«Сұрауға бола ма, мынау қандай көше?»
«Кешірерсіз, поштаға қалай жетемін?»
Айта кететін жағдай, ‘Кешiрерсiз’ және ‘Кешiріңiз’ жүгінуде “сыпайылық морфемасы ” (-сiз, -ңiз) қатысады, жоғарыда атап өткендегідей тыңдаушыға сыпайы жүгінудің көрсеткіші болып табылады.
Ағылшын тіліндегі тұрмыстық қарым-қатынас жағдайында кеңінен таралған түрі болып жүгінудің нөлдік формасы болып табылады “Excuse me”, ол тыңдаушының есімін атамай және оған ешқандай сипаттама жасамай өзіне назарын аудартқызады:
«Excuse me, could you tell me the way to the post office, please?»
«Excuse me? Could you tell me the time, please?»
«Excuse me, may I ask you a question? Excuse me, can I pay here?»
Жүгінудің өзге номинативті түрлерімен жағдай басқаша белең алады. Ендеше бейресми қарым-қатынас кезінде қазақ тілінде жүгінудің келесідей түрлері болады, жолдас, достым, құрдас, қарындас, iнiшек, балам , жерлес, ағайын, әжесi, әжетай, апай, әкей, шеше, көршi.
Ерекше айта кететін жағдай, қазақ коммуникативті мәдениетінің ерекшелігі коммуникация процесі кезінде отбасы ішінде туыстық терминдер өте жиі қолданылады. Отбасының барлық мүшелері үшін, қанды және некемен байланысқанына қарай жүгінудің өзінің атауы болады, бір-біріне атын атап емес,туыстық байланыс атауымен жүгінсе болады: : құдаша – күйеу баланың немесе келіннің кенже қарындасы, балдыз – күйеу баланың келіннің кіші сіңлісіне, ағаларына жүгіну, қайын-бике – күйеудің немесе әйелдің үлкен әпкесі, абысын – екі ағайынның әйелдерінің бір-біріне жүгінуі және т.б. [5, 49]
Мұндай жағдайларда ағылшын тілінде жүгінудің келесідей түрлері қолданылады: fellow (құрдас), young man (жас адам), boy (бала), mate (құрдас), love (орыс тілінде тікелей сәйкестік жоқ, мүмкін нұсқа сұлуым), stranger (тікелей сәйкестік жоқ, бейтаныс деп аударылады) [8, 155].
Mate формасы тек ер кісінің ер кісіге жүгіну кезінде қолданылады; қазақ тілінде мұндай жағдайларда жолдас, достым, құрбым, құрдас формалары қолданылады :
«Hi, mate, how are you?»
«Sorry, can`t give you a lift, mate.»
Достарыңызбен бөлісу: |