Қазақ жазуының тарихы Алтын емес, балаларға одан да қымбаттырақ дуниені қалдырып бара жатырмын



жүктеу 83.96 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.12.2016
өлшемі83.96 Kb.

Қазақ жазуының тарихы 

Алтын емес, балаларға одан да қымбаттырақ 

дуниені қалдырып бара жатырмын. 

Сократ 

Қ а з а қ сахарасын қоныс-

танған қазақ елі күні кешегі 

орыс әліппесін арқау еткенге дейін 

үш жазуды қолданып келді. Олар 

- ескі Таластан Орхон-Енисей 

бойына тараған Орхон (І-ІХ ғ.), 

соғдылықтар арқылы жеткен ұйғыр 

(ІХ-ХV ғ.) және араб әрпімен жет-

кен жазулар (ХІ\/-ХХ). Бұл тарихи 

дәуірлерде Қазақстан өлкесін ме-

кен еткен әкімшіліктердің өзгеріп 

отырғандығынан болса керек. Түркі 

қағанатынан кейін мұнда ұлыстарды 

біріктіріп, жеке-жеке билік құрған ел-

дер - қыпшақтар (қыпшақ хандығы, 

VІІІ-ХІ ғғ.), Қаңлы ордасы, Найман 

хандығы, Керейт (керей) хандығы, 

Қарлық хандығы, Қарахан хандығы, 

Монғол дәуірінен кейін Өзбек, Қазақ 

қауымдары. 

Міне, осы айтқан әкімшілік 

орындарының әрқайсысы өз 

дәуірінде жоғарыда көрсетілген 

үш жазуды еркін түрде қолданып 

отырған. Жазуды сол кездегі 

тәртіп бойынша теріге, киізге («киіз 

кітап»), ағашқа, сүйекке, темірге, 

кірпішке, тасқа түсірген. Осын-

дай жазулардың Қазақстанның 

тау-тастарында тізбектеліп тұруы 

соның айқын дәлелі. Кейде ел 

басқарған адамдардың аттары құм 

тасқа әдемілеп ойып жазылған. 

Мәселен, Кенелі тауындағы та-

старда (Тоқырауын өзені) араб 

әрпімен жазылған Жошы хан, не 

оның үлкен ұлы Ержен-Қаан атта-

ры кездеседі. Орталық Қазақстан 

өлкесін қоныстанған тайпалар 

қолданатын жазудың бұл түрін 

Жувейни де, Рашидеддин де, 

әрине келтірмейді. Балқаштың 

теріскейіндегі Тоқырауын өзенінің 

бойы XIII ғ. басында Жошының 

құлан қуып ойнақ салған жері. Осы 

арада әкесін аң аулауға шақырып, 

Құлан-ойнақ даласында қыпшақ 

елінің атақты тұлпарларының ішінен 

таңдап мың боз ат, мың қара ат тар-

ту етеді (Рашидеддин) Жошының 

қасында қыпшақ, үйсін, арғын, қаңлы 

елінің арабша жазатын серілері, 

бітікшілері, абыздары аз болмаған. 

Орхон, ұйғыр жазуын көп заман 

бойы қолданған елдер - оғыздар, 

қыпшақтар, наймандар, керейлер, 

меркіттер, оңгіттер (уақ тайпасы). 

Бергі кезде олар қазақ ұлысына 

қосылады. Көп ғалымдардың 

зерттеуінше ол тайпалардың ілгеріге 

ұмтылуға басқан ізгі мақсаттарын 

тасқа түсірген. Олардың мекен-

деген жері Оңтүстік Алтай, Ор-

хон бойы, Селеңгі өзенінің бас 

жағы, Гоби даласы (Еника, Му-

раяма, С.В.Киселев, Пигулевская). 

Басқа да бір топ ғалымдардың 

бақылауынша руна (Орхон) 

жазуының шыққан жерлері - Жетісу 

өлкесі, Шу, Іле, Ыстық көл, Талас 

өңірі. Орхон жазуын бұл өлкеде ең 

алғаш мәдениет дүниесінің үлесіне 

Әлкей Марғұлан, 

қазақтың ғұлама ғалымы 

Қазақ сахарасын 

қоныстанган қазақ ... елі 

күні кешегі орыс әліппесін 

арқау еткенге дейін үш жа-

зуды қолданып келді. Олар -

ескі Таластан Орхон-Енисей 

бойына тараған Орхон 

(I-IXғ.), соғдылықтар 

арқылы жеткен ұйғыр 

(IX-XVғ.) және араб 

әрпімен жеткен жазулар 

(XIV-XX). 


айналдырған елдер - ғұндар, 

үйсіндер, қаңлылар. Олардың 

Жетісудан Бұхар хандығымен 

хат жазысып отырғаны қытай 

тарихында әлденеше рет 

кезігеді (Н.Я.Бичурин). Ол 

жазу түрік қағанатынан бұрын 

дүниеге келгенін Авел Ремю-

за, Пельс, П.М. Мелиоран-

ский, С.Е.Малов, С.В.Киселев, 

А.М.Щербак дәлелдеп берген. 

Ортөс, Дунхуан, Гоби дала-

сы, Ертіс бойы, Жетісу, Дунай 

өзенінің бойындағы руналық 

таңбалары әлі жарыққа шыққан 

жоқ. 


Біздің аяулы ғалымдарымыз 

А.Н. Кононов, А.М. Щербактың 

зерделі зерттеулері бойын-

ша ғұндар жазып қалдырған 

рунаның әдемі текстері 

Солтүстік Кавказда, Қырымда, 

Әзірбайжан өлкесінде де сақталған. Бұл 

жазудың шығуын, өркендеуін зерттеу тари-

хы үшін табылмайтын ұлы қазына. 

Гун дәуірінде тасқа қашалған бірнеше 

тас жазулар Қазақстанда кездеседі. Бәрінің 

де жазу әдісі, үлгісі Орхон жазуымен бірдей. 

Олардың бір тобы Орталық Қазақстандағы 

Жаңаарқа ауданына қарасты Қалмақ 

қырған тауының оңтүстік бүйірінде жалпақ 

қара тастың бетін бүтіндей алып жатыр. 

Сонымен қатар тасқа қиып түсірілген 

керуеннің суреті бар. Екінші көп жазу Елек 

өзенінің бас жағында жерді қазып жатқанда 

табылған («Казахстанская правда»). Тап 

соған ұқсас бір топ жазу сол Елек өзенінің 

аяққы ағысында да бар. Өте өкініштісі ол 

жазуларды жақсылап тексеріп оқып шыққан 

кісі жоқ. Бұл мәдениет жұмысына салғырт 

қараудың бір түрі. 

Орхон жазуын жақсы меңгерген елдер 

оғыз бен қыпшақтар, ертедегі наймандар, 

керейлер. «Моюн-Чур» деп аталған бір тас 

жазудың көрсетуінше «Қыпшақтар түрік 

елін елу жыл басқарып отырған»: (Г.И. 

Рамситедт, С.Е. Малов, Памятник древне-

тюркской письменности Монголии и Кирги-

зии, 1959, стр. 34-38). Бұлардың барлығы, 

Күнге, Айға, Жұлдызға, көкке табынатын 

елдер болған соң, тасқа қиып түсірген жазу-

лары мен жазбасы қатар жүреді. Олардың 

тастағы жазуында айтатыны «Көк тәңіріде 

болдым», «елімді беш қатар тізілттім», 

«ел, алыбымын». «Ертіс», «Қазылық көлі», 

«Қара-Жоталық» деген жер аттары кезігеді. 

Бұл сөздердің көбі осы күнге дейін қазақ 

тілінде ұшырасады. Орхон жазуының 

Қазақстанда көп жолығатын жері Ертістің 

бас жағы, Жетісу, Талас өзендерінің бойы. 

Өткен ғасырдан бүгінгі біздің дәуірімізге 

дейін табылған тас жазуларға арнап талай 

ғылыми монографиялар жазуға болады. 

Бірақ ешкім назар салмағандықтан олар 

белгісіз жатыр. Сібір мен Қырғызстанда 

табылған тас жазулар сияқты зер салса 

ғой шіркін. Өткен ғасырда Ертіс бойының 

жазуларының үлгісін түсірген инже-

нер Г.И. Спасскийдің жинақтары да сол 

қалпында зерттелмей келеді. Тіл тарихын 

зерттеуші Қазақстан ғалымдары да аз 

еңбек сіңірген жоқ. Олардың табыстарының 

ең әдемісі Орхон жазуларының бірталай 

үлгісін - Сырдария бойында бұзылып 

жатқан Артық-Ата қаласының ішінен, 

Жетісудағы Кеген ауданында мүсін тасқа 

қиып түсірген таңбаларды зерттеуі. Ондай 

жазулардың көбірек кезігетін жері Орталық 

Қазақстандағы Ұлытау даласы. 

Орта ғасырлардағы жергілікті жазушы-

лардың айтуынша, ол кездегі қазақтар 

мекендеген Сыр бойындағы, Таластағы 

қалаларда, қыстақтарда - мектептер, ме-

дреселер болған. Олар негізінен араб жа-

зуын үйренуге ден қойған. Ол кездегі араб 

жазуын үйрететін үлгілі мектептер Таш-

кентте, Түркістанда, Сауранда, Сығанақта, 

Отырарда, Сайрамда, Шымкентте, Созақта 



Г

ун дәуірінде тасқа 

қашалған бірнеше тас 

жазулар Қазақстанда 

кездеседі. Бәрінің 

де жазу әдісі, үлгісі 

Орхон жазуымен 

бірдей. Олардың 

бір тобы Орталық 

Қазақстандағы 

Жаңаарқа ауданына 

қарасты Қалмақ қырған 

тауының оңтүстік 

бүйірінде жалпақ қара 

тастың бетін бүтіндей 

алып жатыр. 

ашылған. Бұл медреселерді ашуға Қожа 

Ахмет Ясауидің ұрпақтары - Жұм Ахмет 

Ясауи, Ғамал Хажы, Хож Ахмед ибн Ах-

мед Шашти, Мухаммед Бабаи (Баба-Ата) 

Абутараб Бахши, Абу Язит Бестами, Гузи 

ора Маргушы (Маргуба) үлкен себеп-

кер болған. Бұлардың барлығы Ясауидің 

адамгершілік, шындық, әділет сөздерін 

қадірлеп, бар өмірін білім дүние тануға, 

жұмсаған ғалымдар, халыкты надандықта 

қалдырмай, ілгері бастыруға ұмтылған 

адамдар. 

Қожа Ахмет Ясауидің өз ұрпақтары 

салдырған мешіт, медресе, мектептері 

олардың ата-бабалары ерте кезден қоныс 

тепкен Түркістанда, Сайрамда, Баба-

Атада, «Шашты ордасында» болған (Хожа 

Ахмед ибн Ахмед Шашти). 

Бұл Баба-Ата мен Шашти орда-

сы Қаратаудың солтүстігіндегі Құмкент 

қаласымен қатарлас орналасқан. Олардың 

тарихи мазмұны халық аузында аңыз 

ретінде айтылады. «Шашті әзіздің» 

даңқы Құмкентпен қатар айтылады. 

Архитектуралық сәулеті Қара хан үлгісімен 

жасалған. Бірақ ұлы құрылыс алда қайда 

бұзылған. Оның сарайларының алдын-

да орманның түбірі сақталған. Балтамен 

шауып түсірген түбірлерінің сорабы әлі 

күнге дейін сақталып қалған. Ұзындығы 

бір шақырым жерге дейін созылып жа-

тыр. Оның маңындағы хаузені бұзған, оған 

суды көзе сауытпен Қаратаудың көлінен 

әкеп, ағаштарды суарып отырған. Көне сөз 

бойынша Шашті әзіз осы көлдің ішінде бір 

әулие қызбен сауық құрып ұрпақ тарайды. 

Шашті әзіздің бір ортасы Баба-Ата. 

Бұл Шаштіге халық қойған аты болу керек. 

Қарахан дәуірінде жасалған Баба-Атаның 

ұлы мұрасы осында. Барлығы күйдірген 

кірпіштен салынған. Оның әдемі құрылған 

архитектурасы көзге алыстан елестейді. 

Ең бастысы - ол білімнің, ой-сананың 

ордасы. Бала оқытуға үлкен мән беріп, оны 

тәрбиелі, білімді, әділетті болуға баулыған. 

Баба-Ата шын мағынасында үлкен ғылым 

ордасы, көп білім беретін жер. Одан талай 

білімпаз адамдар шыққан. Мектебі ора-

сан үлкен. 500 бала оқиды, олардың білімі 

үлкен қалаларда оқитын балалардан кем 

болмаған, әрбір екі балаға бір жатақ орын 

берілген. Бір таңсық нәрсе мектептің астын-

да көне заманнан тығылып жатқан кітаптар 

кездескен. «Баба-Ата» совхозының дирек-

торы ол кітапты жақсылап жинап, тегісімен 

Қазақстан Ғылым академиясының 

кітапханасына тапсырды. Ол кітаптар әлі 

тексеріле қоймаған, онда қандай әдебиет 

кітап бары белгісіз. 

Осы Баба-Атаның мектебі сияқты аты-

шулы білім беретін мектеп Қаратаудың 

екі жақ бөктерінде мейлінше көп болған. 

Әсіресе Шаянда, Шәуілдірде, Созақта жиі 

кездеседі. 

XIX ғасырдың бірінші жартысында 

ағаштан құрап салынған үлкен медресе 

Құнанбайдың Қарқаралыны көркейткен 

мешіті (1846). Ол әлі күнге дейін бұзылмай, 

сол күйінде сақталған. Сондай бір ағаш 

мектепті Шыңғыс Уәлиханов Сырым-

бет аулында тұрғызған. XIX ғасырдағы 

жақсы мешіттің бірі Баянауыл мектебі, 

оның оқытушысы Қамаридден, артынан 

көп шәкірт қалдырған, соның бірі Машһүр 

Жүсіп. Торғай бойындағы атақты медре-

се Дулығалы өзенінің бойында күйдірген 

кірпіштен тұрғызып отырған. Оны жасау-

шы архитектор Талпаң деген. Дулығалы 

мектебін бірінші рет Ыбырай Алтынсарин 

көргенде қатты қуанышқа бөленіп, білім 

алудың жарқын жолы деп түсінген. 

Көп зерттеушілердің бақылауынша 

бұрынғы ауыл мектебінің саны қаламен 

қатарласып отырады. Қазақтардың бала 

оқытудағы тілегі көбінесе шаруашылықпен 

байланысты. Ол, әсіресе, сауда ісіне, 

мал санауға, сый тартуға, достармен хат 

жазысуға керек болған. Россия патша-

сы Федор Ивановичқа қазақ хандығының 

бірінші ұлы хаты XVI ғ. соңында жазылған. 



Орта Азиямен, Қытаймен сауда 

жүргізуде араб әліппесінің ролі күшті 

болған. Оның көп тараған жері Сырдария 

бойы, Орталық Қазақстан, Жетісу, Арал, 

Каспий теңізінің жағасы, Маңғыстау. Мұнда 

мұнаралап көтерілген үңгір сарайының іші 

толған жазу, сауда сөздері атақты бектердің 

аттары. 


Хиуадағы сияқты ұлы мәдениет 

мұнаралары Сырдарияның бойында 

көп кездеседі. Мұның мәдениет үлгілері 

Хиуадан кем болмаған, бірақ бүтіндей 

қиратылып, үгіліп біткен. Сырдарияның 

өткен мұраларын еске түсіретін атақты 

ғұламалар - Түркістани, Сұнақ-Ата, Таш-

кенди, Мухаммед-баба, Жамал Қарши 

Ғұлама ойшылдармен қатар Сырдарияның 

көп қалаларында аты шулы асқан ақындар 

көп болған. Соның бірі - Барчынкентте 

тұратын Хисамеддин. Ол кітапты үш тілде 

- араб, парсы, түркі тілінде жазған. 

Аса дарынды қыпшақ ақыны Рабугузи. 

Өзінің эпиграфында естуге жақсы болу 

үшін «Рабугузи» деп қойдым дейді. Де-

мек, ол Сыр бойындағы рабатта тұратын 

оғыздардың қазысы - Бурханеддин ұлы 

Насреддин Тақбуқа. Кейбір зерттеушілер 

бұл Рабугузиды монғолдан қалған деп 

көрсеткен, онысы Дешті-Қыпшақ болуы 

керек. Көрушілердің байқауынша Рабугузи 

биік бойлы, ойшыл ғұламалардың асқаны. 

Өзі бектер қауымынан (С.Е. Малов. Памят-

ники древнетюркской письменности. Стр. 

323, 322). Бұл Насреддин Тақбуқа (Рабгугу-

зи) Кутб ақынның Хусрау-Шырын жырында 

кездесетін қыпшақ Тақбуқаға жақын, бірақ 

ол Алтынбука деп атаған еді. Алтынбука 

ерді ғалым, өзі хақында деп бейнелейді. 

Өзі туралы айтқан кезінде Кутб; Атан-

мыш атағыма Кутб Хожа Хақ аны қылсын 

деһан - Хожа оқысаң ұнатма дұғаден, Мен 

біттім абы хатасын бақыл. Бу захмат чек 

ім білгейсін оқып. Атағыма «Берикне» теп 

ангақ. Өзім мүмін, өзім едім, асысылым 

қысақ» дейді. Демек, бұл екеуі де қыпшақ 

тілінде жазатын ойшылдар, тілі қазақ 

тілімен тектес. «Тарих жеті жүз сексен бет-

те фар айының ігірім бетінде...» деп жазған. 

Бір тамаша жері «Таңіріге бағынуда» Кутб 

«ұғаным» деп - «Оған рахмет қылсын» 

дейді. Кутбтың Хусрау-Шырын жырындағы 

барлық аңыздар, хикаялар тегіс қазақ 

жерін көрсетеді. Сондықтан мұны оқушы 

қазақтар да аз болмаған. Сырдария бойын-

да жасаған атақты ақын Югнеки шығарған 

«Әлебпетул Хақайық» сөзі де Кутб жазула-

рымен бірдей. 

Орта ғасырлардағы ғұламалар, ел ау-

зына ілінген атақты ойшылдар назардан 

тыс қалмаған. Қазақ тарихын бірінші рет 

қозғап, оның негізгі мәселелеріне ерек-

ше көңіл қоюшылар - Мухаммед Хайдар, 

қыпшақ Өтеміш хажы, Мұхаммед Салих 

Қара-Қожа ұғлы (Тарих Рашида Ташкент). 

Татар халқының ұлы ғалымы Мар-

жани кітаптары Татарстанда, Башкирия-

да, Қазақстанда кеңінен таралды. Оның 

ішіндегі көзге ерекше түсетіні - «Малике 

кітабы», «Юсуф-Зулейха» (Қорқыт ара-

ласып жүреді), «Боз жігіт», «Бозоглан», 

«Таир-Зуре», «Наурзбейтлерн», «Жар-

жар» (Мустафа-әл-Ахбар). Бұларды қазақ 

ауылы да оқыған. Ондай кітаптарды 

жоғалтпай, қадағалап сақтаудың бір куәсі 

- күміс сандық (Ш.Уәлиханов). Оны бүгінгі 

ұрпақтардың мұрасы етіп сақтап жеткізген 

кісі Әз Жәнібек және баласы Қасым. 

Немересі Шығай. Шығайдың баласы 

Тәуекел хан, оның немересі болған бүгінгі 

ұрпаққа жеткізген. 

Қазақтың ең бай кітапханасына сол 

кезде Мәскеуде тұратын Оразмұхамет 

ие болған. Ол кітаптар екі жүз жыл бойы 

патшаның архивінде сақталып келіп, 

1725 жылы Россияда ғылыми акаде-

мия құрылған кезінде сандықты, барлық 

кітапхананы академияның музейіне тап-

сырады. Бірақ зерттеушілердің жоба-

лауынша көпшілігі татар тіліндегі кітап 

ретінде берілген. Ал Сайран қаласында 



Аса дарынды 

қыпшақ ақыны Ра-

бугузи. Өзінің эпигра-

фында естуге жақсы 

болу үшін «Рабугузи» 

деп қойдым дейді. Де-

мек, ол Сыр бойындағы 

рабатта тұратын 

оғыздардың қазысы 

— Бурханеддин ұлы 

Насреддин Тақбуқа. 

Кейбір зерттеушілер 

бұл Рабугузиды 

монғолдан қалған 

деп көрсеткен, онысы 

Дешті- Қыпшақ 

болу керек. 

Шығай мен Тәуекел хан Бұхардағы Аб-

дулла арқылы көп жазбаларды өзіне 

жинаған. Шығай халықты білімге баулыған. 

Жамал Қарши, Әбдіразақ Самарханди, 

Мұхаммед Хайдар, Хан Темір және басқа 

ойшылдардың сөзіне қарағанда Сауранда 

кітапхана болған. Есім хан қазақ заңының 

ескі сұлбаларын жинап жаңа қорытынды 

шығарып тасқа бастырған. «Есім ханның 

ескі жолы» атты қолжазба қазір Стамбулда 

сақтаулы. «Жеті жарғының» жинақталған 

нұсқасы Тәуке ханның қолында болған. 

Ол ескі жарғыға жаңадан тараулар қосып, 

жаңалыктар енгізеді. Жеті жарғының жа-

салуы барысына қазақтың барлық билері 

ат салысады. Ол кейіндері Абылай мен 

оның баласы Уәлиханда сақталған. Темір 

ұрпақтары пайдаланылған «Шежіре турук», 

«Ақсақ құлан жишақ», «Төрт ұлыс - Алтын 

орда, Шағатай», «Хулагу», Абылайдың 

ұрпақтары Жәңгір ханда сақталған. Жәңгір 

кейін Қазан университетінің құрметті 

профессоры болған. Сол кітаптардың 

ішінде оғыз қыпшақ даласын аралаған 

Казвинидің қолжазбаларынан үзінді 

келтіреді. Ал Қадырғали Жалайридің орта 

ғасырдағы қазақ тайпалары туралы еңбегі 

Рашидеддинді пайдалана отырып Қарахан 

мен Оғызханның замандарын зерттеген. 

Ортау, Кертау, Қарақұмды мекендеген ел 

жайлы «Оғызнама хикаясында» әдемі су-

реттелген. Қадырғалидің ең дәйекті тұсы 

да сонда. Ол мәліметтерін қазақтың би-

сұлтандарымен әңгімелесіп отырып қазақ 

тұрмысы туралы кең мағлұмат береді. 

Қазақ халқының атақты шешені Майқы 

бидің сөздері де кең сахараға кітап сөзіндей 

тараған. Оның зираты Самарқанда. Үлкен 

қақпа тұсында 98 жазуы бар. Жошы мен 

Майқы бидің кезінде ел іргесі тыныш 

болған. Алты ұлысқа бөлінген. Жошы 

ханның өліміне арналған кітап жан-жағынан 

да құнды. Онда Шыңғыстан кейінгі билік 

тарихы барынша дәл көрсетіледі. Сондай-

ақ «Ақ табан шұбырындыдағы», «Қоңырат 

Божбан Сағырбай хикаясы» да мәліметі 

мол, тарихи деректері дәйекті дүние. 

Өткен ғасыр қазақ халқы үшін рухани 

өсу дәуірінің басы болғаны белгілі. Сол 

тұстарда алғашқы көркем, дерект і ғылыми 

очерктің де көріне бастауы заңды құбылыс. 

Осы ретте Омбыдан қазақ мектебі ашылды. 

Оны салуға Шыңғыс Уәлиханов, Құнанбай 

Өскенбайұлы, Анайұлы Мұса, Тәттімбет, 

Барақ батыр қаржы жинақтады. Ол мек-

тепке К.К. Гутковский, Н.Ф.Костылецкий, 

И.Н. Березин сияқты орыс оқымыстылары 

кітап жиып, көп көмек көрсетті. Сол 

мектептің түлектері көкшетаулық Сәдуақас 

Жанайұлы, әнші Мұстафа Бүркітбайұлы, 

өскемендік Мұхамедқали Жамышев сияқты 

қаламы жүйрік публицистер өсіп шықты. 

Мұнда көркем новелланың толық сипат-

тары бар. Сәдуақас Анайұлының «Оқудан 

елге қайтқанда», Мұстафа Бүркітбаевтың 

«Қазақ әні», Мұқамедқалидің «Жол үстінде» 

шығармалары солардың таланттарының 

қуатын танытады. Міне, осылардан кейін 

барып бұлақ көзі ашылып, Шоқандар 

шықты. Арналы бұлақтың басы сонау 

көнеден басталады. Оған жоғарыдағы мы-

салдар дәлел. 



Өткен ғасыр қазақ 

халқы үшін рухани 

өсу дәуірінің басы 

болғаны белгілі. Сол 

тұстарда алғашқы 

көркем, деректі 

ғылыми очерктің 

де көріне бастауы 

заңды құбылыс. 

Осы ретте Омбы-

дан қазақ мектебі 

ашылды. Оны салуға 

Шыңғыс Уәлиханов, 

Құнанбай 

Өскенбайұлы, 

Анайұлы Мұса, 

Тәттімбет, Барақ 

батыр қаржы 

жинақтады. 

РЕЗЮМЕ 


Статья содержит интересные факты об истории казахской письменности. Автор дока­

зывает, что казахский народ пользовался тремя видами письменности: орхон, уйгур и араб­

ским алфавитами. В доказательство вышесказанному приводит убедительные примеры. 

SUMMARY 


This article includes interesting facts about the Kazakh scripture. The author decides that 

there were three scriptures: archon, uigur and Arabic alphabet, and show some patterns in 



article. 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Tarih
Kraeved -> Айтуынша, бес жылғы ізденістің жемісі. Ұлтымызда
Kraeved -> Қ азақ елінің тарихындағы Кеңестік кезең жұмбағы
Tarih -> Мәдени мұра нындағы «Босаға» совхозының жыл
Kraeved -> Төбелер біршама биік тау жоталармен жалғасқан тұстарда
Kraeved -> Өлкетану бөлімі
Kraeved -> Қанат жойқынбектегі жазушы Бірінші қатар
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Т.Әубәкіров — 6О-жаста Биыл қазақтың біртуар ұлы перзенті, тұңғыш ғарышкеріміз, сынақшы-ұшқыш
Kraeved -> А з а қ Ғ а р ы ш к е р І қ а р қ а р а л ы д а тоқтар туған жерінде болып, жерлестерімен жүздесті


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет