«Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (Уақыты-20 минут, ұпайы-15) І. Жабық тапсырма. « Қазақ сұлтандарының билік жүргізуі хижраның 870 ж. (1465-1466 жж.) басталды»



бет1/2
Дата30.09.2023
өлшемі22,58 Kb.
#112025
  1   2
Байланысты:
6 сынып 4 тоқсан БЖБ


«Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
(Уақыты-20 минут, ұпайы-15)
І.Жабық тапсырма.
1. «... Қазақ сұлтандарының билік жүргізуі хижраның 870 ж. (1465-1466 жж.) басталды»,-деп жазылған ортағасырлық тарихи шығарманы көрсетіңіз:
А) «Зубдат ал-асар»
Ә) «Тарих-и Рашиди»
Б) «Бабырнама»
2. ХV ғ. соңы – ХVІ ғ. басында Қазақ хандарының қауіпті қарсыласы болған Шайбан әулетінің өкілін атаңыз:
А) Әбілқайыр хан
Ә) Шайх-Хайдар
Б) Мұхаммед Шайбани
3. ХVІ ғ. Қазақ хандығында билік жүргізген Жәнібек ханның ұрпақтарын атаңыз:
А) Бұрындық, Мамаш, Бұйдаш
Ә) Қасым, Мамаш, Хақназар
Б) Бұрындық, Шығай, Тәуекел
4. 1598 ж. қазақ ханы Тәуекел мен Бұхар ханы ІІ Абдоллах қайтыс болып, соғыс жүріп жатқан екі тарап бейбіт бітімге келді. Осы кезде Мәуереннахрда билікке келген әулетті атаңыз:
А) Аштархани әулеті
Ә) Темір әулеті
Б) Шағатай әулеті
5. Хронологиялық реттеу жасаңыз: 1. Бұрындық хан биліктен кетті 2. Қасым хан Сарайшықта дүние салды 3. Тұрсын хан Ташкентте таққа отырды 4. Тәуекел ханның Мәуереннахрға жорығы болды 5. Орбұлақ шайқасы болды
А) 1, 2, 3, 4, 5
Ә) 1, 2, 4, 3, 5
Б) 1, 3, 2, 4, 5
ІІ. Ашық тапсырма.
1. «Қазақ халқының хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді», - деп жазылған тарихи еңбек:
2. «Бұл ханның кезінде әлсіреген Қазақ хандығы қайта еңсесін көтеріп, күш-қуаты артты. Батыстағы ноғайларға бірнеше рет жорық жасап, олардың біразын Қазақ хандығына қосып алды. Сол кездегі ресми құжаттарда ол өзін қазақ пен ноғайдың ханы деп атады». Сөз болып отырған Қазақ хандығының биелушісін айтыңыз:

3.«Қазақ хандығында осы билеушілердің тұсында дәстүрлі әдет-ғұрыптық заңдар жүйеленіп, біртұтас ортақ заңға айналдырылды». Қазақ хандығында заңдар шығарумен есімдері қалған хандарды атаңыз:
4. «Ол аса батыр, ержүрек болды. Ол өмірінің көп бөлігін ат үстінде түспей, жоңғарларға қарсы күреспен өткізді. Сондықтан оны «салқам» (айбатты) деп атады». Әңгіме кім хан туралы болып жатыр:
5. Тәуекел хан «Бұхар хандығымен соғысу үшін» жіберген елшіліктері арқылы «от қару» сұрады. Қай мемлекеттен?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет