КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты. Диплом жұмысы қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктерін салыстырып зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігіТіларалық қарым-қатынастың ұлғаюына байланысты тіл мамандары мен психологтар, мәдениеттану және әлеуметтік лингвистика мәселелерімен айналысушы ғалымдар ұлттар мен ұлыстардың арасындағы өзара байланыс пен әр этностың өзіндік белгілері мен сипаттарын зерттеуге әрекет жасауда. Кез келген ұлттың этно-мәдени ерекшеліктері коммуникация процесі және сөйлеу әрекетінде байқалатындықтан, қарым-қатынас феномені бірнеше пәннің ғылыми тұрғысынан қарастырылуда.