Әдебиеттер
1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. -Алматы, «Қазақстан», 1988. -400 б.
6. Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1969. -201 б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, -«Ана тілі», 1993. - 243 б.
8. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. –А: «Мектеп», 1987. -124 б.
Тақырыбы: 12. «Бұрынғы латынның» тағылымы жəне оның жазылудағы ерекшеліктері
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:
Әліпби жобаларының бағыттары мен ұстанымдары. Миссионерлік бағыт: Н.И. Ильминскийдің жобасы, В.В.Катаринскийдің жобасы, А.Е.Алекторовтың жобасы туралы; Ағартушылық бағыт: Ы.Алтынсариннің жобасы, Ұлттық бағыт және қазақ жазуы; Латын графикасына байланысты алғашқы жобалар (1924—30 жж.). Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Мырзаұлы, Ә. Байділдаұлы, Телжан Шонанұлы жобалары; Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы туралы;Миссионерлік бағыт : Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.
Н.И. Ильминскийдің жобасы:
Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.
Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу» [4].
Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді. Сол кезеңдегі әліпби мәселесін қозғаған жиындарда түркі тілдес халықтар тіліндегі төл дыбыстарды бейнелейтін қосымша әріптер жөнінде айтыс-тартыстар да болады. 1976 жылы 29 сәуірде Қазан университетініңжанындағы археология, тарих, этнография қоғамының мәжілісінде орыс әліпбиі араб әліпбиіне қарағанда осы күйінде де қазақ тіліне жарайды деп шешілген болатын.
В.В.Катаринскийдің жобасы: 1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды: а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш .Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері Ресей отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың 31 наурызында Ресей патшалығының өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін 1910 жылы маусымда Санкт-Петербург қаласында өткен кеңесте "орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын", деген қаулы қабылданған болатын .
Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ — қазақ тілінің дыбыс жүйесін беруде араб жазуының мүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтан, рухани мұрамыздан қол үзбеу үшін әліпбиді түбегейлі реформалауға қарсы тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды.
А.Е.Алекторовтың жобасы: 1892 жылы А.Е.Алекторовтың «Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А.Е.Алекторов орыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады: а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегі а-ә, о-ө, ы-і жұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды.
Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқ ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ë тәрізді дыбыстар да алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами – идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова – самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста».
Достарыңызбен бөлісу: |