Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі266,89 Kb.
#140

Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар 

 

Хандықтың  құрылуы.  Қазақ  хандығының  құрылуы  Қазақстан 

территориясында XIV-XV ғасырларда болып өткен әлеуметтік-экономикалық 

және  этникалық-саяси  процестердің  заңды  қорытындысы  болды.  Тарихи 

әдебиетте  В.В.  Вельяминов-Зерновтан  бастап,  Шығыс-Дешті  Қыпшақтың 

көшпелі  тайпаларының  бір  бөлігін  Жошы  ұрпағы  Керей  мен  Жәнібектің 

басшылығымен  Шу  мен  Талас  өзендерінің  жазығына  көшуі  Қазақ  хандығы 

құрылуының басталуы болды деген пікір бар. 

Қазақ  хандығының  құрылуы  қазақ  халқының  тарихындағы  төтенше 

маңызды  оқиға  болды.  Ол  ұлан-байтақ  өңірді  мекендеген  қазақ 

тайпаларының  басын  қосып  шоғырландыруда,  қазақтың  этникалық 

территориясын  біріктуде,  қазақтың  байырғы  заманнан  басталған  өз  алдына 

жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі 

шешуші роль атқарды. 

1456  жылы  Керей  мен  Жәнібек  ханның  Әбілқайыр  хан  үстемдігіне 

қарсы  күрескен  қазақ  тайпаларын  бастап  Шығыс  Дешті-Қыпшақтан  батыс 

Жетісу  жеріне  қоңыс  аударуы  қазақ  хандығының  құрылуына  мұрындық 

болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай 

болатын:  1428  жылы  Ақ  Орданың  ақырғы  ханы  Барақ  ішкі  феодалдық 

қырқыста  қаза  болған  соң,  Ақ  Орда  мемлекеті  ыдырап,  ұсақ  феодалдық 

иеліктерге  бөлінгенде  өкімет  үшін  өзара  қырқыс  үдей  түсті.  Бұрынғы  Ақ 

Орданың  орнына  Әбілхайыр  құрған  «Көшпелі  өзбектер»  мемлекеті  пайда 

болды.  Осы  мемлекеттің  территориясы  XV  ғасырдың  орта  шенінде 

Сырдариядан  Сібір  хандығына  дейінгі  ұлан-байтақ  жерді  алып  жатты. 

Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. 

Әбілхайыр  хан  өзінің  саяси  дұшпандарын  –  Жошы  әулетінен  шыққан 

сұлтандарды  құдалауын  тоқтатпады.  Өкімет  үшін  күрес  барысында  Дешті-

Қыпшақтан  өздерін  қолдайтын  жеткілікті  күш  таба  алмаған  Ұрыс  ханның 

шөберелері  Керей  мен  Жәнібек  XV  ғасырдың  50  жылдары  орта  шенінде 

қарамағандағы  ауылдарымен  Шу  өзенінің  бойына  көшіп  кетуге  мәжбүр 

болды.  Осы  оқиғалар  жөнінде  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  өзінің  «Тарих  и 

Рашиди»  атты  шығармасында  былай  деп  жазады:  «Ол  кезде  Дешті-Қыпшақ 

Әбілхайыр  хан  биледі  және  Жошы  әулетінен  шыққан  султандарға  күн 

көрсетпеді.  Нәтижесінде  Керей  мен  Жәнібек  Моғолстанға  көшіп  барады. 

Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Мағолстаның батыс жағындағы 

Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр 

(1468 жылы) дүние салды да, Өзбек  ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі-ірі 

шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. 

Сүйтіп  олардың  маңына  жиналғандардың  саны  200  мыңға  жетті.  Оларды 

өзбектер  «қазақтар»  деп  атады.  Қазақ  сұлтандары  870  жылдары  (1465-1466 

жылдары) билей бастады».  

Сөйтіп,  1465-1466  жылдыры  Шу  мен  Талас  өзендерінің  алқабында 

Қазақ  мемлекетінің  негізін  салған  дербес  қазақ  хандығы  құрылды.  Осы 



территорияға  деректемелерде  тұңғыш  рет  «Қазақ»  деген  атау  қолданыла 

бастады. 



Қазақ  хандығының  нығаюы.  Тарихи  деректемелер  алғашқы  қазақ 

хандарының  хандықтың  территориясын  кеңейтуге,  Сырдария  өңіріндегі 

қалармен  Шығыс  Дешті-Қыпшақтың  қырдағы  аудандарындағы  өз  билігін 

нығайтуға  бағытталған  белсенді  сыртқы  саясаты  туралы  баяндайды. 

Әбілқайыр  хандығы  мен  Моғолстанның  құлдырауын  пайдалана  отырып, 

Керей  мен  Жәнібек  XV  ғасырдың  60  жылдырдың  соңында  қазақтар 

мекендеген  бүкіл  территорияның  біріктіру  жолында  ойдағыдай  күрес 

бастады. 

Қазақ  хандығының  саяси-экономикалық  базасын  ңығайту  үшін 

Сырдария  бойындағы  қалаларды  қарату  төтенше  маңызды  еді.  Осы  орайда, 

қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 

1.  Мал  жайылымдарын  пайдаланудың  Дешті-Қыпшақ  даласында 

бұрыннан  қалыптасқан  дағдылы  тәртібін  қалпына  келтіру  (бұл  тәртіп 

Әбілқайыр  хандығындағы  аласапыран  арқылы  бұзылған)  көшпелі 

шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 

2.  Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  сауда  керуен  жолы  үстінен  орнаған 

Сырдария  жағасындағы  Сығанақ,  Созақ,  Отырар,  Ясы  (Түркістан),  т.б. 

қалалары  қазақ  хандығына  карату.  Бұлар  осы  өңірдегі  саяси-экономикалық 

және әскери-стратегиялық берік база болатын. 

3. 


Қазақ  тайпаларының  басын  қосып,  қазақтың  этникалық 

территориясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет  – Сырдария 

жағасындағы қалаларды қарату күресі болды. 

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте 

қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 

жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, 

бірақ  сапары  сәтсіз  болып,  жорық  жолында  қаза  тапты.  Әбілқайырдың  қаза 

болуы  қазақ  хандығының  ңығайуына  және  территорияның  көлемінің 

кеңеуіне  үлкен  себеп  болды.  Ол  өлгеннен  соң,  оның  елігінде  қиян-кескі 

феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» 

шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен 

бөлігі  Керей  мен  Жәнібек  ханға  көшіп  кетті.  Мұндай  тиімді  жағдайды  дер 

кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын 

өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ 

хандары  Әбілхайыр  ханың  мұрагерлеріне  қарсы  күресті.  Олардың  саяси 

қарсыластары  Ахмед  ханмен,  Махмұд  Батыс  Сібірдің  билеушісі  Ибақ 

ханмен,  сондай-ақ  Ноғай  одағын  билеген  мырзалармен  одақтасып,  бірге 

күрес жүргізді. 

Әбілхайыр  ханың  орнына  отырған  мұрагер  баласы  Шайх  Хайдар  бұл 

күресте  мүлде  жеңіліп  өлтірілді,  ал  Әбілхайырдың  немерелері  Мұхаммед 

Шайбани  мен  Махмұд  султан  Астраханға  барып  паналады.  Әбілқайыр 

ханның  мұрагерлермен  күресте  толық  жеңіске  жеткен  Қазақ  хандығы 

Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын және ондағы 

көшпелі  тайпаларды  бірте-бірте  өзіне  қосып  алды.  XV  ғасырдың  70 



жылдарында  қазақтар  Сырдария  бойымен  оған  жалғас  Қаратау  өңірінің 

бірсыпыра  территориясын  басып  алды.  Сөйтіп,  қазақ  хандығының 

территориясын әлқайда кеңейіп нығайды. Оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары 

келіп қосылып жатты. 

Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі 

Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы 

соғыстарда  бірде  Әмір  Темір  әулетіне,  бірде  ноғай  мырзаларына,  ақырында 

Моғолстан хандарына сүйенді. 

XV  ғасырдың  ақырында  Отырар,  Яса  (Түркістан)  Орхон,  Бозкент 

қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады 

да,  Сығанақ,  Сауран,  Созақ  қалалары  мен  Туркістан  аймағының  солтүстік 

бөлігі  Қазақ  хандығының  иелігіне  қалды.  Ташкент  пен  Сайрам  қалаларын 

Моғолстан ханы сұлтан Махмұд биледі. 

Қазақ хандары Дешті-Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен 

соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы 

Шайбани  ханды  Шығыс  Дешті-Қыпшақ  тайпаларының  біраз  бөлігінен 

Мәуераннахрға  ығысуға  мәжбүр  етті.  Ол  1500  жылы  ондағы  Әмір  Темір 

әулетін  талқандап,  Мәуераннахрды  жаулап  алды  да,  Шайбани  әулетінің 

негізін  қалады.  Мұхаммед  Шайбани  ханға  ілесіп  Мәуераннахрға  енген 

көшпелі  тайпалар  бірте-бірте  жергілікті  отырықшы  халыққа  сіңіп,  олардың 

тілі  мен  мәдениетін  қабылдап,  өздерінің  бұрынғы  Дешті-Қыпшақтағы 

өзгешіліктерінен  бірте-бірте  айырылды.  Бұл  көшпелі  тайпалар  Дешті-

Қыпшақтан  ала  келген  «өзбек»  деген  атау  бірте-бірте  Мәуераннахрдың 

байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, 

жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмаған. 

XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани 

ханның  Дешті-Қыпшақтан  ығысып  жаулап  алуы  Орта  Азия  тарихындағы, 

әсіресе  қазақ  пен  өзбек  үшін  елеулі  оқиға  болды.  Бұл  ең  алдымен  қазақ 

хандығының  жерін  кеңітіп,  беделін  арттырып,  ерікті  елдігін  нығайтты. 

Бұрынғы дәуірлерде бытырңқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір 

жерге  қосуға,  қазақтың  этникалық  территориясын  біріктіруге,  сонау  қола 

ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата 

аяқтатуға  мүмкіндік  берді.  Бұрын  Ақ  Орда  мен  Әбілқайыр  хандығында 

қолданылған «өзбек-қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» 

термині  бірте-бірте  Шығыс  Дешті-Қыпшақ  пен  Жетісуда  қалыптасқан 

халықтың  тұрақты  атына  айналды.  «Өзбек»  термині  Мұхаммед  Шайбаниге 

еріп  кеткен  тайпалардың  этникалық  атауы  ретінде  Орта  Азияда  ғана 

қолданылатын болды. 



 

Өтеубай Қожақұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет