Қ.  Қазақтар шетел әдебиетінде.- Алматы:  Атамұра – Қазақстан, 1994. 48-49 бб. 



6.

 

Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. Алматыкітап баспасы, ЖШС. 2011.-56 бб., 5 б. 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал