Шағатай дәуірінде жазылған сөздіктердің зерттелуі түйін



бет1/4
Дата13.03.2023
өлшемі32,79 Kb.
#73847
  1   2   3   4
Байланысты:
thesis146347


Ақжарқын Т. Абуова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Халықаралық қатынастар факультеті,
Түркітану кафедрасының доценті, PhD-докторы
ШАҒАТАЙ ДӘУІРІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДІКТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Түйін: Орта Азия түркі тілдерінің екінші кезеңін құрайтын Шағатай тілі, шығыс түркі тілдерінің ХV-ші ғасырдан ХХ-шы ғасырдың алғашқы жылдарына дейін қолданылған жазба тілі болды. Әлішер Науаи қайтыс болғаннан кейін, әдетте оның шығармаларын түсіну үшін, Ислам әлемінің түкпір-түкпірінен көптеген сөздіктер жазыла бастады. Шағатай сөздіктері Орта Азия, Иран, Үндістан және Анадолы қазіргі Түркия жерлерінде жазылды. Сондай-ақ шағатай тілі – түркі лексикографиясының мектебін қалыптастырды. Бұл мақалада шағатай дәуірінде жазылған сөздіктер мен зерттеулері қарастырылды.
Кілт сөз: шағатай тілі, шағатай дәуірінде жазылған сөздіктер, Әлішер Науаи, лексикография


Abstract: Chagatai language, the second period of the Middle Asia Turkic language, is a writing language that the Eastern Turks continue to use from the beginning of the 15th century until the beginning of the 20th century. After Nevayi's death, various dictionaries began to be written on every corner of the world of Islam, so that his works could easily be read. These dictionaries, written mostly in the Ottoman Empire, Iran, Azerbaijan, India or Turkestan and having a great value for the history of Turkish language development
have created a lexicographical schools. In this study, are given mainly Chagatai language
dictionaries and studies on them.
Keywords: Chagatai language, Chagatai language Dictionaries, Nevayi, Lexicography.

Қазіргі кезеңде шағатай тілі мәселесіне қатысты тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Дегенмен мәдениеттің дерегі ретінде шағатай тілі әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Шағатай тілінің зерттелуінен бұрын ол тілді оқыту, үйрету мəселесі жоғары тұр. Себебі тіл лингвистикалық тұрғыдан зерттеу нəтижелері біршама белгілі, бірақ бұл зерттеулер қорытындылары тілді үйренуге беретін көмегі қаншалықты деген сұрақ туындайды. Ал аталмыш тілді оқи білу, тарихшылар үшін, оның ішінде түркітанушылар, қазақ тарихын зерттеушілер үшін аса маңызды. Мысалы, ежелгі, тіпті ортағырларлық түркі тілінде жазылған шығармаларды зерттеген түріктанушылардың сол тілдерге берген бағаларына мəн бертетін болсақ, олар түркі, оның ішінде шағатай тілінде жазылған еңбектерге жеке-жеке тарихи жәдігерлер сияқты қараған. Яғни араб графикасында жазылған мәтіндерді оқитын ғалым-мамандар бір шығарманың екінші көшірме нұсқасы екенін ажыратпастан оны сол кезеңде жазылған бөлек бір шығарма ретінде қарағандарын да айтады. Мысалы, өз заманның шағатай тілінің маманы түркітанушы П.М. Мелиоранский зерттеуші ретіндегі өзіне берген бағасына байланысты В.В. Бартольдтың: «зная тюркские языки и преподавав, он себя чувствовал не историком и не лингвистом, а именно исследователем литературных памятников» - деген пікірі, шағатай тілін зерттеу тəселдерін белгілі бір жүйеге келтіру, біршама анықталған жұмыстардың бірі болса керек [1, 2].


Бүгінгі таңда түркі халықтарының, түркітану ғылымның алдында зерттелуге тиісті көптеген мәселелер бар. Солардың бірі, шағатай дәуірінде жазылған сөздіктер және олардың зерттелуін атап айтуға болады. Әрине шағатай кезеңінде жазылған сөздіктер еліміздің рухани жаңғыруына да негіз бола алады. Себебі егемен ел болғалы қазақ тіл лексикографиясының өзге тілдер арасындағы және өзінің тарихи жәдігерлеріне арналған сөздіктермен толығуы өте бәсең. Шағатай дәуіріндегі сөздіктерді зерттеу үшін әрине, ең алдымен тарихына, тіліне, әдебиетіне көз жүгіртуіміз керек.
Шағатай дәуіріндегі жазылған сөздіктердің түркі тілдерінің дамуына үлкен үлес қосты. Шағатай сөздіктері Орта Азия, Иран, Үндістан және Анадолы қазіргі Түркия жерлерінде жазылды [3]. Әзірбайжан тумасы, атақты түрік ғалымы Ахмет Джафероғлу өзінің «Түрік тілінің тарихы» атты монагрфиясында: «Шағатай тілі – түркі лексикографиясының мектебі» - деп айрықша атап көрсетті [4; 4: 220].
Аталмыш еңбегінде Ахмет Джафероғлу шағатай сөздіктерідің лексика-семантикалық ерекшеліктерін төмендегідей атап көрсетеді:
- әр сөздің өз мағынасынан тыс, түрлі шағатай ақындарының стилдік ерекшеліктері мен мағыналары көрсетіледі;
- салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылады;
- араб және парсы көздерін қолданбауға тырысады;
- кейбір кездерде “түрік, әзірбайжан және түркімен тілдерінен де мысалдар келтіріп отырған.
Сонымен қатар, Ахмет Джафероғлу эстетикалық тұрғыдан да «шағатай сөздіктерінің ең салмақты бөлігінің Мір Әлішер Науаидың өлең мен сөз ұстасы,» -  құрайтынын айрықша атап көрсеткен [1: 220-224].
Түркі тілдерінің лексикографиясының дамуы мен осы саланың ғылыми айналымына негіз болатын тарихи жәдігерлердің сөз байлығын анықтауда шағатай кезеңінде жазылған шығармалардың және оның ішінде айрықша жоғарыда атап өткендей Мір Әлішер Науаидың шығармаларының алар орны ерекше.
Шағатай дәуірінде прозалық, поэзиялық шығармалар және ғылыми еңбектер мен қатар сөздіктер де жазылған. Әсірісе түркі тілдерінің тарихында айрықша маңызы бар түркі сөздіктері шағатай дәуірінде көптеп құрастырылды. Қазіргі кезге дейін анықталып, ғалымдар тарапынан ғылыми айналымға түскен шағатай сөздіктері мыналар: Abuşka Lügati, Bedâiü'l-Bidâye, Fazlullah Han Lügati, Kitāb-ı Zebān-i Türki, Senglah, Hulâse-i Abbasî, Et-tamga-yı Nasirî, Feth-Ali Kacar Lügati, Şeyh Süleyman Efendi Lügati, Üss-i Lisan-ı Türkī, Hoca Emir Han Lüğati, Elfaz-ı Celiyye Fi Beyanı Lügati’t-Türkī және т.б. [4: 220-224]. Енді осы сөздіктер туралы зерттеген ғалымдардың ақпараттық мәліметтеріне қысқаша шолу жасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет